Жексенбі күні Теһран револициялық сотында маусымның 12-дегі президенттік сайлаудан кейінгі толқуларға қатысы бар деп ұсталған 25 адамның ісі қаралды. Бұл дауыс берулер қорытындысына наразылық танытқан шеруге шықты деп қамалған үшінші топтың соты.
Иран түрмесінде отырғандардың азапталып жатқаны туралы айтылып, оған халықаралық сындар күшейіп отырған тұста, Теһран даулы президенттік сайлаудан кейін ұсталған үшінші топтың сотын бастады.
Иранның ақпарат агенттіктері қамаудағы оппозиция қолдаушылары мен шерушілердің соты жексенбі күні басталды деп жазғанымен, олардың кімдер екені айтылмады.
“ИРНА” ақпарат агенттігі қамауға алынғандардың біразына елдегі исламдық жүйені құлатпақ болды, заңсыз шерулерге қатысты, қоғамдық мүлікті талқандады және шеру кезінде қолдан жасалған бомба пайдаланды деген айыптар тағылып отыр деп жазуда.
Бұл сайлаудан кейінгі шерулерге қатысты осыған дейін екі сот процесі өткен. Иран оппозициясы мен халықаралық қауымдастық сот отырыстарын сынға алды.
ТҮРМЕДЕГІ КЕЙБІР АДАМДАРҒА ӘЛІ РЕСМИ АЙЫП ТАҒЫЛМАҒАН
Екінші топтың сотында қамауда отырған 110 диссидентке, оның ішінде көптеген саясаткер, журналистер мен заңгерлерге елдің қауіпсіздігіне қарсы әрекет етті деген айып тағылған.
Жаппай соттаулардың алдыңғы тобында Ирандағы белгілі реформашылдар, бұрынғы президент Мохаммад Хатамидің жақын одақтасы, экс вице-президент Мохаммад Али Абтахи және реформашыл партияның жетекшісі Мохсен Мирдамади сияқты танымал тұлғалар болды.
Қамауда отырған жүздеген шеруші мен саяси белсенділердің кейбіріне әлі айып тағылмаған.
Тегі ирандық, Канададағы тілші Мазияр Бахари де түрмеде отырған журналистердің бірі. Оның адвокаты Салех Никбахт Фарда радиосына берген сұхбатында, журналистің қамалғанына екі айға жуық уақыт өтсе де, ол қорғаушысымен кездестірілмеген деді.
“Қамалғандардың көбіне ұлттық қауіпсіздікке қарсы әрекет жасады деген айып тағылды. Ал олар айыпты мойындамайды. Онда ұлттық қауіпсіздікке қатысты айыптардың 15 немесе 16 түрі бар. Олардың бірі Иранның жүйесіне қарсы насихат жүргізді, Иранның шетелдік жау елдерімен бірікті дегеннен басталып, өлім жазасына дейін әкелетін айыптардың бәрі ұлттық қауіпсіздікке қарсы деп саналады. Мазиярға нақты қандай айып тағылғаны белгісіз”.
ОППОЗИЦИЯ ТҰТҚЫНДАҒЫЛАР АЗАПТАЛДЫ ДЕЙДІ
Бұл арада Иранның оппозициялық жетекшілері түрмеде отырған кейбір адамдар азапталып, зорлыққа тап болып жатыр деген мәлімдеме жасады.
Оппозция лидері Мехди Кароубидің вебсайтында жарияланған мәлімдемеде түрме сақшылары қамаудағыларды ұрып-соғып, төрт аяқтатып, еңбектетіп жүргізіп, қинаған делінген. Және онда Каризак түрмесінде қамауда болғандардың кейбірін тыр-жалаңаш шешіндіріп,бір-біріне қарап тұруға мәжбүрлеген деген мәліметтер айтылған.
Мұны Иран парламентінің спикері Али Ларижани жоққа шығарды.
Адам құқын қорғаушы заңгер Насрин Сотоуденің сөзіне қарағанда, жеке қамалған реформашыл журналист Иса Сахархиз аяусыз соққыға жығылған.
“Сахархиз маған өзінің қабырғалары сынғанша, бірнеше рет соғылғанын айтты. Ол айтпаса да, сіз оның сынған қабырғаларын қолыңызбен ұстап-ақ байқай аласыз. Бұған қоса оған өткен бір ай бойы ешқандай айып тағылмаған. Заң бойынша қамаудағы адамға 24 сағаттың ішінде айып тағылуы тиіс”.
Шива Назар Ахари Ирандағы сайлау қортындысына наразылық танытқан шерулерден кейін ақ ұсталған студент. Оның анасы Шахрзад Каримиян қамауға алынған қызынан еш хабар ала алмай отырғанын айтады:
“Соңғы екі айдың барысы, яғни 62 күннің ішінде мен қызыммен кездесуге рұхсат ала алмадым. Мен Евин түрмесінің ресмилерінен қызыммен кездесуге алты рет мұрсат беруін сұрадым. Соңғы 20 күнде қызымның жағдайы туралы мүлде ешнәрсе біле алмадым, олар қазір бізге телефон арқылы сөйлесуге де мүмкіндік бермей отыр”.
Маусымның 12-де өткен президенттік сайлаудан кейінгі елдегі наразылық шерулері барысында кемінде 30 адам қаза тапты.
Иран ресмилерінің мәліметіне қарағанда, бұл шерулерге қатысты 3 мыңнан аса адам қамауға алынды.