Мәскеу - Тбилиси жанжалынан туған дипломатиялық дағдарысты талқылау Украина мен Тәжікстан астаналарында жалғасатын сияқты. Британия сыртқы істер министрі Киев сапарына Ресейге қарсы кең коалиция құру үшін баратынын мәлімдесе, Ресей президенті өзінің қытайлық әріптесімен жүздесу үшін Душанбеде жүр.
Ұлыбритания тамыздың басында Ресейдің Грузияға басып кіруіне табанды түрде қарсы шыққан көп елдің бірі болды. Өткен сейсенбі күні Мәскеу Грузиядан бөлінген екі республиканың тәуелсіздігін мойындағанда, Дэвид Милибэнд Батыстың оған деген қарсы көзқарасын білдіріп, Кремлдің әрекетін “заңсыз әрі жол беруге болмайтын қадам” деп бағалады.
Ұлыбритания сыртқы істер министрі сәрсенбі күнгі Украинаға сапарын Ресейдің “басқыншылығына” қарсы кең коалиция ұйымдастыру үшін пайдалатынын мәлімдеді.
Британ министрі Киевте Украина президенті Виктор Ющенкомен келіссөз өткізеді. Сәрсенбі күні В.Ющенко да Ресейдің іс-әрекетін өткір сынға алды.
НАТО-ға кіруге ұмтылғаны үшін Грузия сияқты Украина да Ресейдің наразылығын туғызды. Украинаның бұрынғы сыртқы істер министрі Анатолий Зленконың атап көрсетуінше, Грузиядағы жағдай Украинаға да қатер болып төнеді. Өйткені, көпшілік жұрт этникалық орыстар басым тұратын Қырым түбегі тағы бір жанжал аймағына айналуы мүмкін деп алаңдайды.
А.ЗЛЕНКО: - Дау жоқ, ондай қатер бар. Өйткені, бұл жанжал Украинаға өте жақын. Сондықтан да біз осындай қатерге сақ болуымыз керек және Украинаға қатысты кез-келген арандатушылыққа жол бермеуіміз керек.
Бұл жерде мен екеуін салыстырғым келмейді. Өйткені, олар тіпті әртүрлі нәрсе. Украина – тәуелсіз, азат, бейбітшіл және ешқашан басқыншылыққа бармайтын ел. Қырым – тәуелсіз Украинаның бөлінбейтін құрамдас бөлігі.
Ресми Лондон шығысқа қарай көз тіккенде, өз кезегінде Ресей бетін Қытайға қарай бұрды.
Сәрсенбі күні Ресей президенті Дмитрий Медведев Тәжікстан астанасы – Душанбеде Қытай басшысымен кездесуі тиіс. Бұл кездесу Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдер басшыларының Оңтүстік Осетия проблемасы талдануы мүмкін кезекті саммитінің қарсаңында өтпекші.
Осыған дейін ресми Бейжің Кавказдағы жанжалға пәлендей сыр білдірмей келді. Демек Шанхай ұйымы жетекшілерінің Душанбедегі кез-келген мәлімдемесі бір жағынан Грузия мен оның батыстық әріптестерінің, ал екінші жағынан – Ресей мен Қытайдың теке-тіресін күн тәртібіне шығарады.
Сейсенбі күні жаңа “қырғиқабақ соғысының” басталуы мәселесін сөз еткенде Д.Медведев Ресейдің “қырғиқабақ соғысқа” ұмтылмайтынын, бірақ ондай теке-тірестен қорықпайтынын мәлімдеді.
Сонымен қатар Ресей президенті Батыстың бірнеше баспасөз құралына сұхбат беріп, Financial Times газетінің сәрсенбілік санына Кавказдағы ахуалға деген Кремлдің көзқарасы мен саясатын сипаттап түсіндіретін мақаласын жариялап, “ақпараттық шабуылға” көшті. Өз мақаласында ол Мәскеудің Грузияға әскерін жіберу туралы шешімін ақтап, Оңтүстік Осетияны өзіне күштеп қосуды жоспарлаған Грузия президенті Михаил Саакашвилиді есінен ауған адамға теңеді.
Сонымен қатар Д.Медведев, Ресейдің табанды қарсылығына қарамастан, Батыс елдері Косовоның өз бетінше және бір жақты жариялаған тәуелсіздігін мойындауынан кейін, Оңтүстік Осетия мен Абхазияның тәуелсіздігін мойындаудан басқа Мәскеудің амалы қалмағанын мәлімдеді.
Қазіргі халықаралық қарым-қатынас туралы Ресей президенті “кейбіреулер үшін сіздердің бір ережеңіз, өзгелер үшін тіпті басқа ережеңіз болмауы керек” деп жазды.
Алайда, әзірше бірде-бір басқа мемлекет Ресейге еріп, Абхазия мен Оңтүстік Осетияның тәуелсіздігін танитынын мәлімдеген жоқ.