Трамп әкімшілігінің кезінде Ресейге қатысты үлкен даулы істерді қараған Манхэттен прокуроры Прит Бхарараны жұмыстан шығаруы Вашингтонда біраз қарсылық тудырды. Ақ үй мұны жаңа президент келгеннен кейінгі құқық қорғау саласындағы әдеттегі кадр алмастыру деп түсіндіргенімен, бұл жайтқа Кремль қуанып отырғаны рас.
Мәскеудегі «Шереметьево» әуежайында жасөспірім қызымен тұрып жатқан қырғыз әйелі алаяққа берген ақшасын қайтарып алғысы келеді.
Түркіменстан табиғи газ экспортын ұлғайтудан үміт үзді. Қытайға тартылады деп жоспарланған газ құбырының жобасы жүзеге аспайтын болды.
Қырғызстанда белгілі оппозициялық саясаткер, парламенттегі «Ата Мекен» партиясы фракциясының басшысы Омурбек Текебаевтың Бішкекке ұшып келген бетте қамауға алынуы елде бірден саяси дүрбелең тудырды.
Әлемде аласапыран көбейіп барады. Бірақ дүлей дауылдың ортасында сенімді әрі алаңсыз көрінетін жалғыз ел болса, ол – Владимир Путин басқаратын Ресей.
Украина радасының депутаты ұсынған Украина мен Ресейді бітістіру жөніндегі бейбіт жоспар АҚШ президентінің қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісіне жеткен.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бұрынғы күйеу баласы Рахат Әлиев отбасының адвокаттары оның қазасына қатысты «күмәнді жайттар өте көп» дейді. Сондықтан олар Әлиев Австрия түрмесінде өзін-өзі өлтірді дегенге сенбей, қайта тергеу жүргізуді талап етіп отыр.
Санкт-Петербург қаласы басшылығының Исакий кафедралдық соборын Ресей православ шіркеуі қарамағына өткізу шешімі жергілікті жұрттың қарсылығына тап болды. Тарихи жәдігер маңында наразылық шеруін өткізген адамдар елде мәдениетке шіркеу ықпалы күшейіп барады деп алаңдайды.
Ресейдегі оппозиция белсендісі Кіші Владимир Кара-Мурза екі жыл ішінде екінші рет қатты ауырып, ауруханаға түсті. Әйелінің айтуынша, дәрігерлер оған бұл жолы да «белгісіз заттан уланған» деген диагноз қойған.
Әшкерелеуші мақалалары үшін Әзербайжан билігі журналист Хадиджа Исмаилованы жақтырмайды. Оның Брюссельдегі мәжіліске видеоконференция арқылы қатысуына тосқауыл қоймақ болғандар әрекеті тілшінің өзін таңғалдырды.
Өткен апта АҚШ президенті Дональд Трамп барлық елдердің босқындары мен қара тізімге енген елдер азаматтарының Америкаға кіруіне уақытша тыйым салатын жарлық шығарды. Бұл жарлық кімге қалай әсер етті, енді олардың күні не болмақ?
Чехиядағы курорт қала – Карловы Вары «орыстар анклавы» аталып кеткен. Ресейдің түрлі шенеуніктері осы қаладан үй алып қойған. Мұндағы жылжымайтын мүлік иелерін зерттегендер Нұрсұлтан Назарбаевтың туыстарын да атайды.
«Ислам мемлекеті» террорлық ұйымымен кемінде төрт коалиция соғысып жатыр. Бұл коалициялардың үшеуі үлкен жетістіктерге жетсе, тек біреуі ғана жеңіліске ұшыраған. Мұның өзі аймақтық және геосаяси ахуалдың жағдайынан хабар береді.
Виталий Родостың әкесі Борис Родос Совет Одағын диктатор Сталин билеген тұстағы ең қатігез әрі қаныпезер жендеттердің бірі болған. Ол өмір бойы әкесінің бұл жолға неге барғанын зерттеумен келеді.
АҚШ-тың сайлау жүйесіне жасалған хакерлік шабуылға қатысты дау өршіп тұрғанда ЕО Ресей жақтан болатын кибершабуылдарға дайындықтың қамын жасай бастады.
АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы қызметінен үміткер Рекс Тиллерсонның сенаттағы сөзінен Ресей саясаткерлері мен сарапшылары түрлі ой түйді. Біреулері оптимистік танытса, екіншілері секем алғандарын жасырмады.
Өзбекстан қаңтардың 4-інде жемқорлықпен күресте жаңа шараларды қолға алды. Бұл – президент Шавкат Мирзияевтың үкіметінің бастамасы.
Еуроодақтың кей елдерінде 2017 жылы өтетін сайлаулар одаққа және оның көрші елдермен қарым-қатынасына көп өзгеріс әкеледі деген болжам бар. Бірақ, бұған қоса биыл Еуропа саясатына ықпал етуі мүмкін өзге де маңызды оқиғалар болмақ.
Өзбекстан соңғы 25 жылда екінші президентін сайлады. Желтоқсанның 4-індегі сайлауда бұрынғы премьер-министр Шавкат Мирзияев, көпшілік күткендей, 90 пайызға жуық дауыс жинап сайлауда оңай жеңіске жетті. Жаңа басшы қандай өзгеріс әкелуі мүмкін?
Ресейлік қарт суретші «Совет Одағы құлағалы ширек ғасыр өтсе де, билік сталиндік қуғын құрбандарын еске алуыма рұқсат бермейді» дейді.
Тағы