Cауд Арабиясының қасиетті Мекке қаласына шариғат алдындағы 5 парызын өтеу үшін жыл сайынғы қажылыққа биыл шамамен 2 миллион мұсылман қауымы жиналды. Осыншама халық Меккеден Мина атаулы шатырлар қалашығына дүйсенбіге қараған түні ағылып келе бастады.
Алланың алдындағы барлық парыз-міндетін атқарып болған әрбір мұсылман ғұмырында кем дегенде бір рет Меккеге барып қажылық өтеуге тиіс. Мұсылман қауымының жаппай қажылыққа жиналуы жыл сайын Сауд Арабиясы үкіметінің алдына келген қалың бұқараның қауіпсіздігін, хал-жағдайын қамтамасыз ету мәселесін қояды.
Қажыға келген мұсылман қауымы “Иһрам” деп аталатын қарапайым ақ матаға оранады. Бұл – қажылыққа келген мұсылмандардың арасындағы таптық немесе мәдени өзгешеліктерін білдірмей, Алланың алдында қарапайым саудагер мен үкімет басының да, бай мен кедейдің де, экстремист пен саясаткердің де жік-жікке бөлінбей бірдей құлшылық етуі үшін керек.
Қажылықтың ең бірінші және соңғы рәсімі – қасиетті Меккедегі мешіттің қақ ортасында орналасқан төрт қырлы Тауаф тасты сағаттың жүрісіне қарсы жеті рет айналып өту керек. Әлемнің қай бұрышында болмасын, мұсылман Аллаға құлшылық етіп, намаз оқығанда бетін Алланың үйі – Қағбаға бұрып отыруы керек.
Ислам тарихына сәйкес, діндәрлардың айтуынша, Қағбаны Жабрайыл періште көктен жерге жеткізген қара тастан Ибраһим пайғамбар мен оның ұлы Ысмайыл тұрғызған. Бірқатар діни ғалымдардың мәлімдеуінше, қажылыққа келіп құлшылық ету – қашан да жай діни рәсім болып келген.
Құранды талдайтын өзге ғалымдардың пікірінше, сауда орталығы болып қалыптасқан Меккедегі қажылықтың ең басты қызметі – сауда мен кәсіпкерлік болған. Сонымен қатар, қажылық – ислам дінінің ең қасиетті рәсімі болғанымен де, ол саяси мән-мағынадан да ада емес. Мысалы, Ливандағы Бейрут университетінің профессоры әс-Саид Ризван осындай пікірде.
“Қажылық – із жүзінде пайғамбар Ибраһим негізін қалап кеткен ежелге араб дәстүріне жататын жай діни рәсім болды. Сондықтан да ислам пайғамбарларына құлшылық етіп қажылыққа барудың саяси мақсат-мүддесі болды деп айтуға болмайды. Дегенмен де, Мухаммед пайғамбар Меккені бағындырғаннан кейін қажылық ислам дінін ұстанғандардың бірлігін – «Ислам уммасын» білдіретін саяси да әлеуметтік мағынаға ие болды деп айтуға болады», – дейді әс-Саид Ризван.
Әйтсе де, қажылық – мұсылман әлемінің бірлігін қаншалықты анық көрсете алады? Париждегі Сорбонна университетінің әлеуметтану профессоры Боран Галаион ол жөнінде былай дейді:
«Ислам уммасы» сынды ірі қауымдастыққа жату – мұсылмандық бірлік бар деген идеяны күшейтеді; ол – көбіне бірлікке деген ұмтылыс, ал шындығына келгенде «Ислам уммасы» бара-бара бірлікке деген ондай ұмтылыстан ұтпайды, керісінше – саяси және тіпті діни әркелкілік пен жікшілдіктен жапа шегуде».
ХІХ ғасыр көптеген ислам елінің отарлыққа түсіп, Осман империясының іштей ыдырай бастауымен ерекшеленді. Осы тұста ислам ғалымдары мен жетекшілері қажылықты Батыстың әскери және саяси үстемдігіне қарсылық көрсетудің құралына айналдыруға тырысты.
Алайда, ХХ ғасырдың басында Осман империясының күйреуі мен ІІ дүниежүзілік соғыстың ізінше ислам елдерінің бірте-бірте тәуелсіздік алуынан кейін, Меккені ислам билігінің астанасына айналдыру идеясы да сәтсіз аяқталды. Ливандағы Бейрут университетінің профессоры әс-Саид Ризванның атап көрсетуінше, ақыр-аяғында қажылық өзінің діни табиғатына қайта оралды.
«Сауд Арабиясы құрылып, Сауд әулетінің билікке келуінен кейін, қажылықты ислам елдерінің саяси конгресіне айналдыруға бағытталған іс-әрекет оны қолдаған елдердің аздығынан маңызын жоғалтты. Осылайша қажылық – ешбір саяси немесе мәдени маңызы жоқ, өзінің таза діни табиғатына оралды».
Сарапшылардың ортақ пікірінше, 1970-1980 жылдары Иран сияқты елдер қажылықты Америка Құрама Штаттарына қарсы наразылықтың сахнасына айналдырмақ болған. Алайда, Боран Галион атап көрсеткендей, АҚШ-пен арадағы жылы қарым-қатынас орнатқан Сауд Арабиясының қабылдаған қауіпсіздік шаралары ондай пиғылдарға бөгет қойды. Батысқа қарсы күштердің Мекке мен қажылықты саяси мақсаттарына пайдалануға жол берілмеді.
«Менің ойымша, барлық ислам қозғалыстары – мұсылмандар емес – яғни «Ислам мемлекеті» немесе «Ислам төңкерісі» тезисін ұстанғандар, әсіресе аятолла Хомейни, діни рәсімдерге саяси реңк беруге дайын тұрды. Бірақ, ондай ағымға Саудия мемлекеті төтеп беріп, қажылықты саяси шеруге айналдырудан қорғап қалды. Қажылық рәсімінің саяси шеруге айналуын қаламаған ислам елдері оны қолдап шықты».
Аятолла Саид Әбілқасым Дибаджи – ұлы аятолла Әли әс-Систанидің Кувеиттегі өкілі. Биыл қажылыққа келген Дибаджидің атап көрсетуінше, қажылық – тыныштыққа, қантөгістен бас тартуға, тілі мен мәдениетіне және әлеуметтік айырмашылығына қарамастан барлық жұртты теңдікке шақыратын рәсім болуға тиіс.
«...Сәрсенбіде, бір жазықта, 1 миллионнан астам жұрт иық тіресіп тұрады және бір тамшы қан төгілмейді. Бұл жүректен туатын ең үлкен махаббат. Осыншама жұрттың бәрі біркелкі киім киіп, ауызына бір ғана сөзді алады: 'Labbayk, Allahomma Labbayk – О, Алла, мен өзіңе құлшылық етемін. Мен сенің құлыңмын. О, жасаған ием, сен бізді шақырдың. Біз алдыңа келіп отырмыз. Сен біздің осында жалаңаяқ, жалаңбас болуымызға бұйырдың. Біз тіпті бір-біріміздің тілімізді де түсінбейміз».