Ираққа қарсы соғыс қарсаңындағы барлау мәліметтерінің шындыққа жанаспауы осы аптада аса жауапты 2 лауазымға АҚШ президенті Дж.Буш ұсынған үміткерлерді талдау кезінде тағы да күн тәртібіне шықты.
АҚШ-тың БҰҰ-дағы елшісі лауазымына ұсынылған Джон Болтонды сенат комитетіндегілер қару-жарақты бақылаушы тұлға ретінде барлау қызметін дұрыс басқара алғанына күмән келтіріп, 2 күн бойы тезден өткізді. Сенаттың тағы бір комитеті Ирақтағы қателіктен кейін жаңа ұлттық барлау қызметінен ақиқат ақпаратпен қамтамасыз етіп отыруына кепілдік беруін талап етті. Жаңа ұлттық барлау қызметінің директорлығына АҚШ-тың БҰҰ-дағы бұрынғы елшісі Джон Негропонте ұсынылып отыр.
Джон Болтонның БҰҰ-дағы АҚШ елшісі болып тағайындалуы - АҚШ президенті Дж.Буштың екінші әкімшілігінің көп дау-дамай туғызған таңдауы болып отыр. Бұл жерде дау туғызып отырғаны Дж.Болтонның БҰҰ-мын қатты сынағаны емес. Оның әлгі сыны кезінде қарама-қайшы пікірлер туғызған болатын.
АҚШ сенатының халықаралық қатынастар комитетіндегі демократтар Дж.Болтонның мемлекеттік департаменттің қару-жарақты таратпау бөлімінің басшысы болған кезінде барлау қызметіне қысым жасамақ болғанын дүйсенбі және сейсенбі күндері 2 күн бойы тергеп, айыптамақ болды. Оған дәлел ретінде демократ-сенаторлар Саддам Хусеиннің режимін құлату үшін Ираққа қарсы ашқан соғысын ақтау мақсатында Вашингтонның кәдесіне жаратқан жалған мәліметтерді тізіп келтірді.
Аталмыш комитеттің жетекші сенаторы Джозеф Байденның мәлімдеуінше, Иран мен Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламалары туралы тың мәлімет пайда бола қалса, ол проблеманы шешу үшін БҰҰ-ымының қолдауы керек болғанда Дж.Болтонның кесірі тиюі мүмкін.
- Бұл тағайындау, менің ойымша, Чэрман мырза, Америка Құрама Штаттарының мүддесіне онша сай келмейді, - дейді Дж.Болтон.
Сейсенбі күні мемлекеттік департаменттің барлау және ақпарат Бюросының бұрынғы басшысы Карл Фордтың дәлелдерін тыңдаудан кейін де демократтар Дж.Болтонға қарсы райынан қайтпады. К.Форд өз сөзінде Дж.Болтонның кертартпа ұстанымын қолдайтынын, бірақ оның басқару тәсілін кәсіби емес деп есептеп келгенін жасырмады.
- Егер Сіз оны өзіңіздің жеке кеңесшіңыз етіп алғыңыз келсе, егер Сіз оны үкіметтің БҰҰ-дағы және Кубаның биологиялық заттары бойынша сарапшы еткіңіз келсе және солай шешсеңіз - ол тамаша. Бірақ менің Сізге беретін кеңесім, бұл менің өз пікірім, адамдарға басшылық ету оған ешқандай жауапкершілікті жүктемейді, - деді К.Форд.
Сенат комитеті алдында Дж.Болтон барлау қызметкеріне өзінің қысым жасауға тырыспағанын, бірақ оған сенуден қалса да осы қызметіне қайта тағайындамақ болғанын айтып ағынан жарылды. Барлау сарапшысы сол қызметінде қалды. Халықаралық қатынастар комитетінің Республикалық партиядан сайланған сенаторлары бұл істі осымен шектеу керек те, БҰҰ-мын реформалауға атсалысу үшін Дж.Болтонның қабылетіне сенім арту қажет деп мәлімдеді.
Аталмыш комитеттің төрағасы сенатор Ричард Лугардың атап көрсеткеніндей, Дж.Болтонға президент пен мемлекеттік хатшы сенім артып отыр. Оның пайымдауынша, президент пен мемлекеттік хатшы Дж.Болтонның БҰҰ-дағы әрбір сөзін қадағалап отырады.
- Дж.Болтон БҰҰ-дағы біздің елшіміз ретінде белгіленді және ол шынында да Ұлттар Ұйымында жұмыс атқарады. Ол Болтонның жеке басының ісін немесе көзқарасын емес, АҚШ президентінің саясатын ұстанады. Мен оған сенемін, - деді Р.Лугар.
Сенаттың халықаралық істер комитетінде республикалық сенаторлар көпшілікті құрайды. Демек, аталмыш комитет осы аптаның аяғына қарай Сенаттың толық құрамына Дж.Болтонды елшілікке тағайындау керек деп кеңес беруге тиіс.
Сенаттың барлау істері жөніндегі басқа комитетінде Джон Негропонте – АҚШ президентінің барлау істері бойынша “бас кеңесшісі” міндетін атқара ала ма деген қолайсыз сауалдарға жауап беруіне тура келді. АҚШ-тың С.Хусеиннен кейінгі Ирақтағы бірінші елшісі болатын Дж.Негропонтеге 15 агенттік, оның ішінде АҚШ-тың жаңа барлау құрылымы қарайтын болады. Комитет төрағасы, Республикалық партиядан сайланған сенатор Пэт Робертс Дж.Негропонтені қатал болуға шақырды.
Демократ-сенаторлардың бірі Карл Левин таяуда мәлім болған бір құпия мәліметті мысалға келтірді. Атап айтқанда, АҚШ-тың барлау қызметі 11 қыркүйектегі бомбалық соққы бергендердің бірі мен Ирақ агентінің Прага қаласында кездескені туралы ақпарға күмән келтірген. Бірақ АҚШ басшылығы әлгі кездесуді болды деп дәлелдеп келді. К.Левиннің мәлімдеуінше, барлау қызметі Ақ үйге ақиқат ақпар беруге дайын болуға тиіс.
- Елші мырза! Бізге Ұлттық барлау қызметінің президенттің естігісі келмесе де, бірақ ол естуге тиіс мәліметтерді хабарлай алатын директоры керек. Барлау қызметтері басшыларының Ақ үйдің көңіл-күйіне қарай бұрмаланған немесе үлкейтіп көрсетілген мәліметтерді хабарлағанын біз тым көп көрдік, - деді К.Левин.