Астана қалалық соты бұрынғы экология министрі Нұрлан Ысқақовтың апелляциялық шағымын қанағаттандырмай тастады. Оның адвокаты бұл істе пайда болған жаңа жайттарды сот назарға алмады деп мәлімдеп, енді қадағалау алқасына шағым түсірмек.
Желтоқсанның 15-күні бұрынғы экология министрі Нұрлан Ысқақовтың апелляциялық шағымын қараған Астана қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасы оған шығарылған аудандық соттың үкімін күшінде қалдырды.
Ысқақовтың адвокаттары оның ісінде қылмыстық құрам жоқ болғандықтан қылмыстық істі тоқтатып, ааудандық сот шығарған үкімнің күшін жоюды сұраған болатын.
Осыдан бір ай бұрын, 16 қараша 2009 жылы, Астананың Есіл аудандық соты Нұрлан Ысқақовты құрамында улы заттар бар конденсаторларды кәдеге жарату іс-шарасын атқарған кезде мемлекетке 1,172 миллиард теңгенің (шамамен 6,7 миллион доллар) залалын тигізген коррупциялық қылмыстар жасаған деп тауып, экс-министрді 4 жылға жалпы режимдегі түзеу мекемесіне қамау туралы үкім шығарған болатын.
Алайда, істі қараған сот төрешісі Ерлан Тасыров Нұрлан Ысқақовқа тергеу кезінде тағылған «қылмыстық топты ұйымдастырған» деген
Ысқақовтың адвокаты Ермек Бектасов Азаттық радиосына берген түсініктемесінде «қылмыстық істер жөніндегі алқа тіпті бұл істе пайда болған жаңа жайттарды қараусыз қалдырды» деп мәлімдеді.
Оның айтуынша, Нұрлан Ысқақовққа үкім шығарлыған соң 5 күннен кейін Қазақстанның қоршаған ортаны қорғау министрлігі «Балқаш-9» нысанында қанша конденсатор қалғандығын анықтау мақсатымен аудит жүргізген. Санақ нәтижесі Астана сотында айтылғандар мен нақты қолда бар заттардың санының арасында алшақтық барын көрсеткен.
Ермек Бектасовтың сөзінше, «үкімде айтылған 7280 конденсатордың орнына «Балқаш-9» нысанында қазіргі уақытта 5966 конденсатор жинақталып қалған, оның 1462-сі KEGOC компаниясының еншісінде» екен.
– Сот қоршаған ортаны қорғау туралы министрліктің комиссия мүшелерін шақырту туралы біздің берген өтінішімізді кері қақты. Ал ол адамдар әлгі айтылған сәйкессіздіктер туралы нақты түсінік берер еді, бірақ қалай болғанда да, сот қоршаған ортаны қорғау министрлігіне еш қатысы жоқ конденсаторлар үшін де бұрынғы министрді жауапты етіп отыр, – деді Ермек Бектасов Азаттық тілшісіне.
Ол сондай-ақ, қоршаған ортаны қорғау министрлігінің бұрынғы жауапты хатшысы Рүстем Хамзинге қатысты бар болғаны «өз міндетін лайықты атқармағандығы туралы» жеке қаулы шығарған Есіл аудандық соты судьясының іс-әрекетіне түсінбестік танытты.
– Нұрлан Ысқақовтың орынбасарлары дәл сондай қылықтары үшін нақты жазаға ілінді, ал жауапты хатшыға тек саусақ шошайтып, сұс танытумен ғана шектелді, – дейді Ермек Бектасов.
Оның айтуынша, 15-желтоқсанда Нұрлан Ысқақовпен кездескен соң олар ары қарайғы іс-әрекеттері туралы кеңеседі, яғни, «әңгіме Қазақстан Жоғарғы сотының қадағалау алқасына шағым жазу туралы болмақ».
Қоршаған ортаны қорғау министрінің бұрынғы орынбасарлары Әлжан Брәлиев пен Зейнолла Сәрсенбаев «өз міндеттерін лайықты атқармағандығы үшін» сот үкімі бойынша тиісінше екі және үш жыл мерзімге шартты жаза алған болатын. Алайда ол екеуі де үкімге қатысты жоғары тұрған сот орындарына шағымданудан бас тартты.
Қазіргі уақытта толықтай қуат көзінен ажыратылған «Балқаш-9» нысанын «Күзет» фирмасы күзетеді. Бұған дейін «Қазақмыс» компаниясының нысандарын күзеткен ол фирманың қызметкерлері жаңа орынға – Қарағанды облысының Балқаш қаласына ауыстырылды.
Ысқақовтың адвокаттары оның ісінде қылмыстық құрам жоқ болғандықтан қылмыстық істі тоқтатып, ааудандық сот шығарған үкімнің күшін жоюды сұраған болатын.
Осыдан бір ай бұрын, 16 қараша 2009 жылы, Астананың Есіл аудандық соты Нұрлан Ысқақовты құрамында улы заттар бар конденсаторларды кәдеге жарату іс-шарасын атқарған кезде мемлекетке 1,172 миллиард теңгенің (шамамен 6,7 миллион доллар) залалын тигізген коррупциялық қылмыстар жасаған деп тауып, экс-министрді 4 жылға жалпы режимдегі түзеу мекемесіне қамау туралы үкім шығарған болатын.
Алайда, істі қараған сот төрешісі Ерлан Тасыров Нұрлан Ысқақовқа тергеу кезінде тағылған «қылмыстық топты ұйымдастырған» деген
Ерлан Тасыров, қоршаған ортаны қорғау министрлігінің бұрынғы басшыларының ісін қараған судья. Астана, 26 маусым 2009 жыл.
айыптың сот барысында дәлелденбеуі себепті, ондай айыптауды алып тастады.Ысқақовтың адвокаты Ермек Бектасов Азаттық радиосына берген түсініктемесінде «қылмыстық істер жөніндегі алқа тіпті бұл істе пайда болған жаңа жайттарды қараусыз қалдырды» деп мәлімдеді.