АҚШ-тың Оңтүстік Каролина штатындағы федералдық сот үкімет Хосе Падиллаға не ресми айып тақсын, не оны босатсын деген өкім шығарды. АҚШ азаматы Хосе Падилла - “Әл-Қаида” ұйымының “Лас бомба” деп аталатын қару жасауына қолқабыс етпек болды деген айып бойынша 2,5 жыл бойы қамауда отыр.
АҚШ үкіметі өзінің терроризмге қарсы күресінде Падилланы “жау жағын” қолдады деп айыптап, оны сот шешімінсіз-ақ қамауда ұстау керек деп отыр. Алайда дүйсенбі күні сот Падиллаға, өзіне тағылған айыптарға қарамастан, өзін дереу босатуды талап ету құқынан айыруға болмайды деген қаулы қабылдады. Ендігі жерде Дж.Буштың әкімшілігі АҚШ-тың ең жоғарғы ұлттық соты - Жоғарғы Сотқа жүгінетінін мәлімдеді.
Хосе Падиллаға қарсы істің негізін - “қамауға алынған кісіні сотқа беру” немесе кез-келген айыпталушының өзіне тағылған айыптардан қорғану” және “сот процесі алдында мемлекеттің өзін бас бостандығынан айыру әрекетінен қорғану құқы” деп аталатын заңдық түсінік құрайды.
Шарлотсвилдегі (Charlottesville) Верджиния университетінің саясат және конституциялық проблемалар профессоры Дэвид О’Брайанның (David O'Brien) атап көрсетуінше, “Тұтқынға алынған айыпталушыны соттың қарауына беру” туралы сот өкімі – АҚШ конституциясына сәйкес заң ережесінің іргетасы болып табылады. Азаттық радиосына берген сұхбатында ол “тұтқынға алынған айыпталушыны сотқа беру құқы” жөніндегі норма осыдан 200 жылдан да ерте кезде Англия патшасы Үшінші Георгтың тұсында, оның Америкадағы колонистерге немесе отарлаушыларға қарсы шектен тыс жаза қолдануына жол бермеу мақсатында қабылданғанын және оның ақыр аяғында Америкадағы төңкерістің шығуына түрткі болғанын хабарлады.
- Заң ережесі атқарушы билік – президент пен ол басқарған үкіметтің – құзырын шектейді. Дж.Буштың әкімшілігі, ол не АҚШ азаматы болсын, не болмасын, соғысушы жау жағының өкілін соттың өкімінсіз қамауда шексіз ұстауға құқым бар деп мәлімдеп келді. Мұндай құзыр Англияның 18 ғасырдағы патшасы - Үшінші Георгтың дәуірінен бері күшін жойған. Атқарушы биліктің құзыры шектеулі екенін тіпті консервативтік сот та тағы растап отыр, - деді профессор Дэвид О’Брайан.
Хосе Падилланың жеке басының бостандығын талап ету құқы туралы өкім – Ясир Хамди деген басқа азаматтың өткен жылғы сот процесінде жеңіске жетуінен соң іле-шала болып отыр. АҚШ пен Сауд Арабиясының азаматы, яғни қос азаматтығы бар Ясир Хамди – осыдан үш жыл бұрын Ауғанстанда тұтқындалып, АҚШ тарапынан ешбір айып та тағылмай және сот өкімінсіз-ақ түрмеге жабылды.
Өткен жылы АҚШ-тың Жоғарғы Соты үкімет оған не ресми айып тағуға тиіс, не бостандыққа жіберуге міндетті деген қаулы шығарды. Нәтижесінде Ясир Хамди абақтыдан босатылып, АҚШ азаматтығынан бас тартқаннан кейін, Сауд Арабиясына қуылды.
Алайда, Хамдидің ісіне қарағанда Хосе Падилланың ісі әлі біткен жоқ. Президент Дж.Буштың әкімшілігі федералдық соттың дүйсенбідегі өкімін бұздыру үшін Вашингтондағы Жоғарғы Сотқа жүгінуі мүмкін екенін мәлімдеп отыр. Хосе Падилланың ісі – Американың заң саласы мамандарының назарын елең еткізді.
Өйткені, кейбіреулер бұл істе Падилланың адами, азаматтық құқықтары аяққа тапталды деп санайды. Штаб-пәтері Нью-Йоркте орналасқан адам құқықтарын қорғаушы ұйымның (Human Rights Watch) америкалық бағдарламасының директоры Джейми Феллнер ханымның мәлімдеуінше, федералдық соттың дүйсенбідегі өкімі Дж.Буш бастаған АҚШ әкімшілігінің бүкіл түйсік-түсінігін жоққа шығарады.
Азаттық радиосына берген сұхбатында Феллнер ханымның атап көрсеткендей, Дж.Буштың әкімшілігі әлемнің қайсы бір түкпірінде болса да қолға түскен күдіктіге, терроризмге қарсы күрестің құрамдас бір бөлігі ретінде, соғыс ережесін қолдануға болады деп келді.
- Негізінен алғанда президент “біз бүкіл жер бетінде терроризмге қарсы күреспен шұғылданып жатырмыз; демек, мен, президент ретінде, олардың қайда қолға түскеніне және олардың не істеп, не қойғанына қарамастан, оны бізге қарсы соғысқан жау деп таңдай аламын және терроризмге қарсы соғыс жалғасып жатқанда, оларды соттың шешімінсіз қамауда ұстауға құқылымын” деп айтпақ болды. Ал сот оған “жоқ” деп жауап берді, - дейді адам құқығын қорғаушы ұйым өкілі Дж.Феллнер.
Ясир Хамди Ауғанстанда қолға түсті. “Әл-Қаида” немесе “Тәлібан” қозғалысына қарсы күрес кезінде оны түрмеге жабудың қажеті болған да шығар. Бірақ Хосе Падилла Чикаго қаласының әуежайына ұшып келген жерінде тұтқындалды. Федералдық соттың дүйсенбілік өкімінде атап көрсетілгендей, егер оның АҚШ-қа қарсы шабуыл ұйымдастырмақ жоспары болған күннің өзінде де, оған дереу тосқауыл қойылды.
Өкімде, сондай-ақ, үкіметтің оған ресми түрде айып тағып, сот процесіне дейін заңды түрде қамауда ұстауына ешқандай кедергі болмағандығы айтылды. Ал, бірақ, оның орнына үкімет Хосе Падилланы тып-тыныш қана түрмеге жаба салды.