Әзербайжан президентінің әйелі Мехрибан Әлиева президент болуға дайындалып жүр ме? Кейбір бақылаушылар «солай болуы әбден мүмкін» деп топшылайды.
Бақылаушылардың мұндай болжамына Мехрибан Әлиеваның Әзербайжандағы билік партиясы басшылығының құрамына кіруі себеп болды.
Пост-советтік елдерде президенттердің әйелдері көбіне тасада қалғанды жөн көреді. Мысалы - Галина Лукашенко, Людмила Путина және Тәжікстан басшысы Эмомали Рахмоновтың әйелі Азизмо Асадуллаева.
СЕНІМДІ «ДӘСТҮРЛІ ФОРМАТ»
Парламент депутаты ретінде белсенді саяси карьера жасаған 48 жастағы Мехрибан Әлиева қайырымдылық шараларымен айналысып, мәдени елші қызметін қатар атқарды, сәнді киімдермен де жұрт назарын аударып жүр.
Әлиева ханымның мәртебесі билік партиясы - «Жаңа Әзербайжанның» төраға орынбасары боп сайланғанда арта түсті.
Әзербайжанның саяси сахнасында бұрындары рейтингі жоғары мұндай әйел болмаған. Бұдан бөлек оның билік партиясындағы басшылық қызметке баруы ел ішінде «күзде болатын сайлауда Ильхам Әлиев әйелін орнына қалдырмақшы» деген қауесетті қоздырды.
- Әлиеваның аяқ астынан билік партиясының жоғарғы қызметіне көтерілуі күйеуінің бір тәсілі болуы мүмкін. Өйткені Ильхам Әлиевтің үшінші президенттік мерзімге сайлануы – даулы мәселе. Меніңше, бұл - тамырын тереңге жіберген Әлиевтер режимін сақтап қалудың амалы. Билік шұғыл түрде Әлиеваға өтуі мүмкін. «Жаңа Әзербайжан» партиясының сайлауға Ильхам Әлиевті ұсынғанына қарамастан, үкімет қосалқы вариантты да дайындап жатыр. Ильхам Әлиев алда-жалда сайлауға қатыспай жатса, президент сайлауына Мехрибан түседі, - дейді Бакуде тұратын саяси сарапшы Зафар Гулиев.
2009 жылы Әзербайжан билігі конституцияға өзгеріс енгізді. Президент мерзіміне қатысты шектеу алынып тасталды. 51 жастағы Әлиевтің ресурстарға бай елдің мәңгі президенті болуына техникалық тұрғыда жол ашық тұр.
Ол маусымның 8-і күні «Жаңа Әзербайжан» партиясы атынан президенттікке кандидат ретінде ұсынылды. Қазір оның кез-келген қарсыласын оңай жеңіп, үшінші мерзімге сайлануға мүмкіндігі мол. Оның қарсыластарының ішінде кино режиссер Рустам Ибрагимбеков те бар. Ибрагимбеков оның бәсекелестерінің ішіндегі «ең мықтысы» саналады.
Елдегі автократиялық режим мен шенеуніктердің байлықты заңсыз иеленуіне қатысты халықтың наразылығы күшейіп келеді. Өткен қаңтар айында үкіметтік емес бір ұйым Әлиевті «жылдың ең жемқор адамы» деп атады. Кейбір мамандар осы тенденцияға қарап, «Әлиев биліктен бас тартпаса да, осы жолы президенттік қызметінен ертерек кетуі мүмкін» деген болжамдар жасайды.
Республикалық балама оппозиция қозғалысының мүшесі Еркин Гадирли:
- Меніңше, президент арқа сүйейтін адамдардың саны азайған. Соған байланысты ол қолдаушысы ретінде әйелінің қызметін көтеруге мәжбүр сияқты. Әлиевтер осындайда ең дәстүрлі формат – отбасына сүйену жолын таңдады деуге болады - дейді.
Кейбір сарапшылар «Әлиев өзінің билікқұмар әйеліне үлкен сый жасағысы келеді» деп топшылайды.
МЕХРИБАН ӘЛИЕВАНЫҢ САЯСАТТАҒЫ ОРНЫ
Әлиевтің өз әйелін құрметтейтіні туралы деректер көп, бірақ саяси қабілетін қалай бағалайтыны белгісіз. Оның «президенттің әйелі болса да, әйелдің аты - әйел» деген сөздері ақапарат құралдары арқылы тарап кеткен. Әлиев көбінесе әйелді «отбасындағы махаббаттың, гармонияның, тыныштықтың кепілі» ретінде сипаттайды.
Қалай болғанда да, шовинизмді айтпаған күннің өзінде, Әлиевтің мұндай сентиментальдық сезімдерге берілуі бұл жұптың пост-советтік елдердегі ең мызғымас саяси одақ деген бейнесін басқа жағынан көрсетеді.
Ильхам Әлиев - СССР тараған соң Әзербайжан билігін қолына алған бұрынғы КГБ басшысы Гейдар Әлиевтің ұлы. Әкелі-балалы екеуі Әзербайжанды 20 жылдан астам уақыт билеп отыр. Мехрибан Әлиева Ильхам президенттік еткен жылдары Әзербайжанның саяси және мәдени өміріне ықпал еткен Пашаевтар әулетінен шыққан.
Мехрибан отбасының барлық мүшелері академиялық ортада, саясатта жоғары мәртебе иеленген. Оның атасы Мир Джалал - танымал жазушы. Әкесі Ариф - Бакудегі ұлттық авиация академиясының ректоры. Әпкесі Наргиз - Мәскеу мемлекеттік университетінің Бакудегі филиалын басқарады.
Оның немере ағасы Хафиз Пашаев АҚШ-та бір рет елші болған. Қазір ол сыртқы істер министрінің орынбасары қызметін атқарады. АҚШ дипломаттары арқылы тарап кеткен ақпаратқа қарағанда, Хафиз жиенінің саяси белсенділігін жақтыра бермейді. Ол бірде ағылшынша шала-шарпы сөйлей бастаған Мехрибанды АҚШ конгресмендерінің алдында тыйып тастаған.
Билікті күйеуінен әйеліне өткізу Әзербайжанда таңғаларлық жайт емес. Себебі таққа мұрагерлік арқылы жету бұл елде бір рет болған. Гейдар Әлиев 2003 жылы, қайтыс боларының алдында ұлы Ильхам Әлиевті «Жаңа Әзербайжан» партиясының төраға орынбасары етіп, оған президенттік лауазымды өткізіп беру үшін сайлау өткізген. Мехрибан да өткен аптада сол қызметке жайғасты.
Бакудегі саяси сарапшы Зафар Гулиев:
- Гейдар Әлиевтің кезінде-ақ «Жаңа Әзербайжан» партиясы билеуші отбасының құралына айналып кеткен. Ильхам Әлиев партияның 2001 жылғы съезінде төраға орынбасары болып сайланды. Сол кезде әзербайжандар Гейдар Әлиевтің билікті баласына бергелі жатқанын бірден түсінді. Расында да Ильхам Әлиев билікке келіп, екі жылдан соң партия төрағасы болып сайланды, - дейді.
Ел «Әлиевтер отбасының миллиондаған доллар байлығы бар» деп санайды. Олар Әзербайжанның бай энергия ресурстары мен абсолюттік биліктің арқасында байыды және елдің мәдениет және өнер саласына мол инвестииция салды. Бірақ осы жобалардың көбіне Мехрибан мен оның Лейла және Арзу атты екі қызы басшылық жасады.
Бірақ Әзербайжанның байлығы қарсылық шерулерін күшпен жаншып тастайтын мемлекеттік полицияны да жабдықтауға жұмсалды.
Билікке ұмтылған Әлиева ханым осы аймақтағы өзінің бәсекелесі, отбасының билігі бұйырады деп болжанатын тағы бір кандидат, Өзбекстан президентінің қызы Гүлнара Каримова сияқты режимнің тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдарын жаншып тастауына үлес қосып келеді.
Бірақ кейбіреулер Мехрибан Әлиеваны «күйеуінің орнына лайықты кандидат» деп таниды. Ол интеллигент отбасынан шыққан. Мәскеудегі Сеченов атындағы медициналық институтты бітірген. Елдегі мәдени элитамен байланысы жақсы.
СССР кезінен келе жатқан қартаң шенеуніктер жақтап отырған Әлиев елдегі негізгі қолдаушыларынан айрылып, оқшауланып қалған сияқты. Рустам Ибрагимбековтың сайлауға түсуі - соның айғағы.
Әлиеваның сәнді киініп, (пластикалық операция жасап, жасарып алды деген де сөздер бар) жасанып жүруі оның «дәстүрлі Әзербайжан қоғамын 21-ші ғасырға қарай жетелейтін мұсылман әйелі» деген репутациясын қалыптастырды.
Ал билік партиясының мүшелері «бірінші ханым президенттікке ұмтылып жатыр» деген пікірлерді жоққа шығарады. «Жаңа Әзербайжан» партиясының саяси кеңес мүшесі, депутат Евда Абрамовтың сөзінше, Мехрибан Әлиеваның жаңа лауазымы оның бұрыннан қалыптасқан күйеуіне жан-жақты сүйеу болу дәстүрінің жалғасы.
- "Әлиева президент болғысы келеді" деген бос сөз. Мехрибан Әлиеваның партиядағы қызметі мен алдағы президент сайлауының арасында байланыс жоқ. Керісінше партия ол келгесін жанданып, өзгере түседі. Әлеуметтік қолдауы арта түседі. Президент қуатты Әзербайжан мемлекетін құру үшін, қасында өзін қолдайтын тұлға болсын деп осы қызмет орнын құрды, - деді ол.
Азаттық тілшісі Дэйзи Синделардың мақаласын ағылшын тілінен аударған – Сағынай Кәрім.