Қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров қазір зейнеткер, сәйгүлік баптап, саят құрып жүрген жайы бар. Бірақ парламент депутаттығына сайлауға түсуі мүмкін екенін де жасырған жоқ. Осы және басқа да жайттар турасында зейнеттегі ғарышкер Азаттыққа берген сұхбатында әңгімелеген еді.
№1 ҒАРЫШКЕР ЕШҚАНДАЙ ПАРТИЯҒА КІРМЕЙМІН ДЕП ШЕШІПТІ
- Тоқтар мырза, бізге қазақтың тұңғыш ғарышкері қазір немен айналысады, парламенттен неге кетті деген сұрақтар жиі қойылады. Осыған байланысты алғашқы сұрақ: Сіз өзіңіз депутат болған төменгі палата «тарқап» кеткен кезде өткен кезектен тыс сайлауға неге түспедіңіз? Парламенттің «тарап» кеткен төменгі палатасындағы алдыңғы шақырылымның ішінде жалғыз ғана сыни пікір сіздікі болғаны мәлім.
- Мен, біріншіден, мені ұмытып кетпей хабарласқандарыңыз үшін рахмет айтамын. Екіншіден, менің қазір зейнет демалысында екенімді бүкіл жұрт біледі, мен зейнеткермін.
Депутаттық мандатымды тапсырып кеткелі бері мені ешкім ешқайда шақырған емес. Негізі, заң бойынша, мені жұмысқа орналастырулары керек еді, дегенмен ешкім менің қайда жүргенімді сұраған жоқ, бірақ бұл олардың шаруасы ғой.
Мен неліктен сайлауға түспедім? Бір ғана қарапайым себеппен мен сайлауға түсе алмадым, өйткені, депутаттыққа түсу үшін партияның мүшесі болуың керек, ең болмаса «Нұр Отанның».
- Парламенттің кезектен тыс сайлауынан бұрын да, кейін де сізді «Нұр Отанның» қатарына кіруге шақырмады ма?
- «Нұр-Отан» да, басқа партиялар да мені өз қатарларына шақырды, бірақ мен бара алмадым, өйткені мен кезінде басқарушы, бағыттаушы, барлығын бағындыра білген Коммунистік партияның мүшесі болғанмын. Өркениетті елде мұндай болмайды, бұл Советтер одағының жүйесі болатын және Қытайда болған шығар. Енді бізде де, тәуелсіз Қазақстанда осы жағдай қайталанып отыр.
Биліктің партиясы бәрінен басым түсетін жалғыз партия. Саған партияның бағдарламасы мен жарлығына қарсы тұруға ешкім мүмкіндік бермейтінін, тек қана дұрыс сөйлеуің керек екенін түсіну үшін асқан ақылдың керегі жоқ деп ойлаймын.
Өзіңіз байқағандай, «тарқап» кеткен парламенттегі жалғыз сыни пікір Әубәкіровтікі болды. Егер мен «Нұр Отаннан» сайлансам, ол пікірдің өзі естілмей қалатын еді, бұл - заңды. Осылайша өзімді де, айналамды да ұятқа қалдырмас үшін мен ешқандай партияға кірмеймін, ешкіммен байланыспаймын деп шештім.
ГЕНЕРАЛ ШЕНДІ ҒАРЫШКЕР ПРАПОРЩИКТІҢ ЖАЛАҚЫСЫМЕН БІРДЕЙ ЗЕЙНЕТАҚЫ АЛАДЫ
- Тоқтар мырза, сіз қазір зейнеткермін дедіңіз, осыған байланысты сәл ыңғайсыздау бір сұрақ қойсам: Советтер одағы мен Қазақстанның батыры, 4-ші шақырылымдағы парламенттің депутаты, ұлттық әуе ғарыш агенттігінің негізін қалаушы және алғашқы жетекшісі, авиация генерал-майоры, тұңғыш ғарышкер-ұшқыш Тоқтар Әубәкіровтің зейнетақысы қанша?
- Қазіргі зейнетақым қазақстандық әскердің прапорщик атағы бар әскери қызметкерінің жалақысымен бірдей болуы мүмкін.
- Сонау советтік дәуірден жинақталған ұшқыш-сынаушының бай тәжірибесі тәуелсіз Қазақстанға қажет болмады ма?
- Жоқ. Олар бұл салада өздерінің тәжірибелерін жеткілікті санайды. Әрине, түсініксіздеу, оның үстіне мен бұл салада көп жайды бастан кешкенмін.
- Сіз Совет одағының ең жоғарғы атағын алған алғашқы ұшқыш және ғарышты бағындырған алғашқы қазақ ретінде қазақтың, елдің мақтанышы болдыңыз, солай болып қаласыз да. Бірақ, сіз соңғы уақытта көрінбей кеттіңіз, сізді қоғам «жоғалтып» алды.
- Жоқ, неге көрінбей кеттім? Анда-санда мені естеріне түсіріп, мен туралы айтып қояды. Жақында ғана ТМД елдері азаматтарының ішінен таңдалатын «Алтын адам» наградасының тапсырылу рәсімі болды, қазақстандықтардың арасынан бұл награда маған тапсырылды.
Әрине, халықтың мені ұмытпағанына қуанамын. Анкетаның сұрағына адамдар бұл адам жыл адамы болуға лайық деп жауап беріпті. Сіз бұқаралық ақпарат құралдары мені көрсетпеуге тырысады дегеніңізбен, халық мені «Алтын адам» ретінде таңдады.
ПРЕЗИДЕНТ МЕНІ ҚАЛУҒА ҮГІТТЕГЕН, БІРАҚ МЕН ЗЕЙНЕТКЕРЛІККЕ ӨЗІМ КЕТТІМ
- Тоқтар мырза, сіз зейнеткерлікке жасыңыз келгендіктен кеттіңіз бе, әлде керексіз болып қалдыңыз ба?
- Жоқ, мен өз қалауыммен кеттім. Менің еңбегім жасымнан да көп. Өйткені, авиацияда әдеттегі бір жыл екі жылға есептеледі. Оның үстіне ғарыш саласының өлшемі мүлдем бөлек. Кеткім келіп жүрген сол кезде президент мені қалуға үгіттеген болатын. Бірақ мен: «Қала алмаймын», — дедім де, кетіп қалдым, яғни өзім кеттім!
Әрқашанда шешімді өзің жеке қабылдауың керек. Спортшының жеңіліп кеткені жаман ғой, мезгілсіз кету, солай емес пе?
- Сіз Ресеймен Байқоңыр туралы келісім жасау тапсырылған Ұлттық ғарыш агенттігінің алғашқы басшысысыз, қазір Қазақстанда жаңа агенттік пайда болды ма?
- Жоқ, бұл жаңа агенттік емес, бұл сол мен құрған агенттік, тек оны қазір басқа адам басқарып отыр.
— Иә, жақында ғана сол Ұлттық ғарыш агенттігінің жаңа басшысы, сіздің әріптесіңіз, № 2 ғарышкер Талғат Мұсабаев алғашқы жоғалып кеткен «Қазсат-1» жер серігіне ғарыш саласына қатысы жоқ адамдардың тапсырыс бергенін мәлімдеді. Парламент депутаттары «Қазсат-2» де соның жолын құшады деп алаңдаулы. Талғат Мұсабаевтың айтуынша, агенттіктің бұрынғы басшылығы Ресейде жасатқан «Ишим» ғарыш кешені де ескірген техника болып табылады екен. Сіздіңше, ғарыш сияқты арнаулы салаға неге кәсіби мамандарды шақырмайды, мұндай мамандар Қазақстанда көп болмаса да, бар ғой...
- Меніңше, өз ісі бойынша көп нәрсені білетін адам үлкен шенеуніктермен салыстырғанда салаға көп зиян әкеледі деп ойлайтын болса керек. Қазақстанның кадр саясатында сол саланы білетін адамнан гөрі, сол туралы естігені бар адамның отыратыны белгілі жайт.
Егер ол өз саласын терең білетін болса, онда ол оған керек болмайды. Ол барлық жерде бәрін біліп тұрады және нұсқау береді. Ал бұл деген жүргізіліп отырған саясатқа қарсы.
«ЖАП-ЖАС» АТА НЕМЕРЕСІН ҒАРЫШКЕР РЕТІНДЕ КӨРУДІ АРМАНДАЙДЫ
— Тоқтар мырза, сіз ұлттық әскердің прапорщигінің жалақысымен бірдей көлемде зейнетақы алатын зейнеткерсіз...
— Бұл деген жақсы жағдайда ғой...
— «Жақсы жағдайда» бұлай болса, онда генерал ғарышкер немен күн көруде?
— Менің балаларым бар, олар маған көмектесіп тұрады. «Не ексең, соны орасың» дейді ғой, әйелім екеуміз жақсы балалар өсірген шығармыз, қазір жемісін көрудеміз. Менің екі ұлым, бір немере қызым бар.
- Біреу ғана ма?
- Әзірге біреу, мен әлі «жап-жас» атамын ғой. Бұл әлі басы ғой деп ойлаймын, екі ұлым да үйленген. Алла қаласа, көп немерелерім болады.
- Ал сіз немерелеріңіздің өзіңіз сияқты ұшқыш, ғарышкер болғанын қаламайсыз ба?
- Бәрімізге белгілі қанатты сөзді сәл басқашалау айтсақ, онда «Кім немересінің ғарыш кемесінде отырғанын көргісі келмейді» дейсіз?
- Сіздің кейбір сұхбаттарыңызда жылқы өсіруді жақсы көретініңіз айтылады, қазір бұл әуестігіңізді қойып кеткен жоқсыз ба?
- Мен әуестенген ісімді жолда қалдыратын адам емеспін, оның үстіне жылқыға деген сүйіспеншілігім алабөтен. Мен жылқыларымды ешқашан бәйгеге, ат шабыстарына қосқан емеспін, менде жылқыны 30-40 шақырымға алқындыратын ондай «қанішерлік» жоқ.
Мен сол сұлу жануарға қарап сүйсінемін, менің ермегім сол. Жылқылардың өрісте құйрық-жалдарын төгілтіп шауып жүргенін тамашалауды мен ғана емес, балаларым да ұнатады, бұл дегеніңіз асқан сұлулық қой.
- Сіздің аңшылығыңыздан да хабарымыз бар. Бір кездері елдің орталық облыстарында малға қасқыр шапқаны байқалған кезде сіздің қарда жүретін көлігіңізбен қарағандылықтарға қасқыр атуға көмекке шыққаныңызды басылымдар жазған. Биыл ондай мәселе жоқ па, сізден тұрғындар көмек сұрамады ма?
- Менің бақытыма орай, қазір Қазақстанда дәулеттілер көп, көбісінің менікінен де жақсы қарда жүретін көліктері бар. Кейбіреулердің жұмысын тастап, аң аулауға немесе демалысқа кететін мүмкіндіктері бар. Өйткені, бізде жұмыстар жолға қойылған, бірінші басшыларсыз-ақ жұмыс жүйелі түрде жүріп жатады.
Ал олар (бастықтар) қасқырларды соғып алады. Мен осы жылы қандай бастықтар қай жерлерде қонақта болды, қанша қасқыр атып алды дегенді әдейі бақылап отырмын, өзім әлі шыққан жоқпын.
Бірақ сонау алыстағы Талдықорғаннан қазір маған көмек сұрап қоңырау шалушылар көп. Биыл бұрын-соңды болмаған жағдайда қасқырдың шабуы болып тұр дейді олар. Негізі табиғи балансты сақтау, жыртқыштар мен өзге тіршілік иелерінің тепе-теңдігін ұстау өте маңызды. Мысалға, ақбөкендер мен арқарлар көп заманда қасқырлар санының көбеюінен қорықпауға да болар еді.
Бірақ ақбөкендердің саны күрт азайып кеткен кезде қасқырлардың саны бұрынғы қалпында қалды. Қасқырлар сол кезде ақбөкендердің көбеюіне ғана емес, елдің мал шаруашылығына да көп зиянын тигізді. Және дер кезінде біздің қасқырлар санын реттегенімізді табиғаттың өзі құп көреді.
ҚАЗАҚСТАН ЫЛДИҒА ҚҰЛДЫРАП БАРАДЫ ЖӘНЕ БҰЛ БАСЫ ҒАНА
- Биылғы жылғы қасқырдың шабуы елдегі экономикалық жағдайдың қиындығына байланысты болуы мүмкін. Қазір елдегі жұмыссыздықтың күрт өсуі мен кәсіпорындардың жабылуынан хабардар шығарсыз. Ресми БАҚ-ның хабарлауынша, үкімет қандай да бір шаралар жасап жатқан көрінеді, бірақ қарапайым халық соны сезініп отырған жоқ. Ал сіз, Тоқтар мырза, ұлттық экономикадағы қазіргі жағдайды қалай сезінудесіз?
- Мен сізге бұл нәрсені халықтың толық сезініп отырмағанын айтқым келеді. Жуықта, мүмкін жазға қарай, шынымен сезінеді деп ойлаймын. Өйткені, бюджетті қысқарту басталып та кетті. Премьердің ақылы орнында болса, минералды шикізаттың әлемдегі қазіргі бағамын ескеріп, асығыстықпен қысқартқан бюджетті қайта қарауы керек деп ойлаймын.
Біз жайлап төмен кетіп барамыз. Және біздің көреріміз әлі алда. Біз қазір еңкіш тартып барамыз, кейін не боларын кім біледі... (әрине, Құдай сақтасын!) Бәрі де әлемдік дағдарыстың әсеріне байланысты.
Егер әлемді осындай қасірет жайласа, біздің елдің жағдайы не боларын болжау да мүмкін емес. Біз өндірістік ел емеспіз ғой. Біз әлемнің минералды ресурстарды қаншалықты тұтынатынына тәуелдіміз.
Егер әлемдік дағдарысқа байланысты біздің шикізатымызды пайдалану азайса, онда біз шынымен тұңғиыққа кетеміз. Сол кезде ғана халық бабаларымыздың қазақтың малдан ажырамауы керек дегенін ұғынады. Кедей шаруаның жанын мал ғана сақтап қалады.
ҚАЗАҚСТАН – МЕНІҢ ОТАНЫМ, АТА-БАБАМНЫҢ ЖЕРІ, АЛ ХАЛЫҚТЫ ҚОРҒАУ ҚАЖЕТ
- Тоқтар мырза, саясатқа қайта оралайықшы. Қазақстанда саясатсыз ешқайда кете алмайсыз. Саясаткерлер мен оппозиция жетекшілерінің, қоғамдық ұйымдар басшыларының Қазақстанның ЕҚЫҰ-на төрағалығына байланысты елде осы жылы кезектен тыс парламент сайлауы өтеді деп жүргендерінен хабардар шығарсыз. Егер осы сөз расқа шығып жатса, сіздің қандай да бір партияның атынан сайлауға түсу ниетіңіз жоқ па?
- Құдайдың жолы құлшылықсыз болмайды дейді ғой, бәрі мүмкін, жоқ деп нық айта алмаймын. Өйткені, бұл менің Отаным, менің ата-бабамның жері, ол қорғауды қажет етеді. Мен сізге айттым ғой, маған көптеген өкілдер келіп, депутаттыққа түсуімді қолқалайды.
- Сауалнамалар қорытындысы көрсеткендей, жеке компаниялар мен банк қызметкерлері, тіпті мемлекеттік шенеуніктердің өзі елден көшіп, басқа жаққа тұрақты мекен-жайларын ауыстырғысы келеді екен. Алматылық бір қаржыгердің айтуынша, Қазақстан өгей Отанға айналып бара жатқан көрінеді, сізде ондай сезім жоқ па?
- Жоқ! Сіз білесіз бе, бұл өздерінің іс-әрекеттерін ақтағысы келгендердің сөзі. Бұл адамдар қандай да бір себептермен елден қашуға мәжбүр немес қашуға дайындалып жүргендер. Содан кейін Отанымыз өгей болды деп байбаламдайды.
Мен бұл пікірмен ешқашан келіспеймін. Отан қандай болса да, ол — ана. Нашар отбасылардың балаларына анасын ішкіш, қаңғыбас десе де, олар анасына барғысы келіп тұрады ғой. Бұл сұрағыңызға менің тарапымнан қолдау таба алмайсыз, өйткені Отаны туралы адамның осылай айтуын дөрекілік деп санаймын.
Бірақ мен осы, яғни жай-жағдайы келіскен адамдардың өтіп кеткен сайлауларда қайда жүргенін сұрағым келеді. Олар дауыс беруге бармаймыз деп қашқақтаған шығар мүмкін. Бұл жерде олар өздерін өздері сатып кетіп отыр. Мұндайда халық сайлауға барып, ұнайтынын немесе ұнамайтынын айтулары керек.
Назарбаевты халықтың 91 пайызы қолдады деп жариялады ғой, міне Назарбаев президентіміз. Және мен оны халық өзі қалап алды деп ойлаймын. Халықтың ол үшін барып дауыс бергенін өз көзіммен көрдім.
- Бірақ, дегенмен, оппозиция жетекшілері тәуелсіздік жылдарында Қазақстанда демократиялық өлшемге сай келетін бір де бір әділ сайлау болмады дегенді ылғи айтады ғой. Яғни, Қазақстанда «қалай дауыс беру емес, қалай санау маңызды» деген сталиндік дәстүр қалыптасып қалған ба?
- Қымбаттым, сен маған айтшы, соны кімнің санайтынын? Назарбаевтың өзі ме? Сіз бен біз сияқтылар ғой дауысты санайтындар.
- Тоқтар мырза, Азаттық радиосының тыңдармандары мен оқырмандарына не тілер едіңіз?
- Өкінішке қарай, менің Азаттықты ылғи тыңдай алатын мүмкіндігім жоқ, бірақ сіздерді Қазақстанда ғана емес, шетелдерде де көптеген адамдар тыңдайды.
Азаттықтың тыңдаушылары мен оқырмандарына өз істеріңізге сын көзімен қарай біліңіздер дер едім. Істеген ісің дұрыс па, әлде өзің үшін ғана ма, сондықтан не істесең де сараптау керек.
Сондықтан тыңдармандар мен оқырмандарға, өздеріңізге сыни тұрғыдан қарай біліңіздер, балаларыңызды да осылай тәрбиелеңіздер дегім келеді.
- Сұхбатыңызға мың рахмет!