Қазақстан Бас прокуратурасы Қаңтар оқиғасына "12 қылмыстық топ қатысқанын, Алматы әуежайын қаңтар оқиғасы кезінде күзетсіз қалдырған полиция бастығы қамауға алынғанын хабарлады. Бас прокуратураның өкілі Елдос Қилымжановтың бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтқан бұл мәліметін Tengrinews.kz таратты.
"Арнаулы прокурорлар тәртіпсіздікке 12 қылмыстық ұйым қатысқанын анықтады. Оның ішінде "Дикий Арман" аталып кеткен Арман Жұмагелдиев, "Қазақсандық" және "Айшуақ - Жантүгел" қылмыстық топтары белсене араласқан. Қылмыстық топтардың 23 мүшесі мен 4 қылмыстық "авторитет" қамауға алынды,- дейді Елдос Қилымжанов.
Қилымжановтың сөзінше, "жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды" деген айыппен 547 адам күдікті санатына қосылған, 269 адам қамауға алынған.
Қилымжанов мұнан өзге, Қаңтар оқиғасы кезінде "Анна" қару-жарақ дүкенінен қару ұрлап, Алматы әуежайына, Алматы қаласының Алмалы аудандық полиция департаментіне "шабуыл" жасаған адамар ұсталғанын мәлімдеген, бірақ олардың аты-жөндерін айтпаған.
- Құқық қорғау органдары 5 қаңтарда бір топ адаммен бірге "Қазаэронавигация" ғимаратына шабуыл жасап, Алматы әуежайының ұшу-қону жолақтарының жарығын өшірген адамды тапты,- дейді Бас прокуратура өкілі.
Оның сөзінше, "қызмет міндетін орындамағаны, әуежайды күзетсіз қалдырып, әуежайды басып алуға жол бергені үшін Алматы қаласы әуежайының желілік полиция бөлімінің бастығы ұсталған".
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ "Алматы әуежайын басып алу ісі" бойынша белсендінің үйіне тінту жүргізілдіЕлдос Қилымжановтың айтуынша, Қаңтар оқиғасы кезінде әуежайда 165 қауіпсіздік қызметкері, 40 полиция қызметкері, 65 шекарашы, 60 авиациялық қауіпсіздік қызметкері болған. Шабуылға тойтарыс беру үшін оларға қару берілген.
Биыл Қаңтар оқиғасы кезінде Қазақстанда он мыңға жуық адам қамауға алынып, кемі 230 адам қаза болған еді. Оқиғаны Ақорда терррристік акт деп атаған және президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға "20 мың бандит шабуылдады" деген. Алайда "терористік акті мен бандиттер шабуыылын" әзірге нақты фактілермен дәлелдеген емес.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ ІІМ Алматы полициясы мен әуежайына шабуыл жасаған күдікті ұсталғанын хабарлады ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ Алматы облысында әкімдік пен полиция ғимаратын басып алмақ болды деген 11 адам ұсталды