Қытай мұсылмандары үшін тосын жаңалықтарға толы Рамазан айы да аяқталып келеді. Ресми биліктің Шыңжаңда ұйғырлардың ораза ұстауын шектеуі бұл мәселеге әлем назарын аудартты.
Ұзақ жылдар әлемнен оқшау қалып келген Иран ««зұлым ел» айдарынан құтылғалы жатса, ондаған жылдар Батыспен әріптес болғансып келген Ресей ол санатқа қосылғалы тұр.
Өзбекстан мен Тәжікстан үкіметтері Ресейдегі мигрант жұмысшылар нарығының қысқаруынан жаппай елге қайтып жатқан азаматтарының мәселесін шешуге күш салып жатыр.
Тәжікстан тұрғындары «Мария» есімді үлкен қоңыр аюымен Душанбе көшелерін думанға толтырған ерекше адамға ескерткіш қою үшін әлеуметтік желі арқылы ақша жинауға кірісті.
Еуропадағы Карнеги қоры сарапшысы, Strategic Europe журналы бас редакторы Джуди Демпси Грекиядағы референдум салдары және оның Еуропа Одағы болашағына әсері туралы Азаттық тілшісінің сұрақтарына жауап берді.
Ресей президенті Владимир Путин «Украинадағы ұрыстарға еш қатысымыз жоқ» дегенді жиі қайталайды. Цифрлық сараптамамен айналысатын зерттеушілер тобы «Путин өтірік айтады» дейді.
«Кәпірлерге» қарсы соғыста «шаһид» болу - «Ислам мемлекеті» террорлық тобы идеологиясының басты элементтерінің бірі. ИМ қаза тапқан содырлар суретін интернетке жариялап, оларды «шаһид» деп мадақтайды. «Жалған шаһидтер» де шығып жатыр.
Азаттыққа эксклюзивті сұхбатында Қырғыз Республикасының экс-президенті Асқар Ақаев «революция елдің демократиялық дамуына қарсы айбалтаға айналғанына қынжылатынын» айтты.
АҚШ жоғарғы соты бір жыныс өкілдерінің некесін заңды деп мойындады. Ол жаңалыққа Ресейдің реакциясы әркелкі болды – ашу шақырғандар да, «бұдан қашып құтыла алмаймыз» дегендер де бар.
«Ислам мемлекеті» экстремистік тобын әжуалайтын сатира фильм түсірген Сауд Арабиясы актері Насер әл-Қасабиді «өлтіреміз» деп қорқытқандар да, «көкейдегі дөп бастың» деп мақтаушылар да бар.
Өзбекстан телеарналары соңғы күндері әйелдерді «интим-жиһадтан» абай болуға үндеп, дабыл қағып жатыр. Телеарна хабарларында соңғы кездері Сирияға жиһадқа аттанған әйелдер көбейгені айтылады.
Ресей Украинаға соқтығуын қояр емес, ал АҚШ Шығыс Еуропаға танкілері мен ауыр қару түрлерін қайта орналастыруы мүмкін. Осыған қарағанда қырғиқабақ соғысқа нүкте қойған НАТО-Ресей келісімі күшін жойды деуге болатын сияқты.
БҰҰ бас хатшысының Орталық Азияға сапарында көпшіліктің ойында «Пан Ги Мун аймақ басшыларына адам құқықтары мәселесі бойынша сын айта алар ма екен?» деген сұрақ тұрды.
Әзербайжанда ондаған оппозиция белсендісі мен тәуелсіз журналист түрмеде отырғандықтан, 2015 жылдың Еуропа ойындарын Бакуде өткізуге қарсылық білдіріп, бас көтеретін адам да қалмаған.
Қастандықтан қаза тапқан саясаткер Борис Немцовтың қызы Жанна Ресей мемлекеттік арналарының насихатын нацистік Германия мен геноцид тұсындағы Руанда үгітіне теңеді.
Өзбекстан билігі адам құқығы бұзылғаны туралы деректер жинаған құқық қорғаушы Елена Урлаеваны жазалаған соң, халықаралық ұйымдар белсендінің жағдайына тағы назар аударды.
Нұрсұлтан Назарбаев бес жылдық мерзімге қайта сайлана салысымен, Батыс басылымдары Қазақстандағы сепаратизм қаупі туралы тағы жазды.
Қуғындағы олигарх Мұхтар Әблязовты экстрадициялау туралы сот үкімі шыққан Франциядағы заңдар бойынша оқиға енді қалай өрбімек? Азаттық тәуелсіз француз заңгерімен сұхбаттасты.
Шетелдік компания әлем елдерін жан басына шаққандағы полицейлер санына қарай зерттеп шықты. Бұл тізімде Ресей - бірінші, Қазақстан - алтыншы орында.
Eurasia View шетелде пара алу ісіне қатысты басы дауға қалған Өзбекстан президентінің үлкен қызы Гүлнара Каримова әлеуметтік желінің көмегімен өзіне абырой жинап жатыр деп жазады.
Тағы