Алматыдағы «Прайм Плаза» сауда кешенінде әнші Қайрат Нұртас қатысқан концерт жаппай тәртіпсіздікке ұласып, полиция мен жастар қақтығысты. Азаттық «қабырғама оқ тиді» деген адаммен хабарласты.
Тамыздың 31-і күні кешкі сағат 20:00 шамасында Алматыдағы «Прайм Плаза» сауда және ойын-сауық кешенінде эстрадалық әнші Қайрат Нұртас қатысқан концерттік шараның соңы полиция мен жастар қақтығысына ұласты.
"ҚЫЗДАР ҚАЙРАТ НҰРТАСҚА ЖҮГІРДІ"
Тамыздың 31-і күні оқиға орнына барған Азаттық тілшісіне концерттік шараға келген жастардың айтуынша, «Қайрат Нұртас келгенде жастар сахнаға қарай жылжыған». Алматы қаласының Айнұр есімді тұрғыны:
- Қайрат Нұртас кешігіп, сағат сегізде келді. Концерт кешкі жетіде басталуы керек болған. Ол келген соң жастар бірін-бірі итеріп, сахнаға жылжыды. Қыздар Қайрат Нұртасқа жүгірді. Ол әнін аяқтай алмай сахнадан кетіп қалды. Бір кезде концерттің жүргізушісі «Концерт болмайды. Үйлеріңе қайтыңдар» деп хабарлады. Осыдан кейін жастар сахнаға бөтелкелер лақтырды, - деді.
Өзін Дана деп таныстырған тұрғын жастар мен полицияның арасында қақтығыс болғанын айтты.
- Халық сахнаны басып алып, босатпай қойды. Одан кейін полиция мен жастар арасында қақтығыс болды. Қыздардың басы жарылып жатты. Бір солдатты көрдім, ол талып жатты. Солдаттар күші жетпеген соң ОМОН келді. Олар шамасы келген адамдарды тұтқындап, әкетіп жатты. Көргенім - 30-40 адам тұтқындалды, - деді.
Оқиға орнынан түнгі 23:00 шамасына дейін тарамай жүрген жастар «Қайрат Нұртас бір өлеңді бітірмей кетіп қалды. Біз ренжідік» деген пікірлер айтты. Куәгерлердің айтуынша, «Оқ атқан дыбыстар естілген. ОМОН жастарды дубинкамен ұрған». Олар «Құлап жатқан адамдарды көрдік. Басынан жарақат алған жастар көп» дейді.
Әлеуметтік желілерге жастар мен полиция арасындағы қақтығыстың әуесқой камераларға түсірілген бірнеше видеосы шықты.
YouTube желісіне жарияланған видеоның бірін мына жерден көре аласыз:
"ҚАБЫРҒАМА ОҚ ТИДІ"
Оқиға кезінде бір адамға оқ тиген. Қазірге дейін ауруханаға жиыны 26 адам түскен. Көбі басынан жарақат алған. Мұны Азаттық тілшісіне қыркүйектің 1-і күні таңертең Алматының Қалқаман ықшам ауданында орналасқан 7-аурухана қызметкерлері хабарлады. Өзін нейрохирургия бөлімінің медбикесі Аида Джултукова деп таныстырған қызметкер:
- Бір адамға оқ тиген. Бір солдаттың миы шайқалған. Біздің бөлімге 13 адам түсті. Бүгін де келіп жатыр. Көбінің бастары жараланған, - дейді.
Азаттық тілшісіне қабылдау бөлімінің кезекшісі бір адамның оқ тиіп, «Прайм Плаза» аумағынан ауруханаға түскенін растады.
Қабырғасына оқ тиген 21 жастағы Шыңғыс Өтегенов Азаттық тілшісіне:
- Көтеріліс болып кетті. Қашып бара жатқам. Сол жақ қабырғама оқ тиді. Ауруханаға достарым апарды. Операциядан кейін дәрігерлер оқты экспертизаға деп алып қалды. Қазір жағдайым жақсы. Үйде төсекте жатырмын. Қапшағайда тұрамын. Кім атқанын білмеймін, - деді.
7-аурухана дәрігерлері ауруханаға қыркүйектің 1-і күні де түсіп жатқан адамдардың бар екенін айтты. Көбі - 15-16 жас аралығындағы жасөспірімдер.
"ЕШКІМ ОҚ АТҚАН ЖОҚ"
Алматы қалалық ішкі істер департаменті (ІІД) баспасөз қызметінің өкілі Евгений Лысенконың Азаттық тілшісіне айтуынша, «оқиға орнында ешкім оқ атпаған».
- Оқиға орнында болдым. Ешкім оқ атқан жоқ. Қаза тапқандар да жоқ. Екі солдат есінен танып қалды. Ауыр жарақат алған олар ауруханаға жатқызылды. Ауруханаға түскен полиция қызметкерлерінің жалпы саны - жетеу, - деді ол.
Алматы қаласының ішкі істер департаменті қыркүйектің 1-іне ауған түні мәлімдеме таратты. Онда «Тамыздың 31-і күні Қайрат Нұртастың концертіне 2 мыңдай адам жиналған. Ол әнін толық айтпай, кетіп қалған. Бұл публикаға ұнамаған. Адамдар сахнаға тастар мен пластикалық бөтелкелер лақтырған. Алдын ала мәліметтер бойынша қызметтік және азаматтық көліктер бүлінген. Оқиға орнына полиция қызметкерлеріне көмек ретінде СОБР жасағы мен «Арлан» арнайы полк отряды жіберілді. Қысқа уақыт ішінде территория қоршауға алынып, төбелесқа белсене қатысқандар ұсталды. Қылмыстық кодекстің 257-бабы (Бұзақылық) бойынша іс қозғалды» деп жазылған.
"ҚАЙРАТТЫҢ ЕШ КІНӘСІ ЖОҚ"
Азаттық тілшісіне сұхбат берген Қайрат Нұртастың продюсері, әрі шешесі Гүлзира Айдарбекова әншінің қазір Ақтауға ұшып кеткенін, оның орнына өзі сөйлейтінін айтты.
- Бұл - Қайраттың концерті емес, караоке конкурсы. Кеше финалы болды. Ұйымдастырушылар Қайрат Нұртас «қонақ ретінде қатысса» деген. Тамыздың 31-і күні сағат 20:15-те сахнаға шығатын болдық. Уақытында келдік. Милиция қоршап, сахнаға жеткізді. Халық сол кезде Қайратқа ұмтыла бастады, полицияға күш бермей сахнаға тірелді. Сахна тербетіліп, шайқалды. Камералар құлай бастады. Осы кезде сахнаға біреулер бөтелке лақтырды. Ән бастаған Қайрат сахнадан түсіп кетті. Бізді полиция ма – әйтеуір форма киген адамдар қоршап, шетке алып шықты. Мен Қайратты жексұрын қылу үшін бір адамдар мұны әдейі істеді деп ойлаймын. Біз кеткеннен кейін де таныстар хабарласып, «үйлеріңнен кетіп қалыңдар, біреулер «үйіне барамыз» деп жатыр» деді. Полиция бізге хабарласқан жоқ. Бұл жерде Қайраттың еш кінәсі жоқ, - деді.
«МӘЛІМДЕМЕНІ ЕРТЕҢ ТАРАТАМЫЗ»
Алматы қаласының әкімдігінің ресми сайтында қала әкімі Ахметжан Есімовтің қыркүйектің 1-і күні таңертең құқық қорғау ведомстволарының басшыларымен шұғыл жиналыс өткізгені хабарланды.
Әкімдік сайтындағы ақпаратқа қарағанда инцидентке қатысқан 165 адам ІІД бөлімшелеріне апарылған. Олардың көбі алдын ала тергеуден кейін босатылған. Ал «Прайм Плаза» орталығы басшыларына қылмыстық кодекстің 232-бабы бойынша, «міндеттеріне жауапсыз қарады» деген айыппен қылмыстық іс қозғалған.
Прокуратура өкілдері әкімге сауда орталығы басшыларының концерт өткізуге рұқсат алмағандарын айтқан.
Ал «Прайм Плаза» сауда орталығының кеңсе менеджері Дана Аманжолова Азаттық тілшісіне «Біз бүгін ешқандай түсініктеме бере алмаймыз. Мәлімдемені ертең таратамыз» деді.
«Прайм Плаза» сауда орталығы «Вконтакте» әлеуметтік желісіндегі парағында 31 тамыз күні кешкі сағат 7-де әнші Қайрат Нұртас қатысатын концерт өтетінін хабарлаған еді.