Бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаев кейінге қалдыратын мұрасына қатты алаңдайтынын көп жылдан бері байқатып келді. Ол тарих оқулықтарында өз есімі сүйіспеншілікпен аталуы үшін көп еңбектенді. Бірақ өткен жылы отставкаға кеткен Назарбаевтың бұл бейнесі көз алдында көмескіленіп барады.
Өзбекстан үкіметі экономиканы реформалау жолында біраз кедергіге кезікті. Солардың бірі - қарапайым өзбек азаматтарына шетелден жұмыс тауып беруге уәде беріп, алдап ақша алатын жеке агенттіктер.
Өзбекстан билігінің өкілі 2005 жылғы Әндіжан қырғыны туралы сөз қозғады. Жүздеген бейбіт тұрғын қаза тапқан оқиға жайлы айтуға көп жыл тыйым салынып келген. Үкімет 1991 жылы тәуелсіздік алғалы бері Өзбекстанда болған ең қайғылы оқиғаның бетін аша бастады деп үміттеніп жүргендер көп.
Қазақстанның оңтүстік-шығысында тағы да ұлтаралық кикілжің туып, бұл жолы жанжал этникалық қазақтар мен Қазақстандағы дүнген қауымдастығы өкілдерінің арасында болды.
Түркіменстанда үкіметтік сайт елде 6,2 миллион адам тұрады деп хабарлады. Өзін сыртқы әлемнен шектеп, оқшау мемлекетке айналған елде биліктің ресми мәліметін анықтау мүмкін болмағандықтан, бұл дерекке сену қиын.
Қазақстанда президент ауысқалы бері бұрын сирек құбылыс саналатын наразылық акциялары елде жиі өтетін болған. Билік рұқсат етілген митингілерді өткізетін орынды орталықтан алыс жерден берген.
Өзбекстанда президент Шавкат Мирзияев уәде еткен реформалардан үміт күткен жұрт жақында өткен парламент сайлауына ерекше назар аударды. Сайлау қорытындысы бойынша, парламенттің төменгі палатасы "жасарып", әйел депутат саны көбейді. Алайда өзгеріс шамалы болғанға ұқсайды.
Орталық Азия аймағы үшін дәл қазір көкейкесті төрт мәселе бар: бес ел және олардың Қытаймен қарым-қатынасы, Ауғанстаннан үнемі төніп тұрған террор қаупі, үкіметтердің интернетті шектеу арқылы ақпарат ағынына тосқауыл қоюға тырысуы және адамды бет-әлпетінен танитын технологиялық жүйе.
Қарашаның 6-сына қараған түні 20 шақты қарулы адам Тәжікстанның шекара бекетіне шабуыл жасады. Билік өкілдері елде тыйым салынған "Ислам мемлекеті" экстремистік тобының жасағы Тәжікстанға Ауғанстан жақтан басып кірген деп хабарлады.
Қазақстан президенті қызметінен кеткенімен мемлекеттік аппаратты бақылау тізгінін уысынан шығармаған Нұрсұлтан Назарбаев пен оның туыстары жайлы соңғы апталарда тараған жаңалықтар әулеттің беделіне сызат түсіргендей әсер қалдырды.
Жақында "Газпром" Түркіменстаннан газ сатып алу туралы келісім-шартқа қол қойды. Іс жүзінде Ресейдің энергетика алпауытына бұл газдың қажеті де шамалы еді. Ресей газдан гөрі Түркіменстандағы режимнің билікте қала беруіне ерекше құлықты болған сияқты.
Шавкат Мирзияев билікке келген соң Өзбекстанның қауіпсіздік қызметі белсенділігін баяулатты. Есесіне жаңа режим тұсында ұлттық гвардияның жұмысы жандана бастады.
Түркіменстанның мемлекеттік телеарнасы президент Гурбангулы Бердімұхаммедов қатты сырқат екен деген қауесетті сейілту үшін солқылдақтау "видео дәлел" көрсетті.
Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевтың тағдыры бірнеше ай “қыл үстінде” тұрғандай болды.
Нұрсұлтан Назарбаев наурызда өкілеттігін тоқтатқанда билік бейбіт әрі тиімді түрде Қасым-Жомарт Тоқаевқа тие қалатындай көрінген. Бірақ күтпеген кедергі де пайда болған сияқты.
Ресей президенті Қазақстанда ұзақ уақыт дауға айналған АЭС салу тақырыбын қайта қозғап, құрылысқа жәрдем беруге әзір екенін мәлімдеді.
Қырғызстан парламентінде саяси көпшілік болып отырған Социал-демократиялық партиясы бір жылға созылған ырың-жырыңнан соң ақыры екіге ажырап тынды. Бірінің басында – қазіргі, екіншісінің басында – бұрынғы президент тұр.
Түркімен билігі мақта мен бидай бітік шыққанын мәлімдегенімен оппозициялық вебсайттар өнімнің әлдеқайда аз жиналғанын жазды.
Әділбек Жақсыбеков соңғы ширек ғасырға жуық уақыт ішінде алғаш рет жоғары лауазымды қызметсіз қалды. Бұған Қазақстан президентінің үлкен қызы себепкер болуы мүмкін.
Азия Даму банкінің қалпына келетін энергия ресурстарын пайдаланып, халықты көбірек энергиямен қамтамасыз етуді көздейтін Орталық Азияға арналған бағдарламасы бар. Бірақ, жасыл әрі арзан энергия көзіне ауысу Орталық Азиядағы бәзбіреулердің жеке мүддесіне қайшы келуі мүмкін.
Тағы