Өзбекстан аумағына бес снаряд құлады. Ауғанстаннан жіберілген болуы мүмкін

Өзбек-ауған шекарасы. Көрнекі сурет.

5 шілде сағат 16:20 шамасында Өзбекстанның шекара аумағына бес реактивті снаряд түскен. Снарядтар Ауғанстан жағынан жіберілген деген болжам бар. Бұл жөнінде Өзбекстан сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде жазылған.

"Снарядтар құлаған кезде жарылмағанын атап өту керек, сол себепті адам шығыны да жоқ, ештеңе қирамады" деп жазылған сыртқы істер министрлігінің хабарламасында.

Ақпаратқа қарағанда, Термез қаласы маңындағы елді мекендердің біріндегі төрт жеке тұрғын үй шамалы бүлінген. Бесінші снаряд футбол алаңынан табылған. "Снарядтарды саперлар тобы зиян келтірмейтіндей қылды" деді СІМ өкілдері.

Ведомство өкілдерінің айтуынша, қазіргі кезде Өзбекстан өкілетті органдары ауған жағымен бірігіп оқиғаның себептерін анықтауға күш салып жатыр.

Сәуір айында Өзбекстанның кейбір ресми сайттары "Ислам мемлекеті" ұйымының Хорасандағы бөлімшесі Ауғанстан аумағынан Өзбекстанның Сурхандария облысындағы әскери нысандарға он зымыран жібергенін хабарлаған еді. Алайда Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевтің баспасөз хатшысы мұны жоққа шығарып, оны арандату әрекеті деп атаған.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Орталық Азия елдері шекара түбінде тәліп әскерінің күшейгеніне алаңдайдыӨзбекстан Мазари-Шариф әуежайын қалпына келтіру үшін Ауғанстанға мамандарын жіберді Тәліптер дос па, қас па? "Талибанға" жылы қабақ танытқан Өзбекстан өз аумағында исламшыл топтарды қыса бастадыӨзбек сыртқы істер министрі: Тәліп идеологиясының экспортынан қорықпаймызРесми Ташкент "Талибан" үкіметін мойындау шарттарын атады