Азат Еуропа/Азаттық радиосы мен Қазақстан билігі аккредитация бойынша медиациялық келісімге келді

Азат Еуропа/Азаттық радиокорпорациясының Прагадағы бас кеңсесі

Азат Еуропа/Азаттық радиосы (АЕ/АР) Қазақстан сыртқы істер министрлігімен осы елдегі тілшілерінің аккредитациясы мәселесі бойынша келісімге келді.

"Біз сыртқы істер министрлігімен келісімді құптаймыз. Бұл процесс барысында басты мақсатымыз журналистеріміздің Қазақстандағы маңызды жұмысын қауіпсіз әрі компромиссіз жүргізуіне мүмкіндік жасау болды. Өз аудиториямызға тәуелсіз әрі шынайы ақпарат беру міндетімізге адал болып қала береміз және бұл келісім осыны жүзеге асыруға жағдай жасайды деген сенімдемін", – деді Азат Еуропа/Азаттық радиосының президенті әрі атқарушы директоры Стив Капус.

2024 жылғы қаңтарда Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Азат Еуропа/Азаттық радиосының 36 журналисіне аккредитация беруден бас тартқан. Азаттықтың кей тілшілері аккредитациясын 2022 жылдың аяғынан бері ұзарта алмай келген.

30 қаңтарда Азат Еуропа/ Азаттық радиосы бұл шешімге наразылық білдіріп, сотқа жүгінген. "Журналистерді қорғау комитеті" халықаралық баспасөз еркіндігін қорғау ұйымы Қазақстан билігін Азаттық тілшілеріне аккредитация беруге шақырған.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

"Журналистерді қорғау комитеті" Қазақстан билігін Азаттықтың 36 тілшісіне аккредитация беруге шақырды"Азаттық ісі": СІМ бітімнен бас тартты. АҚШ елшісі мәселе қазақ үкіметімен диалогта талқыланып жатқанын айттыАзаттық аккредитация беруден бас тартқан Қазақстан СІМ шешіміне қарсы арыз түсірдіАстана аккредитациясы жоқ ақпарат құралдары мен журналистер жұмысына тыйым салуды ұсынып отырҚазақстан билігі Азаттық журналистеріне аккредитация бермей отыр