Еуропа одағы Ресейге салған санкция мерзімін ұзартты
Your browser doesn’t support HTML5
Еуропа Одағы Украинаның шығысындағы кикілжіңді ушықтырып отыр деп Ресейге қатысты санкция мерзімін ұзартты. Одаққа мүше елдер Ресей Украина заңдарын бұзып, сепаратистер бақылайтын аймақта сайлау өткізуді қолдады деп айыптайды. Ресейдің энергетика секторы мен банк саласына бағытталған санкциялар алғаш рет 2014 жылы жазда енгізілген. Содан бері әр жарты жыл сайын мерзімі ұзарып келеді. Алғаш рет санкция енгізуге - Ресейдің Қырымды басып алып, Донбастағы сепаратистерге қолдау көрсетуі себеп болған. Ал Ресей Қырымды аннексиялап "тарихи әділдік орнатқанын" айтып, Украина шығысындағы кикілжіңге қатысы барын жоққа шығарады.