Қазақстанға көрші Қырғызстан, Өзбекстан мен Түркіместаннан қолөнер шеберлері келді.
Сәуірдің 1-і, яғни халықаралық күлкі күні ақпарат құралдары түрлі әзіл-қалжың мен қауесет таратып, аңғал жұртты әуре етіп қояды.
Наурызда Алматыдағы республикалық неміс театрында (DTK) екінші премьера өтті. Бұл жолы Франк Ведекиндтің «Көктемнің оянуы» пьесасы көрерменге ұсынылды.
Қазақстан неміс театрында германиялық режиссер Кай Вушек сахналаған «Қонақ үй» спектаклі премьерасы өтті. Ондағы бас кейіпкер - Женевадағы ең ірі үш отельдің бас директорына айналған даяшы.
Қазақстанда түсірілімі әлі басталмаған тарихи телесериалға жоба авторлары «жеткілікті ақша бөлуді» сұрайды. Фильм премьерасы биылғы Тәуелсіздік күніне белгіленген.
Театр тарихшылары, өнер қайраткерлері мен оқытушылар Алматыға жиналып, қазақ театр өнерінің пайда болған күнін белгіледі.
Алматыда балалар кітапханасы құрастырған «лайықты верныйлықтар мен тамаша алматылықтар» CD-дискісі шықты. Дискіге 50 адам енген. Бірақ онда кітапханаға есімі берілген жазушы Сапарғали Бегалин жоқ.
Бір ғасыр бұрын Верный қаласы тұрғындары 1914 жылды қалай шығарып салып, 1915 жылды қалай қарсы алғанын білу үшін Азаттық тілшісі ескі газет тігінділерін парақтап шықты.
Алматы тарихы туралы жаңа сайт ашылды. Сайт жүйеленген ауқымды деректерді берумен қатар қала тарихына деген шенеуніктер көзқарасын да көрсетеді.
Алматыда өткен Орталық Азия кітап форумында Тәжікстан, Өзбекстан және Беларусь авторлары әдеби конкурс лауреаттары болды. Мәрзия Зәкіриянова мен Немат Келімбетов атындағы қосымша сыйлықтар да табысталды.
Алматы көшелерінде OCABF, яғни Орталық Азияның ашық кітап форумы мен әдеби фестивалінің жарнамасы пайда болды. Конкурс жеңімпазы кітабын Лондон баспасында тегін шығарады.
Алматыда әйгілі қазақ режиссері әрі актері Шәкен Аймановтың шығармашылығына арналған көрме ашылды.
Алматы қаласындағы орта мектептердің бірінде оқушылардың кино және театр мамандықтары туралы сауатын ашатын студия ашылды.
Алматыда оныншы халықаралық «Еуразия» кинофестивалі аяқталды. Гран-при израильдік режиссер Асаф Корманның «Қыз қасында» кинокартинасына бұйырды.
Биыл совет рок-жұлдызы Виктор Цойдың туған күніне арналған концерт Алматының сыртында өтті. Алматылық рок-топтар оның әндерін далада да орындады.
Алматы қаласындағы неміс драма театрының ғимаратсыз қалғанына жеті жыл болды. 23 жыл ішінде Алматыда театрға арнап бірде-бір ғимарат салынбаған.
Алматылық жас режиссер Әділхан Ержанов 67-халықаралық кинофестиваль өтетін Канн қаласына аттанды. «Қожайындар» фильмі қиырдағы қазақ ауылындағы «шағын мафия» өмірін көрсетеді.
Совет кезінде «тарихты баяндаудағы саяси қателікпен» идеологиялық күрес тұзағына Әбусағит Жиреншин де түскен. Ғалымды еске алу кешінде алғашқы абайтанушының қилы тағдыры жайлы сөз болды.
Украин ақыны Тарас Шевченконың тағдыры мен шығармашылығы үш елді – Украина, Ресей және Қазақстанды байланыстырды. Ақынның 200 жылдық мерейтойы Украинадағы дағдарыспен тұспа-тұс келді.
Осы аптаның аяғында Алматы қаласында Сталин дәуіріндегі саяси қуғын-сүргін тарихына арналған «Дольше жизни» деректі фильмі көрсетілді. Көрермен пікірі екіге жарылды.
Тағы