Астанада энергетика министерлігінен тұрақты жұмыс беруді талап еткен жаңаөзендік мұнайшыларды 11 сәуірде кешкісін полицияның арнайы жасағы автобусқа күштеп тиеп, алып кетті. Маңғыстау өңірінде бірнеше кәсіпорынның жұмысшылары жаңаөзендіктерді дереу босатуды талап етіп, жұмысты доғаратынын мәлімдеді.