АҚШ Мемлекеттік хатшысының көмекшісі Элизабет Джонс қазақ-өзбек шекарасының жабылуын құптамайтындығын сәрсенбі күні АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігінде телефон арқылы Қазақстанның кейбір ақпарат құралдарымен өткізген мәслихатта мәлімдеді. Оның айтуына қарағанда, бұл ұсақ саудагерлердің қызметіне кедергі жасайды, экстремизмнің дамуына мұрындық болуы ықтимал.