21 тамызда Сухумиде бірнеше мың адам жиналған митингі өтіп, халық Ресейді Абхазияның тәуелсіздігін мойындауға шақырды. Республика президенті Сергей Багапш жуырдағы оқиғалардан кейін Абхазияның Грузияға ешқашан қосылмайтынын тағы қайталады.
Сухумидегі митингіде сөз сөйлеген Абхазия президенті Сергей Багапш:
- Келешекте бір елде бірге өмір сүру туралы сөз қозғау мүмкін емес. Біз өркениетті халықтармыз – көрші елдер болып достық қарым-қатынаста өмір сүре аламыз, -деп мәлімдеді.
Сухумидегі 21 тамыз күнгі митингі - 1978 жылғы қозғалысты еске салады. Ол жылы абхаздар Грузияның ұлтшылдық іс-әрекетіне қарсы көтеріліп, өздерінің автономиялық территориясы советтік Ресей Федерациясының құрамына берілуін талап етті. Ол кезде бұл талап қабылданбады, бірақ келешек жанжалдың шоғы өшпеді. Совет Одағының соңғы жылдарында ол шоқ жалынға айналып, Грузия мен Абхазияның арасындағы қарым-қатынас ушыға түсті. Нәтижесінде Абхазия өзіне дербес одақтас республиканың мәртебесін беруді талап етті.
Ақыр аяғында 1989 жылы Сухумиде қантөгіс басталып, ондаған адам мерт болды, жүздеген халық зардап шекті. Абхазия совет үкіметінен араша түсуді талап етті.
Ресми Тбилиси советтік Конституцияның күшін жойып, тәуелсіз Грузия республикасының конституциясын қалпына келтіргенін жариялаған 1992 жылы ахуал бұрынғыдан да нашарлай түсті. Оған жауап ретінде 1992 жылдың шілдесінде Абхазия өз бетінше тәуелсіздігін жариялады.
Бірнеше апта өткен соң, 1992 жылдың 14 тамызында Грузияның ұлттық армиясы Абхазия мен оның астанасы - Сухумиге басып кіріп, ашық соғыс қимылдары басталып кетті.
Кавказдағы адам құқының жаппай бұзылуына, небір зұлымдық пен қантөгіске түрткі болған грузин-абхаз соғысы 13 айға созылып, шамамен 250 мың этникалық грузиннің Абхазиядан босып кетуіне мәжбүр етті.
Бір-бірінен бөліну және бітімге келу туралы келісімге 1994 жылдың мамырында Мәскеуде қол қойылды. Осы құжат 1994 жылдың маусымында БҰҰ қабылдаған Қарарға негіз болды. Қарар босқындарды қайтаруға шақырып, Грузияның егемендігі мен территориялық тұтастығын сақтауға деген екі жақтың да міндеттерін растады.
Бітімді қамтамасыз ету міндетін Тәуелсіз мемлекеттер достастығының атынан БҰҰ-ның бақылаушылар миссиясымен бірге Ресейдің бітім күштері атқарды.
Кейінірек 1994 жылы Абхазияның Жоғарғы кеңесі автономияны дербес тәуелсіз мемлекет деп жариялайтын республиканың жаңа Конституциясын қабылдады. Осы оқиғадан соң, екіжақты қарым-қатынас онша жақсы болмаса да, кейде-кейде, әсіресе 1998 жылдың мамыры мен 2001 жылдың қазан айындағы қантөгіс сынды қақтығыстар болып тұрса да, “жанжал басылды” деп есептеліп келді.
1999 жылы Абхазияда референдум өтіп, абхаз халқы 1994 жылғы Конституцияны тағы да мақұлдап, тәуелсіздікті қалайтынын білдірді.
25 тамыз күні Ресей парламентінің жоғарғы палатасы – Федерация кеңесі өзінің төтенше мәжілісіне жиналып, Абхазия мен Оңтүстік Осетияның тәуелсіздіктерін мойындау мәселесін қарайды.
Сухумиде 21 тамызда өткен митингіде Абхазия президенті Сергей Багапш:
- Ресей Федерациясының саяси басшылығы қандай шешім қабылдайтынын біз әлі білмейміз. Әйтсе де біз ол шешім дұрыс болады ғой деп көп үміттенеміз. Қазіргі таңда біз үшін ең маңыздысы – Ресейдің көзқарасы, -деп мәлімдеді.
“Біз, -деп тағы да қайталады Сергей Багапш, - ешқашан Грузиямен бір мемлекет болып өмір сүре алмаймыз”.