Accessibility links

Израиль армиясының кезекті қарымта шабуылынан кейін құлаған ғимараттың қасында ашу-ызасын айтып тұрған адам. Газа қаласы, 11 қазан, 2023 жыл.
Израиль армиясының кезекті қарымта шабуылынан кейін құлаған ғимараттың қасында ашу-ызасын айтып тұрған адам. Газа қаласы, 11 қазан, 2023 жыл.

Газа секторындағы жалғыз электр станциясы сөндірілді

ХАМАС шабуылынан Израильде қаза тапқан адам саны 1300-ге жеткен. Газа секторындағы денсаулық сақтау министрілігі 1200 палестиндік мерт болды дейді. Екі жақтан 9 мыңнан астам адам жараланған. ХАМАС тобы Газа секторынан тұтқиыл шабуыл жасаған соң Израиль кейінгі 50 жылда алғаш рет соғыс жағдайына көшкенін ресми түрде жариялады.

11:32 11.10.2023

NYT: Израиль шекараны қалай қорғай алмай, қапы қалғанын анықтады

ХАМАС тобының қарулы мүшелері Газа секторы мен Израильдің арасын бөліп тұрған шекара қоршауын бұзып жатыр. 7 қазан, 2023 жыл
ХАМАС тобының қарулы мүшелері Газа секторы мен Израильдің арасын бөліп тұрған шекара қоршауын бұзып жатыр. 7 қазан, 2023 жыл

Израиль сарапшылары ұлттық армиясы мен қауіпсіздік қызметіне ХАМАС радикал тобының ел аумағына басып кіруіне тосқауыл қоюға кедергі келтірген төрт себепті атады. Мұны Израиль үкіметіндегі дереккөздерге сүйеніп New York Times газеті хабарлады.

Газеттің жазуынша, бұл алдын ала тұжырым болғанымен, Израильдің мұндай шабуылға дайын болмай, қапы қалуына Израиль арнайы қызметінің ХАМАС радикалдарының байланыс желісін бақылаудағы қабілетсіздігі басты себептердің бірі болған. Олар шабуыл алдында ғана армия басшыларына ХАМАС байланыс желілерінде әдеттен тыс белсенділік байқалғанын ескертуге тырысқан, бірақ онысы елеусіз қалған.

Екінші себеп — Израиль Газа секторымен шекарадағы жағдайды бақылауда электроникаға шамадан тыс иек артқан. Кейінгі жылдары Газамен шекарада сарбаз саны азайып, орнына көптеген бақылау камерасы, сенсор құрылғылар мен қашықтан басқарылатын пулеметтер қойылған. Шабуыл алдында лаңкестер дронның көмегімен байланыс мұнараларын нысанаға алып, Израиль армиясын ол құралды қолдану мүмкіндігінен айырған, бұл оларға шекараның 30 тұсынан елеусіз өтіп кетуіне мүмкіндік берген.

Үшіншісі – Газа шекарасындағы дивизия жетекшілігін ХАМАС содырлары шабуылға кірісе сала басып алған бір базада орналастыру – әскери басшылық жіберген оперативтік қателік болды.

Төртіншісі — байланыс желіcін тыңдау кезінде ХАМАС басшыларының Израильге шабуыл жасау ниеті жоқ деген сөзін шындық деп қабылдап, иланып қалу. ХАМАС мүшелері олардың әңгімесі тыңдалатынын біліп, Израиль арнайы қызметін жаңылыстырған болуы әбден мүмкін.

12:23 11.10.2023

Израильде қаза тапқан адам саны 1200-ге, Палестинада — 950-ге жетті

Израиль армиясының кезекті қарымта шабуылынан кейін құлаған ғимараттың қасында ашу-ызасын айтып тұрған ер адам. Газа қаласы, 11 қазан, 2023 жыл.
Израиль армиясының кезекті қарымта шабуылынан кейін құлаған ғимараттың қасында ашу-ызасын айтып тұрған ер адам. Газа қаласы, 11 қазан, 2023 жыл.

ХАМАС шабуылынан Израильде 1200 адам қаза тапқан. Бұл туралы Израильдің хабар тарату корпорациясына кіретін "Кан" телеарнасы хабарлады. Бұған дейін Израиль қорғаныс армиясының жалпыұлттық радиостанциясы ("Галей ЦАХАЛ") құрбан болғандар бір мың адамға жетті деген.

Екі жақтан жиынтығы он мыңға жуық адам жараланған. ХАМАС шамамен жүзден астам адамды кепілде ұстап отыр дейді Израиль тарабы.

Газа секторындағы денсаулық сақтау министрілігің кейінгі дерегінше, сенбіден бері 950 палестиндік мерт болған. Олардың жартысына жуығы – әйелдер мен балалар, тағы 4500 адам жараланған.

Иордан өзенінің Батыс жағалуында 21 палестиндік қаза тауып, ондаған адам зардап шеккен.

13:43 11.10.2023

"Бірнеше рет көштім, тығылатын жер қалмады". Газадағы бойжеткеннің әңгімесі

Газада тұратын 22 жастағы журналист Пластия Алакад соғыс басталғалы бірнеше шабуылдан "әзер тірі қалғанын" айтады. ХАМАС шабуылынан соң Израиль Газа секторын атқылап жатыр. Қаза тапқан бейбіт тұрғын көп. Пластия зымыраннан қашып, үш рет қауіпсіз жерге көшкен. "Енді тығылатын жер қалмады" дейді ол. Бойжеткен шабуылдар кезінде қалай қорғанып жатқанын видеоға түсіріп, әлеуметтік желідегі парақшасына жариялаған.
"Тығылатын жер жоқ". Газада тұратын бойжеткеннің көргені
please wait

No media source currently available

0:00 0:04:11 0:00

17:35 11.10.2023

Израиль-Газа соғысы. Қазірге дейін не белгілі?

  • Газа секторындағы денсаулық сақтау министрлігі сенбіден бері аймақта Израильдің шабуылынан 1055 адам қаза тауып, 5184 адам жараланды деп мәлімдеді. Кеше, 10 қазанда Газадағы билік қаза тапқандардың арасында 260 бала, 230 әйел, 8 медқызметкер, 8 журналист бар деген еді. БҰҰ-ның палестиналық босқындар агенттігі Газада 8 қызметкері опат болғанын хабарлады.
  • Израиль "ХАМАС-тың шабуылынан қаза тапқандар 1200 адамға жетті" деп мәлімдеді.
  • Газадағы билік аймақтағы жалғыз электр станциясында жанар-жағармай таусылады деп отыр. Осы аптаның басында Израиль Газа секторына электр, жанармай және су беруді тоқтатынын айтқан.
  • Израильдің әуе шабуылы жалғасып жатқан тұста Газа тұрғындарының көбі мектептерді, ауруханаларда бас сауғалап жатыр.
  • Израильдің солтүстігі мен оңтүстігінде әуе дабылы қағылды.
  • Израиль қорғаныс министрлігі Газа маңындағы шекараға қосымша күш апарғанын мәлімдеді. Израиль резервте тұрған 300 мың адамды әскерге шақыртты.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG