Accessibility links

Израиль армиясының кезекті қарымта шабуылынан кейін құлаған ғимараттың қасында ашу-ызасын айтып тұрған адам. Газа қаласы, 11 қазан, 2023 жыл.
Израиль армиясының кезекті қарымта шабуылынан кейін құлаған ғимараттың қасында ашу-ызасын айтып тұрған адам. Газа қаласы, 11 қазан, 2023 жыл.

Газа секторындағы жалғыз электр станциясы сөндірілді

ХАМАС шабуылынан Израильде қаза тапқан адам саны 1300-ге жеткен. Газа секторындағы денсаулық сақтау министрілігі 1200 палестиндік мерт болды дейді. Екі жақтан 9 мыңнан астам адам жараланған. ХАМАС тобы Газа секторынан тұтқиыл шабуыл жасаған соң Израиль кейінгі 50 жылда алғаш рет соғыс жағдайына көшкенін ресми түрде жариялады.

17:49 11.10.2023

Газа секторындағы жалғыз электр станциясы жанармайдың жоқтығынан сөндірілді. Бұл туралы ХАМАС-қа қарайтын медиаға сілтеме жасап, Reuters агенттігі хабарлады.

Израиль ХАМАС қозғалысының шабуылынан кейін Газаны қоршап, электр, тамақ және су беруді тоқтатқан.

19:35 11.10.2023

Нетаньяху мен оппозиция лидері Ганц "уақытша үкімет" құруға келісті

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху мен оппозициялық "Ұлттық бірлік" партиясының лидері Бенни Ганц қақтығыс уақытында "уақытша үкімет" құруға келісті. Бұл туралы Reuters хабарлады.

Нетаньяху мен Ганц 11 қазанда Тель-Авивте ЦАХАЛ-дың (Израильдің әскері) штаб-пәтерінде кездесіп, келісімге келген.

"Уақытша үкіметке" Нетаньяху, Ганц және қорғаныс министрі кіреді.

"Төтенше жағдай кезінде құрылған уақытша үкімет соғысқа қатысы жоқ бірде-бір заң жобасына қатысты шешім қабылдамайды" деп хабарлады ВВС.

07:54 12.10.2023

Израиль мен палестиналықтар неге қақтығыса береді?

Таяу Шығыстағы жерге еврейлер мен палестиналықтар қалай қоныстанды? Екі халықтың қақтығысына не түрткі болды? Бұл жерге Осман империясы мен Британияның қандай қатысы бар? Таяу Шығыста соғыс қайта тұтанған тұста тарихқа үңіліп, осы сауалдарға жауап іздеп көрдік.

Израиль мен палестиналықтар неге қақтығыса береді? Түсіндіреміз
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:54 0:00

12:35 12.10.2023

Израиль билігі ХАМАС-ты жоятынын мәлімдеді

Газа секторымен шекарада ауыр қарудан атып жатқан Израиль әскері. 11 қазан,2023 жыл
Газа секторымен шекарада ауыр қарудан атып жатқан Израиль әскері. 11 қазан,2023 жыл

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаняху ХАМАС тобының әр мүшесі "өлік" екенін айтты деп жазды британдық ВВС медиасы.

Әлем "Ислам мемлекеті" террор тобының көзін қалай құртса, Израиль де ХАМАС-ты солай жояды деп мәлімдеді Нетаняху сәрсенбіде төтенше үкімет құрылғаннан кейін өткізген алғашқы баспасөз мәслихатында.

ХАМАС сенбіде тұтқиылдан шабуыл жасағаннан кейін Израильдің осы топқа не істемек ниеті барын алғаш рет нақты айтты деп хабарлады ВВС.

Бұған қоса Нетаняху АҚШ президенті Джо Байденмен бірнеше рет телефонмен сөйлескенін айтып, Вашингтон Израильді толық қолдайды деді.

Израильдің бұрынғы қорғаныс министрі, «Ұлттық бірігу» оппозициялық партиясының лидері Бени Ганц төтенше үкімет құрамына өзінің енуі елдің жұмылып, бірлескенін көрсетеді деп мәлімдеді. Егер Ливан тарапынан шабуылдар жасалатын болса, Израиль қажет деп тапқан қатаң шаралармен жауап беретін болады деп мәлімдеген.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG