Қазақстандағы қырғыздар сайлаудан кейін елдерінде жақсы өзгеріс болатынына үмітпен қараса, Алматы қаласында түсауы кесілген жаңа институт Құрманбек Бәкиевтің жеңіске жететіне сенімді
Шілденің 23-інде, Қырғызстан президентін сайлау күні Алматы бойынша екі сайлау учаскесі жұмыс істеді. Оның бірі Қазақстандағы Қырғыз Республикасының консулдығында, ал екіншісі «Барыс» базарының маңында орналасты.
Алматыдағы Қырғызстан мемлекетінің консулдығында орналасқан №27 сайлау учаскесіне алғаш келгендердің бірі Талғат есімді қырғыз азаматы,
- Мен бүгін дауыс беруге келдім. Алайда кімге дауыс бергенімді айтпаймын. Меніңше, бұл сайлаудан кейін Қырғызстанда жағдай өзгеруі тиіс, - деп қысқа қайырды сұхбаттасымыз.
№27 сайлау учаскелік комиссиясының төрағасы Айнұр Сұлтанбекованың айтуынша, таңертеңнен түске дейін 200-ден аса азамат келген. Сайлаушылардың арасында алдын-ала дауыс бергендер де бар екен.
Қырғызстанның орталық сайлау комиссиясы, алыс-жақын шет елде орналасқан 49 сайлау учаскелерінде 147 мың Қырғызстан азаматы келіп дауыс беруі тиіс екенін хабарлады. Тәуелсіз Қырғызстан тарихындағы 4-президенттік сайлауға бюджеттен 3 жарым миллион доллар қаржы бөлініп, 3 миллионға жуық сайлау бюллетеньдері шығарылды. Ал әлеуметтік сұрау салу деректері бойынша, мемлекет басшысын сайлауға дауыс беруге құқықты қырғыз азаматтарының 80 пайызы ниет білдіріпті.
Бейсенбі күні Алматыда тұсауын кескен «Саяси шешімдер институтының» алғашқы зерттеу жұмысы да Қырғызстандағы сайлауға қатысты жүргізілген екен.
Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан елдері мамандарының қатысуымен Дельфи әдісі бойынша жүргізілген зерттеудің нәтижесі бұл сайлауда президент Құрманбек Бәкиевтің 60 пайыз дауыспен жеңіске жететінін көрсеткен.
Сарапшылар мұны қазіргі президенттің сайлау барысында қырғызстандық электорат пікіріне әкімшілік ресурс пен саяси және әлеуметтік тұрғыда ықпал ете алуымен түсіндіреді.
«Саяси шешімдер институтының» талдау және консалтинг бөлімінің жетекшісі Рустам Бурнашевтың айтуынша, сарапшылар екінші орынға шамамен 20 пайыз дауыс жинап Алмазбек Атамбаев жетеді, басқа үміткерлер 3-5 пайыз дауыс жинайды деген қорытынды жасаған.
Сондай-ақ, сарапшылар Қырғызстандағы саяси режимнің ауысуы елде бірқатар мәселелердің күрт нашарлауына алып келуі мүмкін деген
- Аймақтағы басты ойыншылар ретінде Қазақстан мен Өзбекстан мемлекеттері болса, олардың өзіне ықпал ету коэффициенті 10-15 пайыз ғана болуы мүмкін, - дейді Рустам Бурнашев.
Сайлаудың ресми нәтижелері 30-шілде күні жарияланады. Егер үміткерлердің ешқайсысы тиісті 50 пайыздық межеден аса алмаса, екінші тур өткізіледі.
Құрманбек Бакиев Қырғызстан президенті болып 2005 жылдың 10 шілдесінде сайланған болатын.
Алматыдағы Қырғызстан мемлекетінің консулдығында орналасқан №27 сайлау учаскесіне алғаш келгендердің бірі Талғат есімді қырғыз азаматы,
Бірнеше жылдан бері Қазақстанда тұратын қырғыз азаматы Отанында өтіп жатқан президенттік сайлауға Алматыдағы Қырғыз консулдығында орналасқан сайлау уческесінде дауыс берді. 23 шілде 2009 жыл.
өз еліндегі жағдайды жіті қадағалайтындардың бірі. Бірнеше жылдан бері Қазақстанда жұмыс істейтін жігіт өз жеріндегі болып жатқан елеулі оқиғаға немұрайлы қарай алмайтынын айтты. - Мен бүгін дауыс беруге келдім. Алайда кімге дауыс бергенімді айтпаймын. Меніңше, бұл сайлаудан кейін Қырғызстанда жағдай өзгеруі тиіс, - деп қысқа қайырды сұхбаттасымыз.
№27 сайлау учаскелік комиссиясының төрағасы Айнұр Сұлтанбекованың айтуынша, таңертеңнен түске дейін 200-ден аса азамат келген. Сайлаушылардың арасында алдын-ала дауыс бергендер де бар екен.
Қырғызстанның орталық сайлау комиссиясы, алыс-жақын шет елде орналасқан 49 сайлау учаскелерінде 147 мың Қырғызстан азаматы келіп дауыс беруі тиіс екенін хабарлады. Тәуелсіз Қырғызстан тарихындағы 4-президенттік сайлауға бюджеттен 3 жарым миллион доллар қаржы бөлініп, 3 миллионға жуық сайлау бюллетеньдері шығарылды. Ал әлеуметтік сұрау салу деректері бойынша, мемлекет басшысын сайлауға дауыс беруге құқықты қырғыз азаматтарының 80 пайызы ниет білдіріпті.
Бейсенбі күні Алматыда тұсауын кескен «Саяси шешімдер институтының» алғашқы зерттеу жұмысы да Қырғызстандағы сайлауға қатысты жүргізілген екен.
Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан елдері мамандарының қатысуымен Дельфи әдісі бойынша жүргізілген зерттеудің нәтижесі бұл сайлауда президент Құрманбек Бәкиевтің 60 пайыз дауыспен жеңіске жететінін көрсеткен.
Сарапшылар мұны қазіргі президенттің сайлау барысында қырғызстандық электорат пікіріне әкімшілік ресурс пен саяси және әлеуметтік тұрғыда ықпал ете алуымен түсіндіреді.
«Саяси шешімдер институтының» талдау және консалтинг бөлімінің жетекшісі Рустам Бурнашевтың айтуынша, сарапшылар екінші орынға шамамен 20 пайыз дауыс жинап Алмазбек Атамбаев жетеді, басқа үміткерлер 3-5 пайыз дауыс жинайды деген қорытынды жасаған.
Сондай-ақ, сарапшылар Қырғызстандағы саяси режимнің ауысуы елде бірқатар мәселелердің күрт нашарлауына алып келуі мүмкін деген
Саяси шешімдер институтының талдау және консалтинг бөлімінің жетекшісі Рустам Бурнашев. Алматы, 23 шілде 2009 жыл.
де болжам айтып отыр. Алайда ол өзгерістердің көршілес мемлекеттерге айтарлықтай ықпалы жоқ көрінеді. - Аймақтағы басты ойыншылар ретінде Қазақстан мен Өзбекстан мемлекеттері болса, олардың өзіне ықпал ету коэффициенті 10-15 пайыз ғана болуы мүмкін, - дейді Рустам Бурнашев.