19 қыркүйекке қараған түні қырғыз-тәжік шекарасында атыс болмады. Бірақ Қырғызстан шекара қызметінің хабарлауынша, ахуал әлі шиеленісіп тұр. Екі тараптан қаза тапқандар саны 94-ке жетті. Жүздеген адам жараланған. Қақтығыс туралы Бішкек не дейді? Душанбенің позициясы қандай?
16 қыркүйекте Алматыда "Қазпошта" ұлттық операторының жүзге жуық қызметкері айлық аз екенін айтып, наразылық білдірді. Компания басшылығы жалақы өсіруді келесі жылға жоспарлап отырғанын мәлімдеді.
Қазақстан парламенті Конституцияға тағы түзету енгізді. Басты екі өзгеріс елде президент лауазымына бір рет жеті жылға сайлануға болады және Астана атауы қайтарылды. Бұл жобаны парламент еш қарсылықсыз мақұлдады.
Талдықорғанда Қаңтар оқиғасында қамаудағы азаматтарды азаптады деген күдікпен 5 полицейдің соты жалғасты. Отырыста сөйлеген азамат та арқасына үтік басылғанын айтып, оған қатысы бар орган қызметкерлерінің түгел жазаға тартылуын сұрады.
Amanat партиясы астанада 25 мың адамды жинап концерт өткізген. Алайда оның жарнамасын жасағанда депутаттардың саяси насихат жүргізетінін айтуды ұмытып кеткен. Бұдан келушілер ғана емес әншілер де хабарсыз болып шықты.
16 жыл бұрын қастандық құрбаны болған саясаткер Алтынбек Сәрсенбайұлын ауылдастары еске алды. Марқұм тірі болғанда, бүгін 60 жасқа толар еді. Алматы облысы Сарыжаз ауылындағы іс-шараға Азаттық тілшісі де қатысып қайтты.
Талдықорған қаласында Қаңтар оқиғасы кезінде ұсталған азаматтарды ұрып-соты, үтік басып азаптады деген күдік бойынша 5 полицейдің соты жүріп жатыр. Жәбірленушілердің бірі күдіктілер арасында "азаптаушылар жоқ" дейді. Сот ғимараты алдынан ақпар берген Манас Қайыртайұлымен сұхбат
Жолдауда президент Қазақстанда армян мен орыс, қырғыз бен басқа да шетелдік нөмір таққан көліктерді ресми түрде тіркеуге мүмкіндік берілетінін айтқан. Бірақ сарапшы мұның механизмі толық реттелмеген жартыкеш шешім деп атады.
Шымкент қалалық аппеляциялық соты Қаңтар оқиғасына байланысты "Жаппай тәртіпсіздік" бабымен сотталған белсенділердің үкімін өзгертпеді. Соттан соң белсенінің туыстары наразылық білдіріп, арнайы жасақпен жанжалдасып қалды.
Украина мен Ресейдің соғысып жатқанына 196 күн болды. Киев сарбаздарының қарсы шабуылға шығып, бірнеше ауылды азат еткенін мәлімдеді. АҚШ-тың айтуынша Ресей әскері қазір қаруға мұқтаж, сондықтан Солтүстік Кореядан оқ-дәрі сатып алып жатыр.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеген «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы қоғамды әрі-сәрі күйге түсірді. Қуана қабылдағандар да, бағдарламаның болашағына күмәнмен қарағандар да көп. Кейбір сарапшы Тоқаевтың бұл шешімін сайлау алдындағы популистік ұранға ұқсатады.
30 тамызда 92 жасқа қараған шағында СССР-дің соңғы басшысы Михаил Горбачев қайтыс болды. Оның тарихи рөліне қатысты пікір сан алуан. Азаттық Горбачев қалдырған мұра туралы және Қазақстан тарихындағы орны жайлы саясаттанушы, публицист Сейдахмет Құттықадаммен сұхбаттасты.
Алматыдағы Тарас Шевченко ескерткіші маңында Украинаның тәуелсіздік күніне арналған акция өтті. Белсенділер блогерге сұхбатында орыстар туралы пікір айтқан Украинаның Қазақстандағы елшісі Петр Врублевскийге қолдау көрсетті.
Украина ресейлік ЧВК Вагнер жалдамалы жендеттер тобының штабын жарып жібергенін мәлімдеді. Ақпаратты алғашқы болып кремлшіл телеграм арналар таратты. Мәскеу әзірше ештеңе айтпай отыр.
Кейінгі жылдары даулы "Экстремизм бабымен" сотталған ондаған азаматтық белсенді кез келген қаржылық операциялардан қағылғанын айтады.
Ресей мен Украинаның соғысып жатқанына 5 айдан асты. Ресейдің Донецк облысына шабуылынан әзірге нәтиже жоқ. Украина болса оңтүстіктегі майдан шебінде қарымта шабуылға дайындалып жатыр.
Алматы прокуратурасы белсенді Инга Иманбайды күйеуі Жанболат Мамай ісінде қорғаушы мәртебесінен айырды. Бұған оның бұл істе куәгер екені себеп болған. Инга Иманбай мұнымен келіспей 22 шілдеде қалалық прокуратураға барып наразылық білдірді.
17 жасында Қаңтар оқиғасына байланысты қамауға алынған Сәкен Тәліпов шартты жаза алып, босап шықты. Ол тергеуде әбден азапталып, құқық қорғау органы қызметкерлерінен қорлық көргенін айтады.
Желіде мәдениен және спорт министрі Дәурен Абаевтың Дисней студиясы түсірген “Базз Лайтер” мультфильмі Қазақстан кинотеатрларында көрсетілмейді деген сөзін талқылады.
13 шілдеде Шымкенттің Әл Фараби аудандық сотында Жанмұрат Аштаев, Қайрат Сұлтанбек және Ләззат Досмамбетоваларға қатысты сот басталды. Олар "жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырды" деп айыпталып отыр. Белсенділер айыпты мойындамайды.
Тағы