New York Times («Нью Йорк Таймс») басылымы желтоқсанның 20-сы күні Ресей парламенті талқылап жатқан жаңа заң - АҚШ азаматтарының Ресейден бала асырап алуына тыйым жайлы мақала жариялады.
«Ресей парламенті желтоқсанның 19-ы күні АҚШ азаматтарының Ресейден жетім бала асырап алуына тыйым салатын жаңа заңды қабылдауға жабыла дауыс берді. Бірақ президент Путиннің бұл заңға қол қояр-қоймасы әзірше белгісіз» деп жазады NYT басылымы.
Мақала авторының пікірінше, «Ресей думасы бұл бастаманы АҚШ президенті Барак Обама өткен аптада қол қойған «Магнитский актісіне» – адам құқықтарын бұзған ресейлік азаматтарды жазалау үшін шығарылған жаңа құжатқа қарымта қайтару мақсатында көтеріп жатыр».
Думадағы 400 депутаттың төртеуі ғана қарсы болып, екі адам қалыс қалған. Жаңа заңға қарсы болған лауазымды қызметкерлердің арасында бұған дейін АҚШ-пен арадағы мәселеде қатаңдау саясат ұстанып келген Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров та бар. Президент Путин осы мәселеге орай «АҚШ-тың қабылдаған заңына біз де қарсы жауап беруіміз керек» десе де, бала асырап алу мәселесі жайында нақты пікір білдірмеген. Бірақ жаңа заңның тағдыры Путинге ғана тәуелді. Себебі, заң бойынша, парламенттің қарауынан өткен соң да ол заңға президент Путин ең соңынан қол қояды.
ПУТИННІҢ «ТАҢДАУЫ»
Путин егер заңға қол қойса, оның әсері екі ел үшін де жайсыз болмақ деп болжайды басылым. Ресей осы заң арқылы бала асырап алу туралы халықаралық екі жақты келісімді бұзады. Екіншіден, Ресейден бала асырап алғысы келетін мыңдаған америкалық ата-аналардың үміті желге ұшады. 1999 жылдан бері АҚШ азаматтары Ресейден 45 мың жетім баланы асырап алған.
Автордың пайымдауынша, Путин дәл қазір қиын таңдаудың алдында тұр. Егер ол
бұл заңды жұмсартатын болса, осыған дейін өзінің билікке келуіне жәрдемдескен «Единая Россия» партиясымен қайшылыққа келеді. Кремль өкілдері «Ресей думасының бұл әрекеті АҚШ қабылдаған заңға қарсылықтан туындап жатыр» деді.
Президент Путиннің хатшысы Дмитрий Песков Ресейдің жаңалық агенттеріне берген сұхбатында:
– Ресей үкіметінің бұл тегеурінді қарсылығын түсінуге болады. Әлбетті, атқарушы биліктің саясаты сәл ұстамды болады. Бірақ елдің бәрі білетін антиорыстық көңіл-күйді ескере отырып, президент Путин Ресей парламентінің жағдайын түсінеді, – деді.
Мақала авторының ойынша, АҚШ-та қабылданған заңға қарсы ашу-ыза думадағы қызу талқылауда қатты байқалған. Жаңа заңды қолдап дауыс берген коммунистік партияның өкілі Сергей Решульский:
– Біз отанымызды сүюіміз керек. Не қаласа соны алғысы келетін америкалықтардың ойыншығы болмауымыз керек, – деді.
АҚШ ӨКІЛІНІҢ ПІКІРІ
АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі Виктория Нуланд бұл мәселені Ресей думасымен бірлесе отырып, екі жақты келісіммен шешу жайында ұсыныс айтқан.
– Жыл сайын мыңдаған жетім балар мемлекетаралық бала асырап алу
шараларының арқасында әрі жайлы, әрі мейірімді отбасынан пана табады. Мыңдаған америкалық ата-аналар да ресейлік жетім балаларды асырап алудың арқасында қуанышқа кенелді, – деді Нуланд.
Басылымның дерегінше, Ресей мемлекеттік думасы депутаттарының арынын білім минстрі Дмитрий Ливанов, парламенттің жоғары палатасының спикері Валентина Матвиенко сияқты лауазымды қызметкерлердің қарсы пікірлері де тоқтата алмаған.
Жаңа заң қабылдану үшін оны жоғары палата да қолдау қажет. Ресей парламент спикерінің орынбасары Александр Торшиннің болжауынша, "Дима Яковлев (АҚШ-та асырап алған ата-анасының қолында қайтыс болған ресейлік бала - ред.) заңы" деп аталған жаңа заңды қабылдата салу еш қиын емес.
ӘУЕЛГІ ОРЫНДА - ҚЫТАЙ
Соңғы он жылдағы дерекке қарағанда, АҚШ азаматтары 2000 жылы негізінен Азиядан (8639), Еуропа елдерінен (6911), Солтүстік Америка елдерінен (1890), Орталық Америкадан (1570), Оңтүстік Америка (452) және Африкадан (217) бала асырап алған.
2007 жылдан бері қарай жағдай сәл өзгерген. Еуропа мен Солтүстік Америка елдерінен бала асырап алатын америкалықтар азайып, керісінше Африкадан бала асырап алу көбейген. Ал 2008 жылдан бері қарай шетелден бала асырап алатын америкалықтар азайған.
АҚШ азаматтары 2011 жылы 9 мың 504 бала (Қытайдан – 2607, Эфиопиядан – 1734, Ресейден – 964, Оңтүстік Кореядан – 741, Украинадан – 631 бала) асырап алған.
Америкалықтар постсоветтік елдердің арасынан Ресей, Украина және Қазақстаннан көбірек бала асырап алады.
Мақала авторының пікірінше, «Ресей думасы бұл бастаманы АҚШ президенті Барак Обама өткен аптада қол қойған «Магнитский актісіне» – адам құқықтарын бұзған ресейлік азаматтарды жазалау үшін шығарылған жаңа құжатқа қарымта қайтару мақсатында көтеріп жатыр».
Думадағы 400 депутаттың төртеуі ғана қарсы болып, екі адам қалыс қалған. Жаңа заңға қарсы болған лауазымды қызметкерлердің арасында бұған дейін АҚШ-пен арадағы мәселеде қатаңдау саясат ұстанып келген Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров та бар. Президент Путин осы мәселеге орай «АҚШ-тың қабылдаған заңына біз де қарсы жауап беруіміз керек» десе де, бала асырап алу мәселесі жайында нақты пікір білдірмеген. Бірақ жаңа заңның тағдыры Путинге ғана тәуелді. Себебі, заң бойынша, парламенттің қарауынан өткен соң да ол заңға президент Путин ең соңынан қол қояды.
ПУТИННІҢ «ТАҢДАУЫ»
Путин егер заңға қол қойса, оның әсері екі ел үшін де жайсыз болмақ деп болжайды басылым. Ресей осы заң арқылы бала асырап алу туралы халықаралық екі жақты келісімді бұзады. Екіншіден, Ресейден бала асырап алғысы келетін мыңдаған америкалық ата-аналардың үміті желге ұшады. 1999 жылдан бері АҚШ азаматтары Ресейден 45 мың жетім баланы асырап алған.
Автордың пайымдауынша, Путин дәл қазір қиын таңдаудың алдында тұр. Егер ол
Президент Путиннің хатшысы Дмитрий Песков Ресейдің жаңалық агенттеріне берген сұхбатында:
– Ресей үкіметінің бұл тегеурінді қарсылығын түсінуге болады. Әлбетті, атқарушы биліктің саясаты сәл ұстамды болады. Бірақ елдің бәрі білетін антиорыстық көңіл-күйді ескере отырып, президент Путин Ресей парламентінің жағдайын түсінеді, – деді.
Мақала авторының ойынша, АҚШ-та қабылданған заңға қарсы ашу-ыза думадағы қызу талқылауда қатты байқалған. Жаңа заңды қолдап дауыс берген коммунистік партияның өкілі Сергей Решульский:
– Біз отанымызды сүюіміз керек. Не қаласа соны алғысы келетін америкалықтардың ойыншығы болмауымыз керек, – деді.
АҚШ ӨКІЛІНІҢ ПІКІРІ
АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі Виктория Нуланд бұл мәселені Ресей думасымен бірлесе отырып, екі жақты келісіммен шешу жайында ұсыныс айтқан.
– Жыл сайын мыңдаған жетім балар мемлекетаралық бала асырап алу
Басылымның дерегінше, Ресей мемлекеттік думасы депутаттарының арынын білім минстрі Дмитрий Ливанов, парламенттің жоғары палатасының спикері Валентина Матвиенко сияқты лауазымды қызметкерлердің қарсы пікірлері де тоқтата алмаған.
Жаңа заң қабылдану үшін оны жоғары палата да қолдау қажет. Ресей парламент спикерінің орынбасары Александр Торшиннің болжауынша, "Дима Яковлев (АҚШ-та асырап алған ата-анасының қолында қайтыс болған ресейлік бала - ред.) заңы" деп аталған жаңа заңды қабылдата салу еш қиын емес.
ӘУЕЛГІ ОРЫНДА - ҚЫТАЙ
Соңғы он жылдағы дерекке қарағанда, АҚШ азаматтары 2000 жылы негізінен Азиядан (8639), Еуропа елдерінен (6911), Солтүстік Америка елдерінен (1890), Орталық Америкадан (1570), Оңтүстік Америка (452) және Африкадан (217) бала асырап алған.
2007 жылдан бері қарай жағдай сәл өзгерген. Еуропа мен Солтүстік Америка елдерінен бала асырап алатын америкалықтар азайып, керісінше Африкадан бала асырап алу көбейген. Ал 2008 жылдан бері қарай шетелден бала асырап алатын америкалықтар азайған.
АҚШ азаматтары 2011 жылы 9 мың 504 бала (Қытайдан – 2607, Эфиопиядан – 1734, Ресейден – 964, Оңтүстік Кореядан – 741, Украинадан – 631 бала) асырап алған.
Америкалықтар постсоветтік елдердің арасынан Ресей, Украина және Қазақстаннан көбірек бала асырап алады.
2000 | 2001 | 2002 | 2003 | 2004 | 2005 | 2006 | 2007 | 2008 | 2009 | 2010 | 2011 | |
Қазақстан | 392 | 664 | 802 | 819 | 824 | 755 | 580 | 547 | 380 | 298 | 182 | 86 |
Ресей | 4210 | 4210 | 4904 | 5134 | 5878 | 4652 | 3710 | 2301 | 1859 | 1580 | 1079 | 964 |
Украина | 645 | 1227 | 1093 | 691 | 772 | 841 | 463 | 604 | 487 | 605 | 445 | 631 |