Үздік үш комментарий

Көрнекі сурет.

Azattyq.org оқырмандары соңғы аптада (3 – 8 желтоқсан) сайтта жарияланған мақалаларға қатысты жазған комментарийлердің назар аудартқандары.


ГУЛЬЗАТ, ТАЛДЫҚОРҒАН

Бір проблемаға назар аудартып, көмек алу үшін міндетті түрде апат болу керек немесе ел басы іс сапармен сол аймаққа келсе сонда ғана үкімет қолынан келгеннің бәрін жасап, құрдай жорғалап, тіпті алтыннан көпір салуға да аянбайды. Егер сол жарылған дамбыны дер кезінде жөнге келтірсе, канша жанның өмірі сақталып қалар еді және бүгін мұндай проблемалар болмас еді, бүтіндей бір ауыл жаңадан қайта салынғанда, кішкентай көпір салу оп-оңай, халықты жылатпай істі соңына дейін бітірмей ма, бұның түбі жемқорлық, парақорлық, сапасы төмен, жай ғана сырты жылтырақ жұмыстың нәтижесі.

Ақтоған халқы көпір салып беруді сұрайды» атты мақалаға жазылған пікір)


МАРАЗЫМ КРЕПШАЙЫТОВ, ыЗаКО

Пара берудің түрлеріне бала-шаға, жақын-жуығын жақсы жұмысқа орналастыру; фиктивный жұмысқа кіргізіп жұмысқа келмесе де жалақы беру, құрылыс материалдарынан жырып беру, т.с.с. параның пәленбай түрлері кірмей қалған екен. Әрине, бір мақаламен бұның бәрін қамту мүмкін емес.

Қазақ кәсіпкерлерінің «пара беру тәжірибесі» атты мақалаға жазылған пікір)


ERIGKEN ADAM, ҚАЗАҚСТАН

Тыныштығы жағынан қиын мемлекетте жұмыс атқарып отырған айел, біздегі жұмыс жоқ дейтін ер-азаматтар үшін сын болса керек.

Ауған әйелдің кәсібі тыйымға қарамастан дамып келеді» атты мақалаға жазылған пікір)


P.S. Құрметті оқырмандар, Азаттық сайтында апта ішінде жарияланған пікірлердің арасынан ең үздігін өздеріңіз анықтай аласыздар. Ол үшін сайтқа тіркеліп, ұнаған комментарийге дауыс беру керек. Әр пікірге қанша адам дауыс бергені сайтта көрініп тұрады.