Жаңаөзенге барған Мәсімовке Сарбөпеев пен Көшербаевты да айтты

Премьер министрден әкелерін түрмеден шығаруды талап етіп, плакат көтеріп тұрған балалар. Жаңаөзен қаласы, 16 шілде 2012 жыл.

Шілденің 16-сы күні Маңғыстау облысына іссапармен барған Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімовті жаңөзендіктер наразылық ұрандарымен қарсы алды.

«Жаңаөзен жәбірленуші» тобын құрған атыраулық құқық қорғаушы Әсел Нұрғазиеваның айтуынша, Жаңаөзен тұрғындары қалаларына келген премьер-министрмен кездеспек болған.

Жаңаөзендіктер «Кәрім, керім болсаң желтоқсанда қайда болдың?», «Қан жібермейді!», «Сарыбөпеев әділ жазаға тартылсын!» деген жазулары бар плакаттар көтеріп тұрған.

Жергілікті тұрғындар Жаңаөзенде шілденің 15-сі күні болған қатты дауыл мен нөсерден де зардап шеккендерін де премьерге айтпақ болған.

– Олардың басым көпшілігі қаладағы мемлекеттік бағдарламаға орай салынған үйлер екен. Жиналғандардың біразы үйлерін жедел жөндеуді талап етті, – дейді Әсел Нұрғазиева.

ПЕТИЦИЯ

Жаңаөзен оқиғасында қаза тапқан Атаберген Дүйсекеновтің әкесі Хасен Дүйсекеновтің сөзінше, олар соттың бірқатар шешімдеріне наразы екендерін

Хасен Дүйсекенов баласы Атабергеннің туған және өлген жылы жазылған плакат ұстап, премьер-министрді күтіп тұр. Жаңаөзен, 16 шілде 2012 жыл.

премьер-министрге мәлім етпек болған.

– Біздер, жәбірленушілер, соттың Орақ Сарбөпеевті ақтағанына қарсылығымызды, Маңғыстау облысының бұрынғы әкімі Қырымбек Көшербаевтың президент әкімшілігіне жұмысқа кіргеніне наразылығымызды премьерге айтқымыз келген. Бірақ Мәсімов бізге қараған да жоқ, – деді ол Азаттық тілшісіне.

Ал Жаңаөзен тұрғыны Венера Попованың айтуынша, премьер-министр өзін қалалық әкімшілік алдында күтіп тұрған адамдармен кездеспесе де, жұрттың арасынан екі кісіні қабылдап, петицияларын алған.

Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімовтің Жаңаөзенге бұл жолғы сапары – қалада былтыры 16 желтоқсанда болған оқиғадан кейінгі алғашқы баруы.

Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасы бастығы Нұрбол Телегеновтің

Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов. Астана, 29 мамыр 2012 жыл.

айтуынша, «премьер-министр облысқа жай жұмыс сапарымен келген». Ол Мәсімовтің Жаңаөзенге сапарынан бейхабар екенін айтты.

Жаңаөзен қаласы әкімі Серікбай Тұрымов телефонға жауап бермеді. Қала әкімдігіндегі аты-жөнін айтудан бас тартқан қызметкер «әкім орынында жоқ» деп жауап берді.

Кәрім Мәсімовтің Жаңаөзенге барғанын қалалық ішкі істер басқармасының кезекшісі ғана растады.

– Ол сағат 10 мен 11 аралығында, бір сағаттай аялдады. Одан кейін тікұшақпен Ақтауға ұшып кетті, – деді кезекші.