1. Аятолла Әли Хаменеи
Иранның рухани басшысы Аятолла Әли Хаменеи Twitter, Instagram, Google+ әлеуметтік желілерін белсенді пайдаланады. Бір ай бұрын ол Facebook-ті де қолдана бастады. Хаменеидің әлемдегі ең танымал әлеуметтік желіге көшерінде Тегеранға Facebook-ті жауып тастау туралы ұсыныстар көптеп түсе бастаған.
Ирандағы киберкеңістік жөніндегі жоғарғы кеңес хатшысы Мехди Ахаван Бехибадидың айтуынша, Facebook бетінде «Хоменейді пір тұтушылардың спонтанды қозғалысы болған». Басқа дерек бойынша, Facebook беті алғаш рет халыққа Хаменеидің Twitter желісінде таныстырылған.
Ол бетте көсемнің жеке отбасылық альбомынан алынған суреттер, ағылшын және парсы тіліндегі сәнді жазулар бар. Иран билігі Facebook-ті «сионистік қару» деп танығанымен, миллиондаған ирандықтар оған прокси-сервер арқылы еніп, желі елде танымал болып кетті.
Мына Facebook-тен алынған скриншотта Иран Ислам Республикасының жоғарғы қолбасшысы (көзілдірік таққан) республиканың негізін қалаушы Аятолла Хомейнидің (алдыңғы қатардағы ақ сақалды қария) арт жағында тұр.
2. Рамзан Қадыров
Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров Twitter-де бірнеше мәселеге шолу жасайды. Ол Ресей басылымдарын мақтап, атасының қазасына мұңаяды, Twitter қолданушыны перзентті болуымен құттықтайды – осының бәрін 140 таңбаға сыйдырған. Сондай-ақ Ресейдің жаңа қорғаныс министрі Сергей Шойгумен қысқаша пікір алмасқан.
Төменде келтірілген үзіндіге қарағанда, Қадыров түнгі Грозный көшесін аралап, өмірдегі ұсақ-түйек қуанышты сәттерді бағалай білетін сияқты.
(@RKadyrov: «Түнгі Грозный ертегідегідей әдемі. Көшелерді аралап жүрдім. Кафеге барып отырдым. Жижиц галниш берді. Сүт қосылған, иісі аңқыған қалмақ шайын іштім. Сіздер де көріңіздер»).Ночной Грозный сказочно красив.Поездил по улицам. Посидел в кафе. Угостили жижиц и галниш. Был ароматный калмыцкий чай с молоком. Рекомендую
— RKadyrov (@RKadyrov) December 18, 2012
3. Гүлнара Каримова
Авторитарлық жетекшілердің әлеуметтік желідегі тізіміне Өзбекстан президенті Ислам Каримовтың қызы Гүлнара Каримованы қоспай кету әділетсіздік болар еді.
Әлеуметтік міндеттері туралы Twitter-ге үздіксіз жазатын және Іnstagram-ға тартымды суреттерін салып қоятын Каримова микроблогта өзін сынаушылармен дауласып, әлемдік ақпарат құралдарының назарын аударды. Солардың бірі, Халықаралық дағдарыс тобының жұртшылықпен байланыс бойынша директоры Эндрю Штройляйн Өзбекстандағы адам құқының тапталуы туралы сұрақтар қойды. Бұл жолы Каримова әдеттен тыс мінез көрсетті. Соның нәтижесінде көпшілік «Каримова өзін болашақта президент болуға лайық адам ретінде таныту үшін халықаралық қауымдастық алдында ақжарқын мінез танытып, көлгірсіп жүр» деген ой түйді.
Төменде Штройляйн мен Каримованың арасындағы пікірталастан үзінді берілген.
(@astroehlein: Мүмкін. Бірақ дәл қазір азаптауға қарсы тұрып, оларға көмектесуге үйде отырып-ақ уәде бере аласыз ғой.@astroehlein If you want some kind of statement from me right here and right now,I think,it would characterize me as an airhead &populist to
— Gulnara Karimova (@GulnaraKarimova) December 1, 2012
@GulnaraKarimova: Егер менен дәл қазір, осы жерде хатыңызға пікір беруді сұрасаңыз, бұл мені ақымақ әрі популист ретінде көрсетеді деп білемін).
4. Ильхам Алиев
Саясаткерлердің Facebook парақтарында әдетте олардың баспасөз хабарламасы ілініп, «Ким Чен Ир заттарды қарап жүр» деген сияқты жалаң сипаттамалар жазады. Ал Әзербайжанның президенті Ильхам Әлиевтің Facebook парақшасынан өзі мен сымбатты әйелі Мехрибан Әлиеваның көп суреттерін көре аласыз.
Әкесін де ұмыт қалдырмас үшін Әлиев демалысқа шыққанда Instagram ашқан екен. Ал оның Twitter-дегі парағы өз алдына жеке әңгіме. Күн сайын немесе аптасына бірнеше рет Twitter бетіне пікір қалдыратын басқа саясаткерлермен салыстырғанда, Әлиев ол парағына екі аптада бір рет кіреді. Ол көбіне өзі «жау» санайтын Таулы Қарабақтағы армяндарға шүйлігіп, «дипломатияға қайшы» көзқарастарын жазады.
Twitter-дегі мына жазба Әлиевтің Әзербайжан партиясының мерейтойлық жиынында сөйлеген сөзінен алынған. Осыған қарап, «Әлиев Twitter-ге өзі кіре ме, әлде 26 жастағы бельгиялық иммигрантты әлеуметтік желі үшін жалдап алған Израиль қарулы күштері сияқты біреуді жалдап алды ма?» деген сауал туындайды.
(@presidentaz: «Арменияның ел ретінде еш құндылығы жоқ. Шын мәнінде бұл - шетелден басқарылып отырған колония, застава, территория ғана»).Armenia as a country is of no value. It is actually a colony, an outpost run from abroad, a territory (cont) tl.gd/k2p4ba
— Ilham Aliyev (@presidentaz) November 20, 2012
5. Дмитрий Медведев
Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев Twitter-ге 2010 жылдың маусымында күтпеген құлшыныспен кірісіп кетті. Twitter-ге АҚШ президенті Барак Обамамен бірге гамбургер жеп отырған суретін салғаннан бері ол фото Американың Ресеймен арадағы жаңарған саясатының белгісі сияқты қабылданды.
(@MedvedevRussiaE: «Гамбургер жемегелі біраз болды. Ray's Hell Burger-дегі Обамамен өткен кешкі ас»).Haven't had a burger in a while. Lunch with Obama at Ray's Hell Burger: http://eng.kremlin.ru/photo/177
— Dmitry Medvedev (@MedvedevRussiaE) June 24, 2010
Бұрынғы Ресей президентінің Twitter парағында өткен жылдың желтоқсанындағы үкіметке қарсы наразылыққа қатысты жағымсыз пікірлер де жазылып қалды. Мысалы, Дума депутаты Константин Рыков «Біртұтас Ресей» партиясын айыптағандарға былай дейді: «Егер біреу блогына «алаяқтар мен ұрылар партиясы деген сөзді жазса, ол нағыз ақымақ...». Аяқ жағы балағат сөзбен бітетін пікірді Медведев көшіріп салған. «Алаяқтар мен ұрылар партиясы» деген сөз тіркесін ойлап тапқан блоггер Алексен Навальный болатын. Бұдан кейін Twitter-дегі жазу тез жойылды.
6. Поль Кагаме
Руанданың президенті Поль Кагаме Twitter-ді жиі қолданады. Ол барлық хатқа жауап бермесе де, жақтастары мен сыншыларының пікірін елеусіз қалдырмауға тырысады. Бірақ оның әлеуметтік желідегі жазбалары қатеге толы. “Аlwz,” “powr,” және “bcz" сияқты ешкім түсінбейтін қысқартулар да көп кездеседі. Айыбын түзеуге тырысып, кешірім де сұрады, бірақ бірінші сөзді қате жазғанына қарап, оның ниеті мен нәтижесі ұштаспағанын байқаймыз.
(@PaulKagame: «Кешр достар... Менің твит. сөздер кесіледі. Машинамда проб бар сияқты»).Sori friends...have realised in my RTs n tweets words getting cut/incomplete..etc-will rectify! Some prob with my machine
— Paul Kagame (@PaulKagame) March 23, 2011
"Проб" болса да, Кагаменің жазбалары орта есеппен күніне жүздеген ретвитке ие болады. Ол Twitter-ді халықаралық имиджін көтеру үшін қолданатын тәрізді. Еңбегі босқа кетті деуге болмайды. 2011 жылдың мамырында Кагаме мен Ян Биррелл (The Independent басылымы редакторының бұрынғы орынбасары) екеуі Twitter бетінде ауыр сөзге барып қалды. Ян Биррелл Кагамені «деспот» деп атады.
7. Уго Чавес
Венесуэла президенті Уго Чавес Twitter-ді тез қабылдады. Басында өзінің режиміне қарсы жазылған Twitter топтамасын «террористік қауіп» деп атағанымен, ол үш жылдың ішінде Twitter-де 3,9 миллион оқырман жинап, Барак Обамадан кейінгі екінші орынға көтерілді. Венесуэла халқының пікірін Twitter арқылы жеткізуін құптап, популист көшбасшы әлеуметтік желіні пайдалы мемлекеттік құралға айналдырды. Чавес елдегі және шетелдегі оқиғалар жайлы, шетелге барған сапары туралы, т.б. мәселелерді жазып отырады. Келесі жолдар соған дәлел.
(@chavezcandanga«Оның энергиясы мен ойының тұнықтығы адамды шабыттандырады! Еріктің күштілігі мен революционерге тән қажырлықтың белгісі! Фидель жасасын!»)Es impresionante su energía y su lucidez! Es un ejemplo de voluntad y de constancia revolucionaria para todos y todas! Viva Fidel!
— Hugo Chávez Frías (@chavezcandanga) August 14, 2012
(@chavezcandanga «Социализм деген - арзан азық-түлік пен тұрғын үй! Өмір сүрейік! Өндіріс нарығы дами берсін! Біз өмір сүреміз әрі бәрін жеңеміз!»).
Eso es el socialismo: alimentos baratos, equipos para el hogar, para VivirViviendo! Vivan las ferias de alimentación! ViviremosyVenceremos!
— Hugo Chávez Frías (@chavezcandanga) March 10, 2012
8. Солтүстік Корея
Ким Чен Ынның атынан ашылған жасанды хабарламада есеп жоқ. Онда көңілді, мысқыл мен кекесінге толы пікірлер жарияланады. Солардың бірі: @ KimJongNumberUn. Бұл аккаунт 21 мың адаммен достасқан. Елдегі азық-түлік тапшылығы, цензураның қатал заңы мен Ким Чен Ынның қаталдығы туралы жайлы жазылған түрлі пікірлерді оқи отырып, күлмеу мүмкін емес.
Мысалы жалған Ким Чен Ын былай дейді:
(@KimJongNumberUn «Қазір мен интернетті өшіріп тастаймын. Бүкіл елде болмайды»)OK, I'm turning off the Internet now. For the entire country.
— KimJongNumberUn (@KimJongNumberUn) January 10, 2013
Мақала Азат Еуропа/Азаттық радиосының тілшісі Диана Кьюканың материалы негізінде жазылды.