Сәуірдің 12-сі - бүкіләлемдік авиация және ғарыш күні қарсаңында Азаттық радиосына берген сұхбатында Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаев Байқоңырдың болашағы жайында әңгімеледі.
РЕСЕЙ БАЙҚОҢЫРДАН КЕТСЕ, ҒАРЫШ АЙЛАҒЫН САҚТАП ҚАЛУ ҚИЫНҒА ТҮСЕДІ
– Талғат мырза, өткен жылдың аяғына қарай сіз парламенттің төменгі палатасының комитетінде сөз сөйлеп, «Байқоңыр ғарыш айлағын өзіміз дұрыс пайдалана бастауға даярлануымыз керек» деп айттыңыз. Сонда сіз «дұрыс пайдалану» деп нені меңзедіңіз? Расымен-ақ Ресейдің Байқоңыр кешенін пайдаланудан бас тартуы мүмкін бе?
– Менің ойымша, Қазақстан Республикасы Байқоңыр ғарыш айлағындағы орындар мен дүние-мүліктің қожайыны ретінде ондағы дүниенің бәрін өз ғарыштық өнеркәсібін құру кезінде пайдалануы тиіс.
Қиыр Шығыста Шығыс ғарыш айлағын салу шешімін қабылдау барысында Ресей ғарыштық бағдарламаларды іске асыруда Байқоңыр ғарыш айлағының маңызын қайта қарауға кіріседі. Шығыс ғарыш айлағын салған соң Байқоңырдан ұшырылып жүрген ғарыш аппараттары ресейлік ғарыш айлақтарына көшірілуі мүмкін.
Ондай жағдайда Ресей Байқоңыр ғарыш айлағын жалға алуды бірте-бірте қоя бастайды, өйткені, қаржыны жалға алуға емес, өз ғарыш айлағын дамытуға жұмсағаны экономикалық тұрғыда әлдеқайда тиімді болмақ.
Бұл нені білдіреді? Ерте ме, кеш пе, әйтеуір бір Ресейдің Байқоңырдан кетуі Қазақстан алдына ғарыш айлағын сақтап қалу және оны ары қарай дамыту мәселесін қояды.
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында ғарыш саласын құруға байланысты міндеттерді шешуге бағытталған бірінші кезекті жобалар қатарына: «Ангара А-5» зымыран-тасымалдауыш базасындағы «Бәйтерек» зымыран-ғарыштық кешені, «ҚазСат» байланыс және таралым спутниктік жүйесі, Астанадағы іріктеу-сынақ кешені және Қазақстан Республикасының Жерді қашықтан тексеру ғарыштық жүйесі кіреді. «Жерден бастау алу» ресейлік-украиндік жобасына қатысу мәселесі қаралуда.
ҒАРЫШТЫҚ ЖОБАЛАРМЕН КӘСІПҚОЙЛАР АЙНАЛЫСУЫ КЕРЕК
– Талғат мырза, ғарыш ғылымы мен техникасы саласына қазақстандық мамандарды даярлау қалай және қайда жүзеге асуда, жеткілікті түрде қаржыландырыла ма? Қазіргі жаһандық қаржы-экономикалық дағдарыс елдің ұлттық ғарыштық бағдарламасын қаржыландыруға әсер етіп жатқан жоқ па?
– Ғарыштық қызметтің жақсы дамуы айтарлықтай мағынада мамандарды даярлау және қайта даярлаудың деңгейіне тікелей байланысты. Бірқатар отандық жоғары оқу орындарында «радиотехника, электроника және телекоммуникациялар», «радиобайланыс және радионавигация», «жылжымалы байланыс жүйелері мен құралдары», «радиобайланыс, радиотаралым және телевизия», «көпарналы телекоммуникациялық жүйелер» кәсіптері бойынша мамандар даярланады.
Мәскеу авиациялық институтының Байқоңыр қаласында орналасқан «Восход» бөлімшесінде 1996 жылдан бері қазақстандық азаматтар республиканың ғарыштық саласына даярланып келеді, бүгінгі таңда бөлімшеде Қазақстанның 42 азаматы білім алуда.
«Болашақ» президенттік бағдарламасының шеңберінде ғарыштық мамандықтар бойынша біздің студенттеріміз Ресей, АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Германия, Голландия, Канада, Қытай жоғары оқу орындарында білім алуда. Бүгіндері ғарыштық қызмет саласында 97 стипендия иегері бар.
Қазғарыш «2009-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы ғарыштық қызметті дамыту» мемлекеттік бағдарламасының жобасы даярлануда. Бағдарламада ғарыш саласы мамандарының біліктілігін көтеруге және қайта даярлауға; мамандандырылған оқу орындарын құруға; ғарыштық жүйелерді құру жөнінде іске асырылатын жобалар шеңберінде мамандарды мақсатты кәсіби оқытуға бағытталған нақты іс-шаралар белгіленетін болады.
Алға қойылған міндеттерді орындау нәтижесінде кәсіби даярлау жүйесі, ғарыштық қызметке арналған инженерлік-техникалық және ғылыми мамандардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау жүйесі құрылмақ.
"ҚАЗСАТ» ЖОБАСЫНЫҢ СӘТСІЗДІГІН ТЕРГЕУ МЕН ОҒАН КІНӘЛІЛЕРДІ ІЗДЕУ - МЕНІҢ ӨКІЛЕТТІГІМЕ ЖАТПАЙДЫ"
– «ҚазСат-2» оның алдындағы «ҚазСат-1»-дің қайғылы тағдырын қайталап жүрмей ме? Соны болдырмас үшін Қазғарыш қалай қамдануда? «ҚазСат-1» спутнигінің сәтсіздігіне кім жауапты? Қазақстан «ҚазСат-1»-ге жұмсалған 65 миллион долларды қайтара ала ма?
– «ҚазСат-2» алғашқы «ҚазСат-1»-дің қайғылы тағдырын қайталамай ма?" деген сұраққа жауап бермес бұрын, нақты кейбір жайттарды түсіндіріп өту керек. Үлкен өкінішке қарай, ғарыш саласы мамандарының пікірінше, «ҚазСат» тәрізді ұлттық спутник жасаудың міндеттерін шешу стратегиясы дұрыс таңдалмаған.
Біріншіден, сол уақытта елде кәсіби (ғарыштық) мемлекеттік орган болған жоқ. Соның әсерінен спутник жасаудың қате жолы таңдалған. Техникалық мәселелерді айтпағанның өзінде, «ҚазСат-1» спутнигін жасау шартына (контрактісіне) Қазақстан тарапынан «Ұлттық инновациялық қор» (ҰИҚ АҚ) қол қойған, яғни ғарыш қызметінің кәсіби мамандары емес, ал Ресей тарапынан Хруничев атындағы ФГУХ ГКНПЦ (өте мықты зымыран-ғарыштық фирма, алайда оның әлгіндей спутниктік жүйе жасау тәжірибесі болмаған).
Нәтижесі бірден көрінді. «ҚазСат-1» спутнигі кепілдік берілген мерзімнен айтарлықтай аз уақыт (2 жылдан аз) жұмыс істеді. Ал, белгіленген мақсатта жұмыс істеуге сол күйі жарамсыз болды.
«ҚазСат-2» спутнигін жасау жұмыстары да кәсіби мемлекеттік орган (Қазақстан Республикасының Ұлттық ғарыш агенттігі) құрылғаннан біршама уақыт ерте басталғаны жағдайды одан сайын қиындатып отыр. 2006 жылы келісімшарт тағы да Хруничев атындағы ФГУХ ГКНПЦ фирмасымен жасалған.
«ҚазСат-2» спутнигінің құрылысы негізделген идеология да «ҚазСат-1»-ден алыс емес. Сондықтан, «ҚазСат-2» құрылысын түбегейлі өзгерту мүмкін емес.
Бірақ, осыған қарамастан, мүмкіндігінше «ҚазСат-2» спутнигін басқару жүйесінің сапалық маңызын арттыру мақсатында Қазғарыш тарапынан ұсыныстар жасалды. Ресейлік ОКБ «Марс» кәсіпорыны жасаған борттағы сандық есеп жүйесінің (БСЕЖ) орынына «ЕADS - Astrium» компаниясы жасаған батысеуропалық баламасын орнату мәселесі қаралуда.
Осы кезде Ресей жағы спутник құнын арттыруды және жасау мерзімін екі жылға дейін ұзартуды талап етті.
«ҚазСат-1» спутнигінің сәтсіздікке ұшырауына кінәлі кім екенін тергеуге менің өкілеттігім жоқ. Менің міндетім басқа — кәсіби еместер жасап қойған дүниені мүмкіндігінше түзету. Әлгі спутниктің сәтсіздікке ұшырауы заңды, өйткені мен ылғи айтамын ғой, әркім өз ісімен айналысу керек: наубай нан пісірсе, етікші етік жөндеумен айналысу керек. Қазір де менің айтарым сол.
Ал, енді ғарыштық жобалармен екібастан барынша кәсіби мамандар шұғылдану керек. Әйтпесе, «қойшы көп болса, қой арам өледі» дегеннің кері келеді. Мәселен, спутникпен Қазақстанның бұрынғы Үкіметінің жебеуімен Білім және ғылым министрлігі, Ақпараттандыру және байланыс агенттігі, Ұлттық инновациялық қор айналысқан. Ал, енді айтыңыз, бұлардың қайсысы ғарыштық кәсіби орган?
Теориялық жағынан желге ұшқан ақшаны қайтарып алуға Қазақстанның мүмкіндігі бар және бұл мәселемен Республикалық ғарыштық байланыс орталығы шұғылданып та жатыр. Бірақ, мұнда да, былайша айтқанда, трагикомедиялық жағдай қалыптасып отыр: ақшаны қайтарумен, яғни сақтандыру пұлын алумен Қазғарыш бөлімі, яғни «РЦ КС ЭМС РЭС» АҚ айналысуда, бірақ ақшаны «ҰИҚ» АҚ алмақ.
ҒАРЫШТЫҚ ЖОБАЛАРМЕН ТҮРЛİ МЕКЕМЕЛЕР АЙНАЛЫСҚАН
– Талғат мырза, «Бәйтерек» ғарыш кешенін жасау мәселесі қай сатыда тұр? Ол бағдарлама да осының алдындағыдай ғарыш саласына жауапты болған шенеуніктердің кезекті соқыр тәуекелшілігі емес пе? Ал, егер олай болмаса, онда «Бәйтерек» кешенін іске қосу және пайдалануда қандай нақты міндеттер қойылып отыр?
– «Бәйтерек» ғарыштық зымырандық кешенін құру постсоветтік кеңістіктегі қазақстандық-ресейлік ең ірі ауқымды жоба болып табылады. Бұл жоба «Байқоңыр» ғарыш айлағынан зымырандық отынның өте улы бөліктерін (амил, гептил) пайдаланатын зымырандарды ұшырудың зиянды әсерін азайтуға бағытталған.
Қазақстан Республикасының үкіметі мен Ресей Федерациясының үкіметі арасында «Бәйтерек» ғарыштық зымырандық кешенін салу туралы 2004 жылы 22 желтоқсанда келісімшарт жасалған еді. Ол кезде Қазғарыш құру ешкімнің ойында жоқ болатын. Әрі жобаны жүзеге асыру барысында техникалық қиындықтар пайда болып, келісімде белгіленген мерзімді ысыруға тура келді.
Тағы да сол – бұл келісімшартты да ғарыш мамандары даярлаған жоқ. Іс жүзінде келісімшартта Ресей тарапының міндеттері көрсетілмеген, немесе мерзімсіз, санкциясыз жәй әншейін жазыла салған.
Бұл да тыңғылықты даярлықсыз істі бастап кетудің тағы бір мысалы. Қалайша елде негізгі нәрселер – орталық (кәсіби) мемлекеттік орган және кешеннің не екенін түсінетін мамандар жоқ кезде келісімшарт жасауға болады!?
Ғарыштық жобалар мұндай күрделі істе ештеңе түсінбейтін министрліктер мен мекемелерге үлестірілген еді.
Плесецк ғарыш айлағында жоспарлы «Ангара А-5» зымыран-тасымалдаушыны ұшу-ғарыштық сынақтан өткізу мерзімін Ресей Федерациясының Федералдық ғарыш агенттігі 2011 жылға ысырған. «Ангара А-5» зымыран-тасымалдаушы сынақтан сәтті өткен жағдайда "Бәйтерек" ғарыштық зымырандық кешенін 2012 жылы ұшу-ғарыштық сынақтан өткізу жоспарда бар.
Аталмыш жобаны іске асыру нәтижесінде Қазақстан Республикасы дамыған жоғары технологиялық ғарыштық өнеркәсібі, осы заманғы ғарыштық инфрақұрылымы бар әлемдік ғарыш державаларының клубына енеді. Ал, ең бастысы ғарыш кеңістігіне өз бетінше ғарыш аппараттарын ұшыру мүмкіндігіне ие болады.
– Байқоңыр қаласындағы жергілікті тұрғындардың әлеуметтік дәрежесі жайында не айтар едіңіз? Қалада қазақстандық заңдардың күші жүрмейтіні, жергілікті тұрғындардың жұмысқа тек ресейлік паспорт (азаматтық) арқылы ғана алынатыны, айналымда тек ресейлік валюта екені, ал қазақтың паспортымен тек екінші деңгейдегі жұмысқа (еден жуушы, жүк тасушы, көлік жүргізуші дегендей) тұруға болатыны ешкімге жасырын емес.
– Бұл енді, мүлдем менің мәселем емес. Елімізде осы мәселелер құзыретіне берілген министрліктер мен мекемелер бар. Тарихи кездейсоқтық болар, Қазғарыш Байқоңыр ғарыш айлағының мәселелері бойынша үйлестіруші болып отыр, соған орай әлгі мәселелерді шешуге Қазақстанның орталық мемлекеттік органдарын тартуға тура келеді.
Иә, айтпақшы, Байқоңыр қаласының әкімі бір мезгілде президенттің ғарыш айлағындағы арнайы өкілі болып табылады. Ол бағыттар бойынша әкімнің атқарар шаруасы жеткілікті.
– Талғат мырза, бізге уақытыңызды арнағаныңыз үшін сізге рахмет! Ғарыштық табыстар тілейміз!