Times басылымы халықаралық телекоммуникация компаниялары үшін Қазақстан тартымды нарыққа айнала бастағанын атап өтеді.
Times («Таймс») басылымының жазуынша, Kcell Лондон биржасында үлесін саудалап, 650 миллион АҚШ долларына дейін пайда түсіруді көздейді. Компания құнды қағаздарын "МегаФон" компаниясының тура осындай әрекетінен соң іле-шала листингке қойып отыр.
Kcell акцияларының төрттен бірі Қазақстан мен Лондон қор биржаларында 10.50 миллион және 13 миллион долларға сатылмақ. Бұл есеп бойынша компанияның өз құны 2 миллиард 600 миллион долларға дейін өседі. Осылайша шетелдік инвесторлар жылдам дамып келе жатқан Орталық Азиядағы нарыққа шығатын жол таппақ.
Times-дың жазуынша, болашақ инвесторлар желтоқсанның 11-іне дейін анықталуы тиіс. Содан соң үлес листингке қойылады. Kcell 2013 жылдың екінші тоқсанында 2012 жылғы таза табысының көлемінде дивидент төлеуге уәде еткен. Компания 2012 жылғы қыркүйектің 30-ына дейін 888 миллион доллар кіріс көріп, 307 миллион пайда тапқан.
Kcell-дің атқарушы директоры Вейсел Арал компания Қазақстанда 3G қызметін көрсетіп отырғандықтан, құнды қағаздары қымбатқа бағаланады деп санайды. Компанияның Қазақстанда 12 миллион 700 мың абоненті бар. Яғни нарықтың 48 пайызын, жылдық түсімнің 57 пайызын иеленеді.
TELIASONERA МЕН ҚАЗАҚСТАН ҮКІМЕТІ
Мақала авторының дерегі бойынша, Швеция мен Финляндияда орналасқан TeliaSonera телекоммуникациялық компаниясы Kсell-дің бақылау пакетінің басым бөлігіне ие. Дәл осы компания «МегаФонның» екінші ірі үлескері.
Бірақ Kcell-дің құнды қағаздарын сатуы TeliaSonera үшін соққы боп тигелі тұр. Өйткені компания Қазақстан үкіметінен биыл ғана Kсell-дің 49 пайыз акциясын сатып алу үшін 1,5 миллиард доллар төлеген.
Басылымның жазуынша, Kcell-дің Лондон қор биржасына шығу әрекетін Credit Suisse, UBS және Visor Capital компаниялары үйлестіріп отыр.
Бұл саладағы Еуропа нарығының өсуі баяулаған соң ірі телекоммуникациялық компаниялар Үндістан, Африка және Латын Америкасы сияқты нарығы күшейіп келе жатқан елдерге мол инвестиция сала бастаған.
Газет өткен жылы жалпы ішкі өнімі 7,5 пайызға өскен Қазақстан нарығы да мұндай компаниялар үшін инвестиция салатын жаңа тартымды аймаққа айналып отырғанына назар аударады.
Азаттық бұған дейін (2012 жылы мамыр айында) Швецияның TeliaSonera компаниясы туралы мақала жариялады. Журналистік зерттеу жүргізген швед тілшілері «Швецияның TeliaSonera компаниясы Орталық Азия елдеріне (ішінде Қазақстан бар) азаматтарды аңдитын техника жабдықтарын сатып жатыр» деп хабарлаған еді.