Қырғызстанның жаңа үкіметі Ресейдің жәрдем күткенімен, үміт ақталмай тұр. Мәскеу Қырғызстанның жаңа билігін толық қолдауға ешқандай ишара білдірмеді. Бұл Бішкек үшін үлкен мәселеге айналды.
Садыр Жапаровтың жақтастары жерден топырақ кесектерін алып Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевтың жақтастарына қарай атқылап жатқан сәт. Оқиға 9 қазан күні Бішкектегі митинг кезінде болды.
Жүздеген миллион доллар қаржы жымқыру күдігіне ілінген Қырғызстан кеден қызметі басшысының экс-орынбасары Райымбек Матраимов ұстап, кейін ешқайда кетпеу туралы қолхатпен үйқамаққа алды. Бірақ Матраимовты ұстау әдісі ықпалды адамға айып тағыла қоя ма екен деген сұрақтарды туындатып отыр.
Өзбекстанда өзіне тиіскен ер адамдардан қорғанбақ болған қыздың үстінен қозғалған қылмыстық іс жабылды. Милиция оны "азаматтарды сабады" деп жауапқа тартпақ болған. Бұл хикая патриархалды өзбек қоғамындағы әйел жағдайына көпшіліктің назарын аударды.
Түркіменстан билігі елде коронавирус жоқ деп мәлімдеп отыр. Алайда жұрт арасында Covid-19 белгісімен ауруханаға түскендер тірі қайтпайды және олардың ажалы вирустан емес, басқадан деген қауесет тараған.
Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жиен немересі Айсұлтан Назарбаевтың мезгілсіз қазасы елдегі басты әулеттің төңірегінде соңғы кезде жүріп жатқан сарай тартысының бір бөлігі тәрізді.
Қырғызстанның Ош пен Жалал-Абад аймағында жүздеген адамның өмірін жалмаған ұлтаралық жанжал болғанына он жыл толды. Бірақ жараның орны әлі жазылған жоқ. Көп жұрт сол кезде қылмыс жасағандар жауапқа тартылмады деп әділдік іздейді.
Тура бір жыл бұрын, 2019 жылғы 12 маусымда Қасым-Жомарт Тоқаев ант беріп, Қазақстанның екінші президенті ретінде қызметіне кірісті. Ол басқарған бір жылда елде қандай өзгеріс болды?
Оңтүстік және Орталық Азия коронавируспен күрес шектеуін енді босаңсыта бастағанда жаңа қиындыққа тап болды. Аймақта соңғы 20 жылда болмаған алапат шегіртке шабуылы басталды.
Қазақстан билігі коронавирустың таралуын тоқтатуға тырысып жатқан тұста елдің экспортқа шығаратын негізгі шикізаты – мұнай күрт арзандап, жығылған үстіне жұдырық боп тиді. Шикізат өндіру саласында жаңадан екі проблема пайда болғанға ұқсайды.
Қазақстан билігі коронавирус инфекциясы таралуының алдын-алу үшін енгізген шектеу шараларын біртіндеп жеңілдете бастады. Бұл адамдар қайтадан көшеде еркін жүріп, бизнес субъектілері кәсібін қайта бастап, қоғамдық өмір бұрынғы қалыпқа түсе бастайтынын білдіреді.
Авторитар биліктің наразылықты басып-жаншитын қатаң саясатына қарамастан, Түркіменстанда тұрғындардың үкіметке қарсы акцияларға жиі шыға бастауы табиғи апаттар мен кедейлік қажытқан жұрттың төзімі таусылғанын аңғартады.
Орталық Азиядағы ең қиын мәселе - шекара, соның кесірінен кей елдер өзара дүрдараз болып, жақын қарым-қатынасқа бара алмай отыр. Жақында аймақта шекара маңында екі маңызды оқиға болды. Оның бірі үміт ұялатса, екіншісі біршама алаңдатады.
Ресми Ашғабаттың адам нанғысыз мәлімдемелерінен кейін жұрт қазір түркімен үкіметінің сөзіне сенуден қалған. Бірақ Еуропа одағы Түркіменстан ұсынған деректерді шындық деп қабылдап, соның кесірінен бұл ел коронавируспен күресте шетелдің көмегінен қағылды.
Коронавирус пандемиясы Орталық Азия елдеріне бұрын-соңды болмаған ерекше сынақ болды. Әрқайсысы өз проблемасын өзінше шешуге кірісті. Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев көрші ел басшыларымен хабарласуды көбейтті.
Қазақстан қиын-қыстау кезеңде тұр. Коронавирус алқымнан алғанда мұнай да күрт арзандады. Елдің бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаев бұрын қолданған әдісін қайталап, халықты қаржы жинап, мемлекетке көмектесуге шақырды.
Орталық Азия елдері ерте ме, кеш пе, коронавирус осы аймаққа да келетінін білді. Бірақ бес мемлекет жұқпалы дертпен күресте әртүрлі стратегияны қолданып жатыр.
Сарапшылар мұнай бағасының құлдырауы мен оған қабаттаса келген коронавирустың Орталық Азия елдері экономикасына зардабы ауыр болуы мүмкін деп санайды.
Тағы