АҚШ президентінің инаугурациясындағы сөзінде Дж.Буш еркіндік пен демократияның өрісін кеңейту мәселесін тағы да қозғады. Алайда ол президенттің жүзеге асыратын нақты саясаты ма, әлде жай ой болды ма, оған тоқталып жатпады. Тілшіміз сол сөздің мән-мағынасы жайлы халықаралық екі сарапшының пікірін білген еді.
Ондаған жылдар бойы АҚШ бүкіл әлемдегі еркіндік пен демократияны қорғаумен келеді. Өткен бейсенбіде АҚШ президенті лауазымына кірісу рәсімінде сөйлеген Дж. Буш сыртқы саясатының айшықтары мен жоба-жоспарлары жайына қысқа да нұсқа тоқталып өтті.
“АҚШ-тың ұстанатын саясаты – осы дүниедегі тираниялық биліктердің көзін біржола жою мақсатында әлемдегі әрбір ұлт пен ел ішіндегі демократиялық қозғалыстар мен мекемелердің өсіп-өнуін тауып қолдау болып табылады. Бұл қол күшін қажет етпейді, бірақ қажет болған жағдайда біз өзімізді де, одақтастарымызды да қорғай аламыз”, – деді АҚШ президенті.
Өзінің 21 минуттық сөзінде Дж. Буш еркіндік пен демократияны АҚШ тарапынан қолдауды қажетсінетін “мақсаты” есебінде атады. Ол тіпті “күш қолдану” дегенді де айтып қалды. Бірақ президент Буш АҚШ әкімшілігінің халықтарды тираниядан азат етуге дайын екенін айтқанымен де, нақты қандай елдердің азат етілетіні жайында тіл қатпады.
Әйткенмен дүние жүзіндегі халықаралық саясатты зерттейтін Вашингтондағы жекеменшік зерттеу орталығы – Корнеги қорының өкілі Натан Браунды мұндай жайт онша таңырқатпайды.
Азаттық радиосына берген сұхбатында ол президенттердің инаугурациядағы кіріспе сөздерін, Дж. Буш сияқты, өздерінің ұзақ уақыт ішінде, яғни биліктегі 4 жылында іске асыратын ең маңызды деген міндеттерімен көпшілікті таныстыру үшін пайдаланады деген пікір білдірді.
Браунның атап көрсетуінше, ұстанатын саясатының ерекшеліктері мен айшықтарын Дж. Буш алдағы аптада одақтас мемлекеттерге жолдайтын үндеуінде естірту үшін айтпады. Ол үндеуін Дж. Буш 2 ақпанда жолдайтын болады.
“Біз шынында да нені естідік – ол бағдарлама да емес, саясат амалы да емес, не болмаса қайсыбір заңның жобасы немесе саясаттың айқындамасы да емес. Дж. Буш өз сөзінде атап кеткенімен де, ол – жалғыз демократия емес, одан да маңыздырақ еркіндік мәселесіне деген Дж. Буштың өзіндік көзқарасы болатын”, – дейді Корнеги қорының өкілі Натан Браун.
Дегенмен де, Браунның пікірінше, азаттықтың өрісін кеңейтудің қандай да бір ерекшелігі жайында әлем Дж. Буштың аузынан бір ауыз да сөз естімейді. Өйткені оған байланысты президенттің нақты жоспары немесе бағдарламасы жоқ. Өзінен бұрынғы Билл Клинтон сияқты Дж. Буш та азаттық пен демократияны дамытуға көмек беру жөнінде нақты міндеттеме алуға бармайды.
1990 жылдардың барысында Билл Клинтон Батыс әлеміне қосылғысы келген Орталық және Шығыс Еуропа мен Оңтүстік Корея сынды елдерге көмек берумен шектелді. Ирақтан өзгесін айтпағанда, Дж. Буш та солай істеумен шектеледі дейді Корнеги қорының сарапшысы.
Корнеги қорының өкілі Натан Браун сонымен қатар, 1970 жылдардың соңында президент Джимми Картердің “қырғи-қабақ” соғысындағы одақтастарына адам құқықтары бойынша қысым жасағаны үшін АҚШ консерваторлары тарапынан сынға тап болғанын есіне алады. Ал енді өзі консерватор бола тұра президент Буш адам құқықтарын сыйлауды одан да қатаң талап етеді, бірақ онысын Картерден өзгешелеу істеп отыр.
“Джимми Картер президент болғанында күн тәртібіне адам құқықтарын көлденең қойып, айтарлықтай жылы қарым-қатынастағы кейбір елмен арасын суытып алды. АҚШ консерваторлары оны сынға алды. Ал енді президент тағында консерваторлардың көзқарасын ұстанатын Дж. Бушты көріп отырмыз. Демократияның өрістеуін ол да қолдайды. Бірақ ол демократияны Мысыр және Сауд Арабиясы сынды одақтастарынан немесе тіпті іскер әріптестерінен талап етуді қаламайды”, – дейді Натан Браун.
Вашингтондағы тағы бір зерттеу орталығы – Таяу Шығыс институтының сириялық сарапшысы Мурһаф Джуйджатиді міне осы жайт ерекше алаңдатады. Азаттық радиосымен әңгімесінде ол Таяу Шығыс аймағындағы елдер АҚШ-тың сыртқы саясатын шын көңілмен қабылдаған жоқ, өйткені бұл саясат адам құқықтарына деген талабын қажет болған кезде ғана күн тәртібіне қояды деген ойымен бөлісті.
“Бүкіл әлемдегі, әсіресе Таяу Шығыс халықтары, өкінішке қарай, бұл сөздерге онша көңіл аудармайды ғой деп ойлаймын. Олай дейтін себеп: Израиль басып алған территорияларда адам құқықтары аяқасты болып жатыр, ал Дж. Буш Израильге қарсы экономикалық жаза – санкция қолданайын деп отыр ма? Егер ол АҚШ-тың одақтасы емес елдерге қысым жасап, ал одақтастарына қарсы жаза қолданбайтын болса, онда ол өзінің сыртқы саясатында АҚШ-тың екіұшты стандарт, екіұшты саясат ұстанатынын тағы да айғақтайды”, – дейді Мурһаф Джуйджати.
Егер де Дж. Буш авторитарлық режимдерге қарсы нақты іс-шараға кірісуді шынымен де ойласа, деп ескертеді Джуйджати, ол көздегенін іске асыра алмайтыны анық. Бәлкім, ол Сирияға қарсы соғыс қимылдарын бастай алуы мүмкін, қалай дегенмен де, Сирия АҚШ басып алған Ирақтың көршісі ғой! Алайда, деп атап көрсетеді М.Джуйджати, еркіндік пен демократия және адам құқықтары атынан Қытайға немесе Пәкістанға басып кіруге АҚШ-тың қауқары жоқ.
Оның пікірінше, адам құқықтарының ахуалын жақсарту үшін кейбір елдерге экономикалық жазаны тактика ретінде қолдануға болатын да шығар. Бірақ мұнай шикізатына мұқтаж АҚШ Сауд Арабиясының көңілін қалдыра ала ма деген сұрақ қояды да, оған, бір жағынан, көп сөз бен нақты істің арасында және, екінші жағынан, әскери күш қолдану мен экономикалық санкцияның арасында үлкен айырмашылық бар деп ескертеді Джуйджати.
Оның пікірінше, бұрынғыдай қоқан-лоққы жасап, қорқыту-үркіту лексикасын қолданғанша, Сирия қоғамының өкілдерін АҚШ-та азаматтық қоғам құруға оқытып, АҚШ-тың азаматтық қоғам өкілдерін Сирияға жіберіп, тәжірибе алмасу арқылы да іс атқаруға да болады.
“Ондай тәжірибе алмасу, әрине, тез нәтиже бере қоймас, бірақ ұзақтау болса да, терең бойлап, Американың ашу-ызасын туғызбайтындай жақсы нәтиже беретіні сөзсіз”, – дейді Мурһаф Джуйджати.