Accessibility links

Сіргелі қазақтары

Осыдан 50 жыл бұрын 1966 жылғы сәуірдің 26-сында Ташкент аймақ тарихындағы күшті жер сілкінісін бастан кешті. Тоғыз балдық зілзаладан қаланың орталық бөлігі түгелге жуық қирап қалды. Табиғи апат кезінде оншақты адам өліп, екі миллион шаршы метр тұрғынжай талқан болып, 300 мың тұрғын баспанадан айырылды. Өзбекстан астанасын қалпына келтіруге СССР-дің барлық республикалары қатысты. Сол кезеңде қайта салынған Ташкенттегі Сіргелі шағын ауданында негізінен этникалық қазақтар тұрып жатыр. Азаттықтың фототілшісі жуырда олардың тұрмыс-тіршілігін көріп қайтты.

XS
SM
MD
LG