БҰҰ өкілдері осы жексенбіге белгіленген Ирақ Ұлттық жиналысы сайлауын өткізу үшін елдегі ахуал онша жақсы болмаса да, техникалық тұрғыдан оны өткізу керектігін айтып отыр.
БҰҰ-ның саяси басшылығы мен сайлау жөніндегі өкілдерінің атап көрсетуінше, Ирақ халқының көпшілігі дауыс беруге қатысқан жағдайда, сайлау халықаралық стандартқа сай өтуі мүмкін. Бірақ, деп ескертеді олар, сайлауға деген ең басты бағаны Ирақ халқының өзі беруі тиіс.
АҚШ президенті Джордж Буш кеше Ирақ халқын террористердің қоқан-лоққылық әрекеттеріне қарамастан, сайлауға қатысуға шақырды.
Ирақтағы көтерілісшілердің бұқара халықты сайлауға қатыстырмау мақсатында жаппай қорқытып-үркіту науқанын үдетіп жатқан мезгілінде, БҰҰ жексенбіге тағайындалған сайлауды өткізуге техникалық мүмкіндік бар деп мәлімдеп отыр.
БҰҰ-ның сайлау жөніндегі бөлімінің директоры Карина Перелли өзге шарттарға қарағанда, Ирақтың кейбір ауданындағы қауіпсіздіктің жоқтығы сайлау ұйымдастыруға көбірек түрткі болып отыр деп атап көрсетіп, Шығыс Тимор, Сальвадор және Ауғанстанды мысалға келтірді.
Баспасөз-маслихатында Карина Перелли Ирақтағы қантөгіс БҰҰ кеңесшілері мен Ирақтың сайлау комиссиясы өкілдерінің арасындағы қатынасты мейлінше азайтты және Ираққа келген шетелдік 40 сарапшының көмегін де шектеді. Оның пікірінше, ендігі жерде сайлаудың ойдағыдай өтуі Ирақ халқының қаймықпай сайлауға қатысуына байланысты болмақшы.
“Тимордың, Сальвадордың және Ауғанстанның сайлаушылары сияқты, дәл қазір Ирақ халқы да өзінің болашағы үшін сайлауды маңызды деп санап, басын қатерге тігіп дауыс беру керек пе, әлде бас амандығын ойлап дауыс беруден бас тарту керек пе деген ауыр таңдаудың алдында тұр”, –
деді Перелли.
Дегенмен де, Карина Перелли Ирақтың тәуелсіз сайлау комиссиясы атқарған дайындық жұмыстарына өзінің таң қалғанын жасырмады. Өйткені, шамамен 8 айдың ішінде сайлау комиссиясы 1 мың кісіден тұратын штатын жасақтап, жексенбі күні 150 мың қызметкерін дауыс беру учаскелеріне жібереді.
Сайлау барысын елдегі саяси партиялар мен ұлттың ұйымдардың 60 мыңға жуық өкілі бақылайтын болады. Дауыс беру барысын БҰҰ бақыламайды, бірақ 122 халықаралық бақылаушы тіркелді.
Аталмыш баспасөз-маслихатында БҰҰ бас хатшысының саяси мәселелер жөніндегі орынбасары Кирен Прендергастың атап көрсеткеніндей, Ирақ халқының бір бөлігі ұлттық сайлау комиссиясының тәуелсіздігі мен бейтараптығына күмән келтіреді. Оған қоса Ирақтағы сүннит мұсылмандарынан түсетін үміткерлердің бастарына қатер төніп, осыған байланысты олардың шағымдары ескерілген жағдайда, сайлау біржақты өте ме деген алаңдаушылық тағы бар.
Әйтсе де, Кирен Прендергастың пікірінше, сайлаудан кейінгі кезеңде конституцияны қабылдау жоспары мен одан кейін де болатын сайлаулар ондай алаңдаушылықтың бекер екенін байқатады.
“Бұл сайлау ең ақырғы және одан кейін ешқандай сайлау болмайды деп қабылданбауы керек. 30 қаңтардағы сайлауды біз маңызды да өтпелі кезеңнің сайлауы деп қарастырғанымыз дұрыс қой деп ойлаймын. Бірақ өтпелі кезеңдегі жалғыз сайлау деп қарастыру керек”.
Кеше Вашингтонда өткізген баспасөз-маслихатында АҚШ президенті Буш алдағы сайлау – миллиондаған Ирақ азаматына өзінің қайтпас қайсарлығын, еліне деген сүйіспеншілігін және азат елде өмір түсуге деген жігерін көрсетуге зор мүмкіндік береді деп мәлімдеді.
“Ирақтағы ахуалды шолып қарағанда, халықтың басым бөлігі шынында да демократияға ат салысқысы келеді, аз бөлігі ғана сескеніп отыр. Мен бүкіл халықты дауыс беруге шақырамын. Мен халықты террористерге ерегісіп сайлауға қатысуға шақырмын. Бұл террористер Ирақ халқының мүддесін көздемейді”.
АҚШ президенті Дж. Буштың осы үндеуінің қарсаңында Ирақта елдегі АҚШ жауынгерлері мен сайлауға бара ма деген Ирақ тұрғындарына қарсы кезекті қанды қастандықтар ұйымдастырылды. Мысалы, көтерілісшілер Киркук қаласында жексенбі күні өтетін сайлауда дауыс берілетін учаскелері ашылған 3 мектепке және бомба орнатылған автокөлікпен полиция кеңсесіне шабуыл жасап, одан жергілікті 7 тұрғын қаза тапты.
Тағы бір автобомба Мосул қаласынан оңтүстік-батысқа қарай орын тепкен Күрдістан демократиялық партиясының кеңсесі маңайында жарылып, одан 5 кісі мерт болды. Көтерілісшілердің тасадан ұйымдастырған шабуылынан АҚШ-тың 5 жауынгері оққа ұшты және кеше Ирақта АҚШ-тың әскери тікұшағы апатқа ұшырап, ол апаттан АҚШ-тың тағы 31 әскери теңізші қаза болды. Өзге бір хабарға қарағанда, тікұшақты партизандар жерден атып құлатқан тәрізді.