Accessibility links

Израиль армиясының кезекті қарымта шабуылынан кейін құлаған ғимараттың қасында ашу-ызасын айтып тұрған адам. Газа қаласы, 11 қазан, 2023 жыл.
Израиль армиясының кезекті қарымта шабуылынан кейін құлаған ғимараттың қасында ашу-ызасын айтып тұрған адам. Газа қаласы, 11 қазан, 2023 жыл.

Газа секторындағы жалғыз электр станциясы сөндірілді

ХАМАС шабуылынан Израильде қаза тапқан адам саны 1300-ге жеткен. Газа секторындағы денсаулық сақтау министрілігі 1200 палестиндік мерт болды дейді. Екі жақтан 9 мыңнан астам адам жараланған. ХАМАС тобы Газа секторынан тұтқиыл шабуыл жасаған соң Израиль кейінгі 50 жылда алғаш рет соғыс жағдайына көшкенін ресми түрде жариялады.

07:54 12.10.2023

Израиль мен палестиналықтар неге қақтығыса береді?

Таяу Шығыстағы жерге еврейлер мен палестиналықтар қалай қоныстанды? Екі халықтың қақтығысына не түрткі болды? Бұл жерге Осман империясы мен Британияның қандай қатысы бар? Таяу Шығыста соғыс қайта тұтанған тұста тарихқа үңіліп, осы сауалдарға жауап іздеп көрдік.

Израиль мен палестиналықтар неге қақтығыса береді? Түсіндіреміз
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:54 0:00

19:35 11.10.2023

Нетаньяху мен оппозиция лидері Ганц "уақытша үкімет" құруға келісті

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху мен оппозициялық "Ұлттық бірлік" партиясының лидері Бенни Ганц қақтығыс уақытында "уақытша үкімет" құруға келісті. Бұл туралы Reuters хабарлады.

Нетаньяху мен Ганц 11 қазанда Тель-Авивте ЦАХАЛ-дың (Израильдің әскері) штаб-пәтерінде кездесіп, келісімге келген.

"Уақытша үкіметке" Нетаньяху, Ганц және қорғаныс министрі кіреді.

"Төтенше жағдай кезінде құрылған уақытша үкімет соғысқа қатысы жоқ бірде-бір заң жобасына қатысты шешім қабылдамайды" деп хабарлады ВВС.

17:49 11.10.2023

Газа секторындағы жалғыз электр станциясы жанармайдың жоқтығынан сөндірілді. Бұл туралы ХАМАС-қа қарайтын медиаға сілтеме жасап, Reuters агенттігі хабарлады.

Израиль ХАМАС қозғалысының шабуылынан кейін Газаны қоршап, электр, тамақ және су беруді тоқтатқан.

17:35 11.10.2023

Израиль-Газа соғысы. Қазірге дейін не белгілі?

  • Газа секторындағы денсаулық сақтау министрлігі сенбіден бері аймақта Израильдің шабуылынан 1055 адам қаза тауып, 5184 адам жараланды деп мәлімдеді. Кеше, 10 қазанда Газадағы билік қаза тапқандардың арасында 260 бала, 230 әйел, 8 медқызметкер, 8 журналист бар деген еді. БҰҰ-ның палестиналық босқындар агенттігі Газада 8 қызметкері опат болғанын хабарлады.
  • Израиль "ХАМАС-тың шабуылынан қаза тапқандар 1200 адамға жетті" деп мәлімдеді.
  • Газадағы билік аймақтағы жалғыз электр станциясында жанар-жағармай таусылады деп отыр. Осы аптаның басында Израиль Газа секторына электр, жанармай және су беруді тоқтатынын айтқан.
  • Израильдің әуе шабуылы жалғасып жатқан тұста Газа тұрғындарының көбі мектептерді, ауруханаларда бас сауғалап жатыр.
  • Израильдің солтүстігі мен оңтүстігінде әуе дабылы қағылды.
  • Израиль қорғаныс министрлігі Газа маңындағы шекараға қосымша күш апарғанын мәлімдеді. Израиль резервте тұрған 300 мың адамды әскерге шақыртты.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG