Қаңтар оқиғасы кезінде Өскемен қаласында үш адам қаза тапқан. Үшеуіне де 5-сі күні оқ тиген. Туыстары оларды атқан адамдардың жазалануын талап етеді. Үш азаматтың ісімен айналысып жүрген адвокат күдіктілер әлі анықталмағанын, іс жөнді тергелмей жатқанын айтады.