Қаңтардың 30-ы күні Қазақстан халқы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың маңызды үндеуін күтті. Кешкі сағат 9-да телеарнаға шыққан президент небәрі бес-ақ минут сөйледі. Ол Қазақстанға «үшінші жаңғыру» келе жатқанын хабарлады.
Қарамағындағы шенеуніктердің грамматикалық және орфографиялық қателерін түзетуден шаршаған тәжікстандық қала басшысы оларды қайтадан оқытып жатыр.
Ресейдегі еврей бірлестігінің жетекшілері мемлекеттік думаның вице-спикері Петр Толстойды "антисемиттік мәлімдеме жасады" деп айыптады.
Түркіменстан экономикасының нашарлағаны және оның халық тұрмысына тигізетін зардабы туралы Азаттықтың түркімен қызметі мен аймақтағы басқа да сайттар ақпарат тарата бастады.
Түркіменстанның Иранға табиғи газ бермей қойғанына жарты ай болды. Иран ұлттық газ компаниясы қаңтардың 1-і күні Түркіменстанның газбен қамтамасыз етуді тоқтатқанын айтқан.
Түркіменстан үкіметі БҰҰ мойындаған «бейтарап ел» мәртебесін 20 жылдан бері мақтанышпен насихаттап келеді. 2016 жылдың қыркүйегінде Ашхабаттың «тату бейтараптық» саясаты елдің конституциясына да жазылды. Бірақ Түркіменстанға бұл саясаты көмектесіп жатыр ма?
Мақала Ресейдегі үш белсендінің қарапайым азаматтан қалай күрескерге айналғанын баяндайды. Ол елдегі мемлекеттік биліктің жай азаматтарға жасайтын қысым түрлерін де білуге болады.
Иранның консерваторлық ұстанымдағы сот шенеуніктері президент Хассан Роуханидің өткен сайлауда ақшаны қайдан алғанын қаузады. Роухани қаржы төркінін ашып көрсетуге әзір екенін мәлімдеп, сот жүйесінен де сондай қадам күтетінін айтқан.
Тегеранның сыртындағы зиратта қазулы қабірде тұрып жатқан үй-күйсіз жандардың суреттері қоғамда наразылық тудырып, жұрт бұл шаруаға мемлекеттің араласуын талап етті.
Қазақстандық танымал кәсіпкер Райымбек Баталов 1990 жылдардағы бизнес туралы, «түсінікпен өмір сүру» жайлы әңгімелейді.
Советтік диссидент және адам құқығын қорғаушы Андрей Сахаров Совет Одағының құлауына екі жыл қалғанда – 1989 жылы желтоқсанның 14-і күні 68 жасында өмірден өтті. Ол сол бір кезеңде тірі болғанда оқиғалар басқаша өрбір ме еді.
Ислам мемлекеті (ИМ) ұйымының жеңілісі әлемдік БАҚ-тың басты тақырыбына айналған кезде адамдар басқа қауіптің бар екенін ұмытты. "Әл-Қаида" тәрізді ұйымдар мұндайда өз мақсатын орындау үшін тып-тыныш әрекет етіп жатқаны ескеріле бермейді.
Салом Юнусовтың бір ұлы Тәжікстан армиясы қатарында бүлікшілермен шайқаста мерт болған, екіншісі Сирияда жихадшыларға қосылып, соғыста ажал құшты. Қария Сирияда қалған немерелерін уайымдайды.
Шетелдегі өзбек диаспорасының жаңа буыны "демократияға деген ұмтылысымыз Өзбекстандағы өзгеріске ықпал етер" деп үміттенеді.
Өзбектің шапаны мен тақиясын киіп, қолына бір қазан палау ұстаған Сергей Светлаков жарнама суретінде жұртқа күлімсірей қарайды. Оның иығынан басын салбыратып есек тұр.
Ресейдегі әлеуметтік консерваторлар "беби-бокстарға" (баласынан бас тартқан аналарға жасырын түрде сәбилерін қалдыруға құқық беретін жәшік) тыйым салу керек дейді.
Қырғызстан халқы желтоқсанның 11-і күні конституцияға енгізілетін өзгерістерге дауыс береді.
Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев парламентке келгенде депутаттардың көбі қазақстандық телеарналарды «көру мүмкін емесіне» және журналистік зерттеулер жоқ екеніне шағымданды. Баспасөзді қорғаушылар БАҚ-қа қатысты заңның бұрынғысынан да күшейгенін айтады.
Самат Смақов 1990 жылдардағы қазақстандық футболдың ерекшелігі туралы, 2000 жылдары дауға ұрынғаны жайлы айтты.
Өзбекстанның бұрынғы президентінің жиені Ислам Каримов анасы Гүлнара Каримованы өлтіруді жоспарлап жүр деп өзбек арнайы қызметін айыптайды.
Тағы