Үздік үш комментарий

Көрнекі сурет.

Azattyq.org оқырмандары соңғы аптада (9 – 15 желтоқсан) сайтта жарияланған мақалаларға қатысты жазған комментарийлердің назар аудартқандары.

АЙША, АЛМАТЫ

Мақаланы оқыдым да, былтырғы қанқұйлы еске түсіп тағы да жүрегім астан-кестен боп, ағыл-тегіл жаным жылауда... Ешқашан жазылмайтын сияқты ма-ау, мынау жара?!

Жаңаөзен оқиғасының құрбандарына ас берілді» атты мақалаға жазылған пікір)


МАРАЗЫМ КРЕПШАЙЫТОВ, ыЗаКО

БАҚ-ты жабу – банка жабу сияқты, тек әлдеқайда күрделірек. Екеуінде де жабушы дұрыс болмаса, жабылуы дұрыс болмаса, жабылушы дұрыс болмаса крыша-крышкасымен бірге атып жіберуі мүмкін...

Жабылған БАҚ жаңа амал тапты» атты мақалаға жазылған пікір)


БИКЕ

Бір топ майя үндістері жоғарғы Көсемге келіп: - О басеке! Күнтізбе жазып жүрген жалпақ тас бітті. Складта бірде-бір тас қалмады. Не істейміз? - депті. Басекең ойланып отырып: - Күнтізбелерің қай жерден тоқтады? - деп қарсы сұрақ қояды. - 2012 айдахар жылының желтоқсаны, 21-ші жұлдызына келіп тоқтадық! - Е-е! – депті күн Көсем – Біз түгілі немере, шөбере, шөпшекке жетеді екен. Тас бітсе доғарыңдар. Кейінгі ұрпақ қағаз ойлап табар, шимай-шатпағын соған жазар!

Ақырзаман туралы ресми мәлімдемелер айтыла бастады» атты мақалаға жазылған пікір)


P.S. Құрметті оқырмандар, Азаттық сайтында апта ішінде жарияланған пікірлердің арасынан ең үздігін өздеріңіз анықтай аласыздар. Ол үшін сайтқа тіркеліп, ұнаған комментарийге дауыс беру керек. Әр пікірге қанша адам дауыс бергені сайтта көрініп тұрады.