Шығыс Қазақстан облысына қарасты Абай ауданының орталығы Қарауылда «Бабалар тойы – ел тойы» деген атпен Көкбай Жанатайұлының және Ақылбайдың туғанына 150 жыл Шәкір Әбеновтің туғанына 110 жыл толуына орай өткен республикалық айтыс өтті.
Айтыстың екінші айналымында Айнұр Тұрсынбаева мен Айбек Қалиев сөз қағыстырған болатын. Айтыстың өн бойында құрдастық әзілмен бір-бірін қағытқан қос ақын сөз арасында қоғамдық мәселелерді де тілге тиек етті.
Айбек өзіне сөз кезегі тиген бір сәтте қарсыласына қарата былай деген еді:
– Жағдайы жолдарыңның күрделі еді,
Деп Айбек езуінен жыр бөледі.
Данышпандар мекені – Қарауылым,
Жолдарыңның бітпей тұр-ау дүрбелеңі.
– Жол ақысы, – демей ме, – көр ақысы,
Астана Қарауылды қажетсінбес,
Той тойласа, он жылда бір келеді.
Өлең сайысында Айнұр да өз қарсыласынан қалыспады.
– Түсіпхандай ағамыз,
Айтысқа келсе ақылды,
Бердібектей әкімге ,
Жеткізсе деймін датымды.
Өскелең елді таратпай,
Өскемен жаққа қаратпай,
Өкімет енді қайтарсын,
Өзгеге кеткен ақыңды, – деп Айнұр облыс мәртебесінен айрылып қалған Семей мәселесін сөз етті қыркүйектің 15-сі күні Қарауылда өткен айтыста.
Айнұр мен Айбектің айтысы
Your browser doesn’t support HTML5