Қырғызстан Жогорку кенешіне өткен партиялар парламенттегі орындарды бөлісіп жатқанда, жаңа депутаттар отыратын жұмсақ креслоларға байланысты ақпарат қоғамда наразылық тудырды.
Ресей мен Еуропа Одағы арасындағы санкция қақтығысы Қазақстанның бидай экспортына аса көп өзгеріс әкеле қоймаған. Әлемдегі экспорт-импорт мәселелерін сөз ететін Hellenic Shipping News басылымының келтірген деректерінен осыны байқаймыз.
Швеция ғылым академиясы Әдебиет саласы бойынша 2015 жылғы Нобель сыйлығын «осы заман адамдарының қайғысы мен ерлігіне сөзден ескерткіш қойған» беларусь жазушысы һәм журналисі Светлана Алексиевичке берді.
Ауғанстандағы Кундуз қаласын басып алысымен «Талибан» содырлары қаладағы әйелдер жүргізетін танымал радиостанция кеңсесін тонап, ғимаратты өртеп жіберген.
Қырғызстандағы парламент сайлауы науқаны мәресіне жетіп қалды. Елдегі 5 миллион 800 мың халықтың жартысына жуығы қазанның 4-і күні дауыс беруге құқылы.
«Талибан» экстремистік ұйымымен байланысы бар «Имам Бухари жамағаты» тобы қатарында соғысып жүрмін деген өзбек ұлты өкілі Сириядағы ұрысқа жас балалар да қатысып жатқанын айтып, «жиһад жасқа қарамайды» деді.
АҚШ-тың ЕҚЫҰ-дағы елшісі Даниель Баэр бұрынғы Совет Одағы республикаларына «Ресейге тәуелді болып отырмай бермей, АҚШ-пен және Еуропа Одағымен жақынырақ араласу қажет» деп кеңес берді.
Өткен апта соңында «Ресейден келген әскер Сирияның Жерорта теңізі жағалауында орналасқан Латакия аймағындағы әскери әуежайды кеңейтіп жатыр» деген ақпарат тарады.
Татарстанда бүгін өтіп жатқан президент сайлауын бұл республикада осы лауазымды сақтап қалу жөніндегі бейресми референдумге теңейді.
Өзбекстан ресми органдарынан ақпарат алу қиын. Шенеуніктер мен мемлекеттік БАҚ жағымды жаңалықты тым әспеттеп, жағымсыз оқиғаны елеусіз етіп көрсетуге, тіпті жасыруға тырысады.
АҚШ-тың бұрынғы мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтонның 2010 жылғы маусымдағы электрондық хаттарында Қырғызстандағы жанжал сөз болған. Онда «Назарбаевтың қысымы» жайлы да айтылған.
Әлемдегі мұнай бағасы арзандап, Ресей экономикасы шатқаяқтай бастағалы Орталық Азиядағы бес елдің де қиындықтарға тап болатыны білінген еді.
Қыркүйектің 1-і күні Өзбекстан Тәуелсіздік күнін тойлайды. Жыл сайын мейрамға қызу дайындық жасалады: тек мерекелік концерттерге әзірлік емес, қауіпсіздік шаралары да күшейтіледі.
Негізінен шикізат сатумен айналысатын елдердің экономикалары шатқаяқтай бастады, ең соңғы болып бұл ауыртпалық Қазақстанға да жетті.
Румын фотографының арқасында «Сұлулық атласына» (Atlas of Beauty) кіріп, интернеттің Орталық Азия бөлігінде танымал болған 19 жастағы душанбелік бағбан қыз бұл оқиғаға самарқау қарайды.
Мамырда интернетте ИМ содыры саналған баланың «Ирак тыңшысы» деп бір кісіні атып тастаған жан түршігерлік видеосы шыққан. Енді сол бала әуе шабуылынан қаза тапты деген ақпарат тарады.
Өзі ақын, өзі блогшы Эдуард Чесноков ресейлік «Известия» басылымына жиі комментарий беретін бесаспап «сарапшыға» айналды.
Сарапшылар Сирияның солтүстігінде ИМ тобынан азат аймақ құру жоспары арқылы Анкараның ең алдымен аймақта күрдтердің күшеюіне тосқауыл қойды көздеп отырғанын айтады.
Украинаның Одесса облысына губернатор орынбасары болып баруға келісім берген ресейлік саясаткер түбегейлі әлеуметтік реформаны қолға алып, жемқорлықты жоюға тырысатынын айтты.
Ауғанстанның солтүстігіндегі Түркіменстанмен шектесетін Фарьяб аймағында ахуал ушығып барады. Шілденің басында шабуылға шыққан содырлар айналасы бір аптаның ішінде жүз шақты ауылды басып алған.
Тағы