Алматыдағы Қазақстанның қала құрылысшылары одағы форумында қала салу бойынша бас жоспарлар советтік жоспарлы экономиканың мұрасы болса да, қажет екені туралы айтылды. Жер басып алу бас жоспарға үлкен кедергі болып тұр.
Ұлы Отан соғысы жайлы Санкт-Петербург кинематографистері түсірген «28 панфиловшы» көркем фильмі қарашаның 24-інен бастап Қазақстан мен Ресейде прокатқа шығады. Фильм кей тарихшылар «аңызға» балайтын жайттар желісімен түсірілген.
Алматыда қарашаның 12-і күні алғаш рет «Ұлы Дала ханшайымы» қайырымдылық сұлулық байқауының финалы өтті. Оған қимыл-қозғалысы шектеулі қыз-келіншектер қатысты.
Талхиз қаласы 2014 жылы Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан 33 көне қоныстың бірі ретінде ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұрасы тізіміне енген. Көп ұзамай Талхиздің үстінен автокөлік құрылысын салу жұмыстары басталған. Бұл тарихи ескерткішке үлкен зиян әкелді, ал Қазақстанның беделіне нұқсан келді.
Ортағасырлық Талхиз қаласының үстінен жол салуға қатысты дау әзірше оны салушылардың пайдасына шешілген жоқ. Бірақ көне қаланың орны бүкіләлемдік мұра нысаны ретіндегі мәртебесін жоғалтуы мүмкін.
Алматыда поляктардың Қазақстанға жаппай депортацияланғанына 80 жыл толуына арналған шаралар өтіп жатыр. Олардың кейбірі туралы Азаттық фоторепортажы.
Поляктардың Қазақстанға жаппай депортацияланғанына - 80 жыл. Соғыстың алдындағы жылдары Украинаның батыс аудандарынан Қазақстанға 40 мыңнан 95 мыңға дейін (нақты саны белгісіз) поляк депортацияланған. Олардың ішінде Креницкийлер әулеті де болған.
Алматыда Қазақстанның ұлты неміс жазушысы, аудармашы, әдеби сыншы Герольд Бельгер жайлы деректі фильмді таныстырды. Ол көзі тірісінде СССР-де неміс халқының дискриминацияға ұшырауының символына айналған еді, бірақ фильмде бұл туралы мүлде дерлік айтылмаған.
60 жыл бұрын осы аптада венгр халық революциясы басталғаннан кейін совет әскерлері Будапештке кіріп, наразылық акциясын күшпен басты. Ол кезде совет армиясы қатарында қазақстандықтар да болған. Олар қазір 1956 жылғы оқиғалар жайлы өзгеше ойлайды.
Алматыда «Бастау» халықаралық студенттер фильмі мен киномектептері фестивалі өтіп жатыр. Қазақстандық студенттердің фильмдері көбінесе жеке адамның ішкі күйзелісін көрсетеді.
Алматыда қазақтың көрнекті үш тұлғасының жұбайы болған Фатима Ғабитованың өмірі туралы «Фатима» деректі фильмінің премьерасы өтті. Ол кісінің күнделіктерінде Қазақстанның 1916 жылдан бергі тарихы қамтылған.
Алматыда Орталық Азия мен АҚШ-тың 20 шақты музыкантының бірлескен концерті өтті. Әр елден жиналып, бір аптадай бұрын ғана танысқан өнерпаздар көрермендердің қошеметіне бөленген бағдарлама даярлап үлгерген.
Tanaris Produktion кинокомпаниясы түсірген «Үзілмеген үміт» көркем фильмі киноэкранға шықты. Бірақ фильм әуелі Қазақстан емес, шетелде көрсетілген.
Қазақстанның Орталық музейінде «Объективте - Әділ сөз» атты фотокөрме өтті. «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау ұйымы өткізген көрмеге 90-ға жуық деректі және саяси фотография қойылды.
Қазақстан президентінің қызы продюсерлік еткен «Анаға апарар жол» көркем фильмі прокатқа шықпақ. Авторлары «патриоттық туынды» деп атаған фильмның бюджеті ресми жарияланған жоқ.
«Евразия» кинофестивалінің конкурстық бағдарламасына енген бірнеше авторлық картинаның ішінде алдыңғы туындысы «Қазақстанды масқаралайтын фильм» деп аталған режиссердің фильмі де бар.
Алматыда Қазақстанның кино саласы үшін жылдың басты оқиғасы – ХІІ «Евразия» халықаралық кинофестивалі өтіп жатыр.
Тағы