Қазақстанның жалпыға мойындалған көсемсіз, жастардың моральдық-адамгершілік бағдарсыз, ал қазақ қоғамының рухани беделді тұлғасыз өмір сүргеніне жиырма жылға таяп қалды. Нұрсұлтан Назарбаев ондай тұлға үдесінен шыға алмады.
1917 жылдың ақпан төңкерісіне дейін-ақ, қазақтардың алғашқы жалпыұлттық «Қазақ» газетінде, белгілі қоғам қайраткері, ғалым, публицист Әлихан Бөкейхан орыс жазушылары Лев Толстой мен Владимир Короленколардың өмірі мен шығармашылығы туралы жаза келіп, оларды орыс ұлтының ары мен ожданы деп атады.
Әділет үшін айта кету керек, Әлихан Бөкейханның өзі 1917 жылы қазақ халқының көсемі – «Алаш ұлы» деп танылды. Ол бұл құрметке қазақтың ұлттық мемлекеттілігін қалпына келтіру жолындағы жалынды да қайтпас күрескер ретінде ие болды.
Ал енді арада жүз жылдай уақыт өткенде, бір кездері Әлихан Бөкейханов бастаған ұлт зиялылары өзімен күші тең емес империялық Ресеймен жан аяспас күрес жүргізіп, өмірлерін қиған тәуелсіздікке қол жеткізген бүгінгі Қазақстанда қазақ қоғамы өзінің ар-ожданы мен мақтанышы деп айта алатын саясаткер немесе шығармашылық қайраткер бар ма?
ЭНЦИКЛОПЕДИЯ ТҮЗГІШ ДАНИЯР ӘШІМБАЕВ: ҰЛТҚА КӨСЕМ БОЛАРЛЫҚ ТҰЛҒА ЖОҚ
Азаттық радиосы осы сауалмен Қазақстандағы белгілі саясатшыларға, зерттеушілерге, тәуелсіз журналистер мен саясаткерлерге қайрылған еді. Олардың алғашқысы – «Кто есть кто в Казахстане?» ақпараттық-баспалық жобасының жетекшісі, энциклопедияшы және қазіргі биліктің тарихын зерттеуші Данияр Әшімбаев.
Ол дәл қазір елдің ары мен ожданы деп атауға тұрарлық тұлғалар Қазақстанда жоқ деп есептейді. Азаттық радиосына берген сұхбатында Данияр Әшімбаев мұндай тұлғалар көптен бері болған жоқ деген пікір білдірді:
«Қазіргі Қазақстан қоғамында қандай да бір моральдық идеалға мұқтаждық жоқ. Бізде қоғамдағы сондай идеал болуға қабілетті тұлғалар жоқ. Өйткені, қазіргі қоғамның менталитеті бойынша жалпыға мойындалған беделді тұлғалар жоқ сияқты. Өзінің шығармашылығымен немесе саяси қызметімен идеал екенін көрсете алатын адам жоқ.
Өйткені, тәуелсіздік жылдарында олардың әрқайсысының белгілі бір жағымсыз сипаты пайда болды. Мысалы «көлеңкелі экономикалық» процестерге араласу, т.б. сияқты. Дәл қазір оған барлығы теңесуге ұмтылатын шығармашылық, оның үстіне саяси тұлғаны табу мүмкін емес деп ойлаймын».
Данияр Әшімбаевтың бұл пікіріне алматылық саясаттанушы Досым Сатпаев та қосылады. Бұдан бөлек, Азаттық радиосына берген сұхбатында, Ол Қазақстанда жарқын тұлғалар ғана емес, сонымен бірге «интеллектуал-мемлекетшілдер» деп айтуға тұрарлық адамдар да жоқ деп санайды.
СЕРГЕЙ ДУВАНОВ: АРОН АТАБЕК – ЖАСТАРҒА БАҒДАР БОЛАР ТҰЛҒА
Тәуелсіз журналист Сергей Дуванов та бүгінгі қазақ қоғамында басқалар теңесуге тырысатын тұлға жоқ деп есептейді. Азаттық радиосына берген сұхбатында Сергей Дуванов «есесіне халықтың ар-ұяттан жұрдай бөлігі бар» деп мәлімдеді:
«Ондайлар әсіресе жазушылар арасында көп кездеседі, және жалпы интеллигенция арасында солай. Интеллигенция шетінен сатылуға бейім. Олар бүгінде қазіргі режимнің өте дарынсыз малайы болып жүр. Мен бүгінгі интеллигенцияның арасынан қазіргі режимнің саясатына қарсылық білдірген, ең болмағанда келіспейтінін білдірген бір адамның да атын атай алмас едім».
Сергей Дувановтың пікірінше, бүгінде Қазақстанда өсіп келе жатқан ұрпақ үшін үлгі болар, бой түзейтін ешкім жоқ. Бірақ, ол мұндай адамның болашақта пайда боларын жоққа шығармайды.
Азаттық радиосына берген сұхбатында Сергей Дуванов өзінің идеологиялық оппоненті деп есептейтін белгілі қазақ ақыны және қайраткерінің атын атады. Журналистің пікірінше, бұл қайраткер жастардың еліктеуіне тұратын адам. Сергей Дуванов былай дейді:
«Бұл өте шетін әрі маңызды мәселе. Үлгі тұтар азаматтар жоққа тән. Парадокс. Мен Арон Атабектің позициясымен келіспеймін, идеологиялық жағынан оның қарсыласымын. Бірақ, соған қарамастан, оның өзін-өзі ұстауы, түрмеде отырып-ақ өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарып, биліктің өзін кінәлауы маған тек осындай адамдардан ғана болашақта жастарға бағдар болатын тұлға пайда болар деп ойлауға негіз болады.
Бірақ, бұл болашақта, Арон Атабек жазасын өтеп, түрмеден шыққан соң болады. Ал, бүгінде ондай үлгі тұтар азаматтар болмағандықтан, толықтай рухани жұтаңдық байқалып отыр. Қазіргі жастардың арасында ондай адам мүлдем жоқ.
Мықтағанда бұл Рэмбо немесе батыстық фильмдердің әлдебір кейіпкері болуы мүмкін. Бізге бөтен қаһармандарды үлгі етіп өмір сүрудеміз. Біздің өз кейіпкерлеріміз, өз идеалдарымыз жоқ. Олардың пайда болуы мүмкін. Өмірдің өзі олардың пайда болуына итермелейді. Бірақ, өкінішке қарай, бүгінгі күні бұл сұраққа мен «жоқ!» деп жауап беремін».
«БЕЛЬГЕР, АТАБАЕВ ЖӘНЕ ШАХАНОВТАР ҚҰРМЕТКЕ ЛАЙЫҚ»
Оппозициялық газетте жұмыс істеген жас азамат Алмас Көшербаев қазіргі шығармашылық интеллигенцияның арасынан идеал болмаса да, құрметке лайық және беделі бар жарқын өкілдері деп өзі санайтын үш бірдей адамның атын атады:
Олардың бірі – жазушы Герольд Бельгер. А.Көшербаевтың пікірінше, «қазақы тәрбиесі мен немістік тамыры тұтаса келе оның бойындағы жоғары және мәңгілік құндылықтарға деген табандылықты қалыптастырды».
«Оның атасы неміс болғанымен, мен оны қазақ зиялысы деп есептеймін. Қазақтың, Қазақстанның зиялысы дәл сондай болуы керек», - деді Алмас Көшербаев Азаттық радиосына берген сұхбатында.
ЖҮКЕЕВ КӨСЕМ БОЛАРЛЫҚ ЕШКІМДІ ЕСІНЕ ТҮСІРЕ АЛМАДЫ
Бұрынғы жоғары дәрежелі шенеунік, бүгінде «Азат» опппозициялық партиясының бас хатшысы Төлеген Жүкеев қазіргі уақытта халықтың ары мен ожданы бол деп талап қою максималистік болып табылады деп есептейді. Ол мұндай талапқа сай келер бір де бір адамның атын атай алмады.
Төлеген Жүкеевтің пікірінше, тарихи, саяси және өзге де, соның ішінде адамгершілік-өркениеттік жағдайларға байланысты қазақтар үшін мұндай кезең әлі басталған жоқ. Бірақ ол болашақта, мүмкін 10-15 жылдан соң, мұндай адамның пайда боларына сенімді.
«Біз жаңа жүйені құрып жатырмыз. Ал ол болса, қисық-қыңыр. Әрине, өте өкінішті. Қазақстандағы бүгінгі режим, өңін айналдырған тоталитарлық режим екенін, жемқорлыққа белшесінен батқан, іріп-шіріген авторитарлық режим екендігін мен бірнеше мәрте айтқанмын», – деп мәлімдеді Төлеген Жүкеев.
ДОСЫМ СӘТПАЕВ НАЗАРБАЕВТЫ ЕЛГЕ ОРТАҚ КӨСЕМ ТҰЛҒАҒА ЖАТҚЫЗБАЙДЫ
Елде өткен сайлаулардың ресми нәтижелеріне сүйенер болсақ, бүкілхалықтық қолдауға ие Қазақстанның президенті, логикаға салсақ, сонымен бірге ұлттық көсем, рухани әке, жастарға бағдар, ұлттың ары мен ожданы болуы керек қой. Ол сондай адам болып тұр ма?
Саясаттанушы Досым Сәтпаевтың пікірінше, Нұрсұлтан Назарбаевты ұлт көсемі деп Қазақстан элитасының белгілі бір бөлігі ғана мойындайды.
«Қоғамның басқа бөлігі президент Нұрсұлтан Назарбаевты ұлт көсемі деп санамайды. Бірақ олар көрші елдердегі жағдайлармен салыстыра отырып, қазіргі президентті басшылардың ең жаманы деп те айтпайды», – дейді Досым Сәтпаев.
Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бұрынғы серігі Төлеген Жүкеев тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында қазіргі президент шынымен жалпыұлттық деңгейдегі көсемнің сипатында болғанын айтады. «Алайда, уақыт өте келе, Қазақстан басшысы біртіндеп өзгеріп, ол қасиетін жоғалта бастады».
«Назарбаев өзінің президенттік міндетін тек сайлау науқандары кезінде атқарады: аймақтарды аралайды, теледидардан сөйлейді, ал қалған уақытта ол өзін мафияның басшысы секілді ұстайды, – деп жазады оның бұрынғы бұрынғы күйеу баласы Рахат Әлиев «Өкіл қайын ата» атты кітабында.
Алайда, бұл басқа әңгімеге – саяси күрес жайындағы тақырыпқа өзек болатын пікір. Ал бұл мақаланың ауторын Қазақстандағы саясаткерлер мен сарапшылардың ел ішінде отырып байқаған қоғамның тыныс-тіршілігі туралы пікірлері мен көзқарасы қызықтырған болатын.