Путин Ресейге автономды интернет қажеттігін айтты
Your browser doesn’t support HTML5
Ақпанның 20-сы күні ресейлік ақпарат агенттік өкілдерімен кездесуде Ресей президенті Владимир Путин теория жүзінде ресейлік интернетке шабуыл жасалуы мүмкін екенін айтып, Ресей "ешкімнен тәуелсіз сегмент құруы тиіс" деп мәлімдеді. Өткен жылдың желтоқсан айында Ресей думасына шетелдік серверлерге кіру мүмкін болмай қалған жағдайда дербес интернет құру туралы заң жобасы түскен еді. Құжатта келешекте ресейлік интернет қолданушылардың мәліметтерін шетелдік интернет ресурстарына жіберуін азайту көзделген. Ақпан айында Ресей думасы құжатты бірінші оқылымда мақұлдаған. Ресей үкіметі жанындағы сарапшылардың жұмыс тобы "көп қаржыны талап ететін" автономды интернет құру туралы заң жобасын сынаған.