Қаржылық пирамиданың нышандары бар интернет-сауда

Көрнекі сурет.

«Интернетте өз бизнесіңді баста». Дәл осындай шақыруларға қай-қайсымыздың да кездескеніміз анық. Бірақ, бір қарағанда адамды еліктіріп әкетер осы бір ұсынысқа қатысты толып жатқан сауалдар туындайды.

Қазақстанда ПАММ-есепшоттар мен осыған ұқсас қаржылық құралдар күш ала бастады. Мұндай қызметтерді «Альпари», «Форекс-клуб» және өзге де компаниялардың форекс-брокерлері ұсына бастады.

Мысалы, «Альпари» компаниялар тобының негізі 1998 жылы қаланған. Ол Жаңа Зеландияда – офшорлық аймақта тіркелген. Оның кеңселері әлемнің 46 елінде ашылған: Ресейдің – 32, Украинаның – 3, Қазақстан мен Нигерияның – 2, Әзірбайжан, Индонезия, Мексика, Түркия, Эстония, Молдованың бір-бір қаласында тіркелген.

Британияның Виргин аралдарындағы дәл осындай офшорлық аймақта тіркелген «Форекс-клуб» компаниясының да одан аса көп айырмашылығы жоқ.

Бұл қызметтердің негізгі мағынасы - интернет-сауда жүргізуінде. Яғни арнайы интернет-бағдарламалардың көмегімен онлайн- режимінде валютамен сауда, инвестициялық және алыпсатарлық операцияларын жүргізу. Инвесторлар өздерінің «ісін» бастауы үшін аталған компаниялар Қазақстанның түрлі қалаларында оқыту жұмыстарын жүргізеді, оның ішінде тегін онлайн-курстары да бар.

ПАММ-ЕСЕПШОТ ДЕГЕН НЕ?

ПАММ-есепшот деген – қаржы нарығында операциялар жүргізу үшін қаржыны сенімді басқаруға беретін шоттар. Сенімді басқарушы өз капиталымен де, инвестордың капиталымен де сауда жасай береді. Алайда ПАММ-шоттағы инвесторлардың қаржылары басқарушының шотына аударылмайды.

Мысалы, интернетте «Альпари» компаниясының қызметіне қатысты оң пікірлер көп. Онда ПАММ-шоттардың иелері өздерінің қаржыларын қалай көбейткендерін айтады. Дәл осы жерде инвесторлардың қаржысы үшін олардың қазақ нарығындағы өзге де бәсекелестермен, атап айтқанда
Көрнекі сурет.

банктермен бәсекелестік күреске түсіп жатқандығы анық байқалады.

Келісім-шарт жасар кезде тараптар саудаға қатысушылардың жауапкершіліктерін келісіп алады. «Альпари» компаниясының «ПАММ-есепшот қызметін ұсыну жөніндегі регламентінде»: «Компания табыс табатындығыңызға кепілдік бермейді. Бұған дейінгі саудадағы оң нәтижелер болашақ саудада оң нәтижелер болатындығына кепіл болмайды. Компания осындай қауіпті жағдайлардың тууы мен оның салдарларына байланысты ешқандай жағдайда да жауп бермейді» делінген.

САЛЫҚТЫ КІМ ТӨЛЕЙДІ?

Яғни сауданы басқаратын компания, ал әлдебір келеңсіз жағдай бола қалса, инвестордың өзі ғана жауап береді. Оның құжаттарымен таныса отырып валюталық операциялардың қатысушысы, яғни саудагер болып шығатындығымды байқадым. Сонымен бірге "бұлар неге дәл осы елдерде жұмыс істеп жатыр" деген сұрақ санамда тұрып алды. Осыған ұқсас жағдайлар бұған дейін де болған. Әйгілі «МММ» компаниясы немесе Бернард Мэдоффтың қаржылық империясы тәрізді алаяқтықтар есіме түсті.

«Альпари» компаниясының Астанадағы кеңсесіне телефон шалып: «ПАММ-есепшоттың салыққа қатысты жауапкершілігін кім мойнына алады?» деген сұрағыма Қанат есімді қызметші: «Біз емес. Қалаған адамдар болса, он пайыз салығын төлей берсін» деп жауап берді. «Альпари»
Нью-Йорк қор биржасындағы трейдер, 19 тамыз 2011 жыл.

компаниясының ел аумағында валюталық операциялар жүргізуге лицензиясы бар ма?» деген сауалымызға: «Иә, Қазақстанда жұмыс істеуге рұқсатымыз бар» деп жауап берді. Алайда оның қандай рұқсат екені, бұл рұқсатты қандай ұйымның бергеніне қатысты сұрағымызға жауап бере алмаған Қанат Мәскеуге хабарласуымызға кеңес берді. Мәскеулік компаниядағы Наталья Михайловна деген әйел Қазақстанда «Форекс» нарығын реттеушінің жоқ екенін айтты.

Егер «Форекстің» реттеушісі жоқ болса, демек, реттеуші нормативтер мен қаржылық операцияларды жүргізуге рұқсаттың да жоқ болғаны ғой . «Форекс» – халықаралық банк аралық нарық. Ол жерде валюталарды еркін конвертациялайды. Валюта айырбастау операциялары жүргізілгенде мемлекет оған араласпайды. Барлық операциялар орталық, коммерциялық және инвестициялық банктер, брокерлер мен дилерлер, зейнетақы қорлары, сақтандыру компаниялары, т.б. арқылы жүргізіледі.

ӨЗГЕ ЕЛДЕРДІҢ НОРМАТИВТІК ТӘЖІРИБЕЛЕРІ

АҚШ-та валюта нарығын Тауарлармен фьючерстік сауда жасау жөніндегі үкіметтік комиссия мен Ұлттық фьючерстік қауымдастық реттейді. Соңғысы үкіметтік емес ұйым. Сауда жасау ережелері, брокерлік қызметті ұсыну мен келіспеушілік жағдайларын шешу шарттары дәл осы ұйымның қатысуымен жасалды. Мысалы, Ұлыбритания нарығын реттеуші – Қаржылық реттеу және бақылау жөніндегі басқарма.

Ресей мен Украинаның заңнамасында қаржыны еркін және шексіз мөлшерде конвертациялау қарастырылмаған. Ресейдің азаматтық кодексінде тек заңмен қарастырылған арнайы жағдайларда ғана болмаса, қаржыны сенімді басқаруға беруге тыйым салынған. Алайда Ресейдің «Форекс» нарығы былыққа батып тұр. Ресейде КРОУФР (халықаралық қаржы нарығына ресейлік қатысушыларға қызмет көрсетуді дамыту және қарым-қатынастарды реттеу жөніндегі коммерциялық емес ұйым) болғанына қарамастан мұнда интернет-трейдерлік қызметті кейбір банктер де (мысалы Альфа-банк) ұсынады.

ТАҒДЫРДЫҢ ТӘЛКЕГІ

Қазақстанда, керісінше, азаматтық кодекс бойынша ақшаны сенімді басқаруға беруге болады. Енді өзіңіз ойлап қараңыз: қазақстандықтардың барлығы жаппай ПАММ-есепшоттар немесе осыған ұқсас инвестициялық шоттар ашып, валюталық операциялар жүргізе бастайды. Одан әжептәуір пайда табады. Бейресми деректер бойынша, «Форекс» валюта нарығындағы «Альпари» компаниясының күндік айналымы жеті миллиард доллардан асады екен. Сонда бұл жағдайда салық төлеу жауапкершілігі кімнің мойнында болады?

Ал енді әлдебір даулы жағдай туындап қалса, инвестор кімге барып шағымдана алады? Елдің қаржы нарығында реттеушінің болмауы толып
Қаржы нарығының маманы. (Көрнекі сурет)

жатқан түсініспеушілік тудырады. Инвестор жергілікті билік органдарымен бетпе-бет қалады. Ал офшорлық аймақтарда тіркелген компаниялардың өз еркімен жауап беруі екіталай. Операциялардың барлығы шетелдерде жүргізілді, сол себепті компанияның ешқандай кінәсі жоқ деуге әбден мүмкіндіктері бар.

Егер әлдебіреуге "интернет-банк сияқты бір нәрсе ашайын" деген ой келсе ше? Өйткені қазіргі заманауи технологиялардың мүмкіндігі мол ғой. Сонда билік не істейді?

Бірақ бұдан шығар жол бар. Қазірдің өзінде қазақ банктері интернет-қызметтерін ұсынып жатыр. Ендеше оларға неге ПАММ-есепшот қызметін ұсынбасқа? Естеріңізге сала кетейін, Ұлттық банктің құрамында Қаржы нарығы және қаржылық ұйымдарды бақылау мен қадағалау жөніндегі комитет жұмыс істейді. Нарыққа қатысушыларға қатысты ақпарат осы ұйымның сайтында берілген. Қазақстанның «Ұлттық банк туралы» заңында Ұлттық банктің лицензия беруге құқылы екендігі анық көрсетілген.

Тағы да айтайын, жоғарыда сөз болған қаржылық операциялардың барлығы - интернет-қызметтер. Оларды бақылауға алу үшін тиісті интернет-технологиялар қажет. "Әлемдік валюта нарығына бақылау жасау мүмкін емес" деп әлдекім қарсылық білдіруі де мүмкін. Алайда құқықтық мемлекетте брокер, клиент және мемлекет арасындағы қарым-қатынастар реттеліп отыруы керек.