Бес жыл бұрын көліктегі жарылыстан аяғынан айырылған ингуш имамы Хамзат Чумаковқа наурыздың 11-і тағы қастандық жасалды. Ол жұма намазынан шығып, көлігіне отырғанда басқа автомобильдегі бомба жарылып, жарақат алды.
Наурыздың 5-і күні наурызда Тәжікстанның Ауғанстанмен шекарасында жүргізген қауіпсіздік операциясы 25 жылдан бері күн құрғатпай қақтығыс болып келе жатқан бұл аймаққа қайта назар аудартты.
Ресейдің қиыр солтүстігінде орналасқан Воркутада кеніштегі метан жарылысы салдарынан 36 адам қаза тапты.
2015 жылы Қазақстан экономикасы жағдайы мәз емесі екені білінді. Бұл ел мұнай бағасына тәуелді. Мұнай арзандап, үкімет бір жылда бюджетті үш рет өзгертті. Теңге де күрт құнсызданды.
«Мұсылмандарды АҚШ-қа кіргізбеймін» деген Дональд Трамп Республикалық партия атынан сайлауға түсуі мүмкін.
Грекияның Лесбос аралында босқындар қаптап барады. Македония шекарасын жапқалы бері олардың барар жері қалмай тұр.
Қырымға шабуыл басталар алдындағы Украина Қауіпсіздік кеңесі төтенше отырысының құпия стенограммасы жарияланды.
Түркіменстанда дағдарыс басталғалы диктатура іргесі шытынап, «Алтын ғасырдың нұры» көмескілене бастаған.
Кейбір сарапшылар Ресей Сириядағы гуманитарлық апатты тереңдетіп, босқындарды геосаяси мақсатына пайдаланғысы келеді дейді. Бірақ, оған дәлел аз деп санайтындар да бар.
Қырғыздың танымал әзіл-сықақ әртісі Талант Анарбаев ақпанның басынан бері аймақтарда концертін ұйымдастыра алмай жүр.
ЕО Беларуське адам құқықтары мен демократия талаптарын бұзғаны үшін салған санкцияларының біразын алып тастап, Минскімен ынтымақтастық жобасын әзірледі. Бұл Беларусь авторитарлық режимін онан сайын еркінсітеді деп уайымдайтындар бар.
Грузияның өзін тәуелсіз деп жарияланған Абхазия аймағы халық санын көбейту мақсатында жасанды түсікке тыйым салатын заң шығарды.
Орталық Азияда әулеттік билеу дәстүрі қайта орнығып келеді. Аймақтағы бес мемлекеттің үшеуінде бұл құбылыс айқынырақ көріне бастады.
Иран үкіметінің қатаң саясатына «заңды» наразылық білдіретін еш амалы қалмаған екі диссидент Тегеран көшелерінің қоқысын жинауға көшті.
Еуропарламент Қырым татарларының «құқықтарын өрескел бұзып жатқан» Ресейді айыптады. Мәскеу аннексиялаған Украинаның Қырым түбегінде жыл басынан бері байырғы халық өкілдерін қудалау жиілеген.
Қырғызстандағы Ресей елшілігі қызметкерлерінің «дене мүшелерін алу үшін сатылған екі баланы құтқарып қалдық» деген мәлімдемесі екі ел арасында дипломатиялық дау тудырды.
Қала мен ауылдан бастап, тарихи орындардың, жаңа туған сәбилердің аттарына дейін «парсыландырып» жатқан Тәжікстан үкіметі енді түркі тіліндегі елдімекендердің аттарын ауыстыруға көшті.
Орталық Азия аймағында экономикалық дағдарыс басталатыны күні бұрын белгілі болғанымен, биліктегілер оның салдарын азайтудың амалын таба алмай отыр.
Саясаттанушы Фрэнсис Фукуяма либерал-демократияға балама тапқысы келетін Ресей президенті Владимир Путин мен «Ислам мемлекеті» тобының іс-әрекеттерінен ештеңе шықпайды деп санайды.
Молдовада ресейшіл және батысшыл саяси партиялар жұмылып, үкіметті отставкаға кетіруге тырысып жатыр. Кей сарапшылардың болжауынша, бұл тартыста Мәскеу ғана жеңеді.
Тағы