Еуропа одағының сыртқы саясат бойынша арнаулы өкілетті өкілі Бенита Ферреро-Вальднер ханым Еуропа одағы Ресейдің Украина мен Оңтүстік Кавказ сияқты көрші елдердегі ықпалын нығайтуға бағытталған қадамдарына бөгет қоятын іс-шара қабылдауға тиіс деп мәлімдеді.
Бенита Ферреро-Вальднердің атап көрсетуінше, Еуропа одағы аталған елдермен жақын қарым-қатынас орнату саясатын жүргізіп отыр. Бірақ ол Украина немесе өзге елді Еуропа одағына мүше етіп қабылдаудың – “айлакерлік” саясат еместігін қадап айтты.
Сондай-ақ, Ферреро-Вальднер ханымның атап көрсеткеніндей, Мәскеудің сан құбылуына қарамастан, Еуропа одағы Ресеймен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) аясындағы ынтымақтастыққа тартуын жалғастыра береді.
Еуропа одағы Украинадағы сайлау дағдарысынан кейін онымен ортақ тіл табуға жан салып жатыр. Виктор Ющенко президент сайлауында Грузиядағы Михаил Саакашвилидің дәл сондай жеңісінен бір жыл кейін жеңіске жете алды. Еуропа одағы Ресеймен теке-тіреске барудан жасқанып, билік басына жаңа лидерi келген елдермен жақын ынтымақтастық орнатуға дайын болмай шықты.
Соның көп айғағының бірі – өткен сейсенбі күні Еуропа одағының сыртқы саясатының арнаулы өкілетті өкілі Бенита Ферреро-Вальднер ханым Еуропарламенттің Брюссельдегі сыртқы істер комитеті алдына осы мәселені көлденең тартты.
Әңгіме негізінен Ресей мен Украинаның төңірегінде өрбіді. Ферреро-Валдьднер ханымның атап көрсетуінше, Еуропа одағының Ресейге көрші Молдова, Украина және Беларусь сынды елдермен арадағы қарым-қатынасын дамыту саясатын Мәскеу осы елдердегі өз ықпалын ығыстырады деп қарастырмауы керек.
“Біз жаңа тәуелсіз елдерге қатысты Ресейдің анық әрі тиянақты сыртқы саясатының пайда болғанын көріп отырмыз. Біздің ендігі міндетіміз – Ресейдің Еуропа одағына деген көзқарасын түбегейлі өзгертуіміз керек. Менің ойымша, Еуропа одағының жаңа тәуелсіз елдермен арадағы ынтымақтастығының өркендеуіне Ресейдің алаңдай қараған қылығын өзгертуге басты назар аударылуы керек. Оған қоса Молдова мен Беларусь және Украина сынды көрші елдермен арада ұстанған саясатында нендей мақсатты көздейтінімізді біз түсінуіміз керек”, – деді Ферреро-Вальднер.
Оның мәлімдеуінше, Ресей Еуропа одағы үшін “маңызды стратегиялық әріптес” әрі шешуші нарық кеңістігі болып қала береді.
Сейсенбі күні Еуропа одағының арнаулы өкілі Брюссель Мәскеумен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы аясында жақын ынтымақтастық орнатуы керек, оның ішінде әсіресе Ресейдің өзіне және оған көрші елдерге байланысты проблемаларды шешу үшін деген пікір білдірді.
Оның атап көрсетуінше, бұрын қиын болса-дағы Еуропа одағы Оңтүстік Осетия, Абхазия және Молдовадағы жанжалдарды шешуге атсалысып көрді. Бірақ аталған түйіндерді шешу үшін “саяси ниеттің ғана болуы” аздық етеді. Бұл жерде, Ферреро-Вальднер ханым атап көрсеткендей, Еуропа одағының кінәсі аз емес.
Оның пікірінше, аталған мәселелерді шешуге Еуропа одағы бар күшін жұмсауға тиіс еді. Бірақ, Еуропарламенттің дәл сол сыртқы істер комитетінде одан бір күн бұрын сөз сөйлеген Еуропа одағының сыртқы саясатының жетекшісі Хавьер Солана Оңтүстік Осетия, Абхазия немесе Молдова сынды аймақтардағы жанжалдың түйінін шешуде Брюссель тікелей рөл атқармайды деп атап көрсетті.
Ферреро-Вальднер ханым Мәскеуге наурыз айының басында сапарға баратынын хабарлады. Оның пікірінше, Ресейді Еуропа одағымен ынтымақтастыққа тарту үшін үлкен сабырлық керек. Бірақ бұл саясатын Брюссель оған көрші елдермен арадағы ынтымақтасу саясатымен қарама-қатар жүргізіп отырады деп кесіп айтты Ферреро-Вальднер.
“Ресей үшін оңайға түспейтінін біз білеміз. Өйткені біз оның ықпалындағы аймаққа баса-көктеп кіріп жатырмыз. Бірақ, екінші жағынан, әлгі елдерді өз жағымызға тарту да өте маңызды және іс жүзінде бұл Еуропа одағының “көрші-қолаң саясаты” идеясының негізі болып табылады. Егер сабырлық етсек, бұл істе біз жетістікке жете аламыз ғой деп үміттенемін”, – деді Ферреро-Вальднер ханым.
Ал сонымен қарама-қатар Еуропа одағы Украина тәрізді елдердің де одаққа мүше болуға құқығы барлығын өз ішінде дәлелдеумен әуре-сарсаңға түсіп жатыр. Өткен сейсенбіде Ферреро-Вальднер Еуропа одағы өз қатарына өткен жылы қабылдаған 10 мүшесін қорыта алмай, уақыт оздырып отыр деп сынап, оны “прагматик” болуға шақырды.
Ол Украинаны мүшелікке қабылдамай-ақ, “іс-қимыл жоспарынан аттап шығуға дайын емес” Еуропа одағы үшін Киевпен арадағы ынтымақтастығын дамытудың өзге көп жолын атап көрсетті. Оған қоса, Украинаның жаңа лидері Еуропа одағына мүше болып қабылдау мәселесін көлденең тартқан жоқ.
Президент Виктор Ющенко Украинаның болашағы – Еуроатлантикалық құрылымдармен толық бірігуінде жатыр деп мәлімдеді. Еуропа одағының жарғысы кез-келген Еуропа елінің мүшелікке сұрануына мүмкіндік береді. Ферреро-Вальднер ханым осы жайтты бірнеше рет ауызына алды, бірақ Украинаны еуропалық ел деп сипаттаудан жалтарып бақты. Еуропарламент комитетінің отырысынан шыққаннан кейін ол:
“Украина – еуропалық ел ме, жоқ па деген мәселе бойынша Еурокомиссия әлі біржақты тұжырымға келген жоқ”, – деп мәлімдеді.
Ауызекі әңгіме кезінде Еуропа одағының өкілдері Мәскеудің маңызды рөл атқаратынын мойындап, Украинамен “үш жақты” (Брюссель-Мәскеу-Киев) қатынас болатынын айтып жүр.
Бейсенбі күні Брюссельде Еуропарламент алдында сөз сөйлеуге тиісті украин президенті Виктор Ющенконың алдымен Мәскеуге ат басын бұра кеткенін Еуропа одағының өкілдері жоғары бағалайды.
Хавьер Солана Украинамен арадағы ынтымақтастығын Еуропа одағы 2008 жылға дейін өзгертуге асықпайды деп мәлімдеді.