Банкрот болу қаупінен Олег Дерипаска «Базэл» холдингінің тізгінін Гүлжан Молдажановадан өз колына қайта алды. Гүлжанның іскер әйелдер тізіміндегі позициясы да сыр бере бастады.
«Алюминий ханымы Гүлжан Молдажанова Олег Дерипаскаға орнын босатты». Ресейдің ықпалды «Коммерсантъ» газетіндегі осы аттас мақалада «Базовый элемент» («Базэл») холдингіндегі бас директорлық қызметке Гүлжан Молдажанованың орнына Олег Дерипасканың келгенін хабарлайды. Дерипаска холдингтің қожасы, бірақ, оның бизнесін бұған дейін Гүлжан Молдажанова басқарып келген.
Басшылықтағы өзгертулер көпсалалы холдингтегі күрделі қаржылық жағдайға байланысты болып отыр. Ал, Молдажановаға келсек, «Коммерсантқа» сенімді дерек көздерінен белгілі болғанындай, ол «Базэл» құрамында қалады. Мұндай менеджер холдингке қажет болмауы мүмкін емес». Бірақ, әзірге оған қандай қызмет ұсынылатындығы белгісіз.
Ресей алюминий нарығында нық отырған Олег Дерипаскамен Гүлжан Молдажанованың бірге жұмыс істегеніне 15 жыл болды. 1997 жылдан бері ол «Сибирский алюминий» холдингінде басшылық қызметтерде болса, 2005 жылдың ақпан айынан бастап «Базэл» холдингін басқарды.
«Молдахжанова ханым басқарған үш жылдың ішінде «Базэл» жылдам өсті,- деп жазады «Коммерсанть».- 2007 жылдың қорытындысы бойынша, олардың өздері берген мәліметтерге сәйкес, холдинг активтерінің құны екі есеге өсіп, $45 млрд-қа жеткен. Түсім көлемі 45% дейін өсіп, $ 26,8 млрд. болған.
2008 жылдың маусым айында Молдажанова ханым 2009 жылдың ақпан айында бітетін еңбек шартын тағы бес жылға созуға Олег Дерипаскадан ұсыныс алғанын айтқан еді».
Алайда, дағдарыс холдинг түсімінің күрт азаюына алып келді. Ал, қарыз күн санап өсе түсуде. Басылым келтірген мәлімет бойынша, холдингтің жалпы қарыздарының мөлшері 21-25 миллиард долларға жетіп қалады. Ақпанның соңында Дерипасканың өзі оның бизнесіне банкроттық қаупі төніп тұрғанын алғаш рет мойындады. Сондықтан да, компания өз активтерін, оның ішінде шет елдердегісі бар, сатуға мәжбүр болып отыр. Бұдан бөлек, бірқатар жобаларды жалғастыру үшін серіктестер де шұғыл керек болып отыр.
«Тройка Диалог» консалтингтік компаниясының басқарушы директоры Андрей Шавров Молдажанованың қызметтен кетуі, бірінші кезекте, дағдарыс жағдайында тізгінді өз қолына алғысы келген негізгі акционер Олег Дерипасканың қалауымен болған деп есептейді.
Солай бола тұра Шавров «Гүлжан Молдажановаға біліктілік тұрғысында сұрақтар болуы мүмкін емес» деп есептейді. «Бірақ, қазір «Базэл» басшысының алдында тұрған міндеттер принципті түрде өзгерді,- деп түсіндіреді Шавров мырза. – Егер, дағдарысқа дейін өсу мен даму болса, ендігі жерде басты міндет - кредиторлармен өзара тіл табысу мен қарыздарды реструктуризациялау. Бизнестегі басты нәрсені бөліп алып, оны ұстап қалу керек».
«Базэлдің» басты активі «Русский алюминий» («Русал») компаниясы деп есептеледі. Холдингке, бұдан бөлек, металлургиялық, мұнай, машина жасау, авиация, құрылыс және қаржылық компаниялар кіреді.
«Базэлдің» жағдайының төмендеуі Ресейдің іскер әйелдер рейтингісіндегі Гүлжан Молдажанованың да позициясына әсер етті. Соңғы жылдары бұл рейтингіде Гүлжан алғашқы бестікке кірген еді.
8 наурыз мерекесі қарсаңында мәскеулік «Финанс» журналы Ресейдегі ең ықпалды 50 іскер әйелдің рейтингін жариялады. Ең ықпалды іскер әйел ретінде Мәскеу мэрі Юрий Лужковтың зайыбы, «Интеко» компаниясының қожасы Елена Батурина танылды.
«Олег Дерипасканың оң қолы», «Базэлдің» бұрынғы бас директоры Гүлжан Молдажанова тек жетінші орында тұр. «Бұдан бір жыл бұрын Гүлжан бұндай рейтингіде анағұрлым жоғары тұрған»,- деп жазылған журналдың түсіндірмесінде.
Саясат және бизнес институты құрастырған Ресей іскер әйелдерінің басқа бір рейтингі жайында «Известия» басылымы жазады. Бұл рейтингтің басында ел президентінің зайыбы Светлана Медведева тұр. Бірақ, елдің бірінші ханымына қатысты «іскер» деген сөзді басылым тырнақшаға алған.
Екінші орында, Санкт-Петербургтің губернаторы Валентина Матвиенко болса, ал үшінші орынды Санкт-Петербург мемлекеттік университетінің президенті Людмила Вербицкая иемденген.
Сонымен бірге, алғашқы ондыққа әйел-министрлер Эльвира Набиуллина мен Татьяна Голикова енген. Іскер әйелдерге келсек, Елена Батурина сегізінші орында, ал Гүлжан Молдажанова 15-ші орында тұр. Осыған қарағанда, бұл рейтингіде бизнеске емес, саясатқа көңіл бөлінсе керек.
Дағдарыс тек Гүлжан Молдажанованың ғана емес, оның серіктесі Олег Дерипасканың да беделіне әсер етті. Осыдан бұрын ол екі жыл қатарынан «Финанс» журналындағы миллиардерлер рейтингін бастап тұрса, бұл жылы 8-ші орынға сырғып кеткен. Дерипасканың қалтасы 2008 жылғы 40 миллиард доллардан, 2009 жылы 4,9 миллиард долларға, яғни сегіз есеге жұқарған.
Нағыз бас айналдырарлық карьера жасаған қазақ қызы Гүлжан Молдажанова өткен жылы Forbes журналы құрастырған рейтинг бойынша, әлемдегі ең ықпалды 100 әйелдің ішінде 37-ші орында тұрған. 2006 жылдан бастап оның аты Wall Street Journal және Fortune тәрізді басылымдар құрастырған әлемнің ең ықпалды әйелдерінің тізіміне тұрақты түрде еніп келген.