Түрік президенті Абдулла Гүлдің Анкарада Нұрсұлтан Назарбаевқа ескерткіш қою туралы ниеті барын айтқаны сол екен – қазақ депутаты оған Анкарадан бұрын Астанада ескерткіш орнатайық деген ұсыныс тастады. Бірақ көсемдерге тұрғызылған тас мүсіндердің тағдыры сан құбылып жататындығына тарихтың өзі куә.
Қырым татарлары 1944 жылдың 18 мамырын Қырғын күні немесе Аза тұту күні дейді. Оралдан көшірілген халықтың тең жарымы жолда қырылды.
Жақында Әзірбайжанда діни ұйым басшыларының Бүкіләлемдік саммиті өтті. Қазақстандағы діни съездерден айырмашылығы, Әзірбайжандағы әлемдік діндер саммиті жергілікті билік үшін ашық жарнама науқанына айналған жоқ.
Германияны жеңгеннен кейін немістен түскен олжаға белшесінен батқан советтік номенклатура еуропалық үрдіспен өмір сүруге көшті. ССРО-ның гитлершілерді жеңуі билік пен әскердің жоғарғы сапындағылар арасында жемқорлықтың кеңінен етек жаюына мықты түрткі болды.
Төлқұжаттарында дүниеге келген мерзімі күмән туғызатыны себепті Кавказ бен Орталық Азиядағы ұзақ жасаған адамдар Гиннестің рекордтар кітабына енгізілмей келеді. Қарағандылық Сахан Досованы да Жер бетіндегі ең ұзақ ғұмыр иесі деп мойындаған жоқ.
Аргентинаның ақырғы диктаторы 25 жылға сотталды. Әлемдік қауымдастық назарын тіккен диктатордың соты Қазақстандағы азаптау тәсілдерін қолдану туралы ауқымды зерттеулердің жарық көрген сәтіне тұспа-тұс келді.
Постсоветтік кеңістіктегі автократиялық басшылар түптің-түбінде өздерінің қызметтен кететіндігі жөніндегі ойды жуытқысы келмейді. Бірақ Минтимер Шаймиевтің мысалы постсоветтік басшы ең жоғары қызметтен кетсе де, дүниенің өз орнында қала беретінін көрсетті.
Сталин мен оның советтік генералитеттегі ең негізгі көмекшілері болмаса, Екінші дүниежүзілік соғыстағы адам шығыны әлдеқайда аз болуға тиіс еді. Ал «Ұлы Отан» соғысының шын тарихы жуық арада жазыла қоймайтын секілді.
«Халықаралық рақымшылық» ұйымы Еуропа елдерін тұтқындарға азаптау қолданатын мемлекеттерге адамдарды экстрадициялауды тоқтатуға шақырады. Сөзі шикі үкіметтердің «сыртқа қашқан адамдарды гуманды түрде тергейміз» деген уәделеріне сенбеу керек дейді құқыққорғау ұйымы.
Осыдан біршама уақыт бұрын жазған екі материалымда мен Екінші дүниежүзілік соғыстың соңғы айларында совет әскерлерінің неміс әйелдерін жаппай зорлағаны жайында айтқан едім.
«Джеймстаун фаундейшн» атты америкалық сараптамалық топтың байқауынша, постсоветтік елдердің қорғаныс саласына арналған бюджеттік шығындары ұлғаюда. Әйткенмен, Орталық Азиядағы ұжымдық қауіпсіздік идеясы өмірге ене алмай отыр.
Католик пірәдарларының педофилдік қылмыстары кеңінен дабыра болуда. Нәпсіқұмарлық жанжалдың шуы Аустрия, Нидерландия, Швейцарияға жайылып, Британ аралдары, Германия және Құрама Штаттар арқылы бүкіл әлемге тарап отыр.
Адам құқықтарын қорғаушылар Түркіменстандағы түрмелер туралы баяндамасын жариялады. Мұндай зерттеу кезінде Қазақстанда да жүргізілген болатын. Абақтылар жүйесі - ең жабық тақырыптардың қатарында. Екі елдің де түрмелерінде парақорлық етек жайған.
80 жастағы неміс азаматшасы Габриэле Кёпп - совет сарбаздарының зорлық-зомбылығын басынан өткергені жайында өз атынан кітап жазған бірінші әйел. «Шпигель» журналы кітап пен оның ауторы жайында әңгіме жариялады.
«Вашингтон пост» газеті Илхам Әлиевтің Дубайдан тоғыз сарай сатып алғандығы жайында жазған соң Әзірбайжанда кейбір веб-сайттарға тосқауыл қойылды. Бұл жылжымайтын мүліктер Әлиевтің балаларының атына жазылған болатын.
Әзірбайжан парламенті азаматтардың аты-жөніндегі орыс тіліне тән жалғауларды ауыстыру мәселесін талқылауда. Қоғам арасында әлгіндей жалғауды өзгертуді қолдайтын пікірлер де айтылып жүр. Әйтсе де бұл іс азаматтардың өз еркімен ғана жасалуы тиіс деген үндеулер естілуде.
Британдық «Джейн» журналы Өзбекстанның Ислам қозғалысының жаңа жоспарлары туралы талдауында, бұл ұйым өзінің әу бастағы көздеген мақсатын, яғни Өзбекстандағы жүйені өзгертуді қайтадан жаңғыртуға талпынып жатыр деген тұжырым жасайды.
Татарстан тәуелсіздігі үшін қозғалысының жетекшісі Фаузия Байрамова шартты түрде бір жыл түрме жазасына кесілді. Сондай-ақ елде басқа да диссиденттер сотталған болатын.
Британдық «Джейн» журналы исламдық талдау зерттеулер туралы қосымшасында Орталық Азиядан кетуге мәжбүр болған Өзбекстан ислам қозғалысы (ӨИҚ) жайлы кең көлемді талдауын жариялады. Басты сұрақ: ӨИҚ қайда және қандай себеппен кетті?
Украина президенті болып Виктор Януковичтің сайлануы Мәскеудің бұл елді өзінің ықпал ету аймағына қайта енгізу үмітін тұтатты. Бұл шаруа, әрине, орыс тілінің мәртебесін көтеру арқылы жүзеге асырылмақ. Алайда, Украина елі бүгінде өзгерген – президент барлық өзгерістерді бірдей бақылауға ала алмайды.
Тағы