АҚШ үкіметінің кеңесшілер тобы коронавирусқа қарсы Pfizer/BioNTech вакцинасын мақұлдады. Жақын арада АҚШ азық-түлік және дәрі-дәрмек әкімшілігі (FDA) вакцинаға байланысты түпкілікті шешім шығаруы тиіс.
10 желтоқсанда кеңесшілердің басым бөлігі вакцинаны қолдап дауыс берген.
Осыған дейін Pfizer 16 мен 85 жас аралығындағы адамдарға екі реттен вакцина егуді сұраған. Азық-түлік және дәрі-дәрмек әкімшілігі вакцинаны мақұлдаса, жаппай вакцинация бағдарламасы демалыс күндері басталуы мүмкін. Бірінше кезекте денсаулық сақтау саласының мамандары мен қарттар үйіндегі адамдарға дәрі егіледі. Кейінірек қалған тұрғындарға салынады.
Ұлыбритания осы аптада Pfizer/BioNTech вакцинасын жаппай сала бастаған. 9 желтоқсанда Канада Pfizer-BioNTech екпесін мақұлдаған әлемдегі екінші елге айналды.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ Түркия Ресей вакцинасы сынақтан өтсе, сатып алуы мүмкін ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ Ұлыбритания осы аптада тұрғындарға коронавирус вакцинасын еге бастайды