Шыңжаң өлкесінің орталығы Үрімжіде көпқабатты үйде өрт шығып, он адам қаза тапқанда жұрт биліктің коронавирусқа байланысты шектеулерін кінәлаған. Бұл оқиға Қытайда жаппай наразылыққа ұласты. Қытайда енді не болуы мүмкін?
Ресей мен Украина көп шығынға ұшырап жатқанда, соғыстың енді қалай өрбитінін алдағы қыс айлары көрсетеді дейді сарапшылар.
Қырғызстан президенті Садыр Жапаров оның билікке келуіне ықпал еткен ұлтшыл күштерді тоқтатуға тырысып, радикал қадамдар арқылы билігін нығайтуға тырысып жатыр.
Украинадағы соғыс кезінде "Восток" әскери жаттығуы бұрынғыдай кең ауқымда өтпейді. Соған қарамастан Ресей Батысқа әлі де оқшаулана қоймағанын, әскери қуатының жеткілікті екенін көрсетуге тырысып жатқандай.
АҚШ-тағы RAND сараптама орталығының сарапшысы, бұрын Пентагонда жұмыс істеген Дара Массикот Азаттыққа берген сұхбатында Украинаның оңтүстігінде Мәскеу мен Киевті не күтіп тұрғанын айтты.
Он жылға жуық уақыт бұрын Қытай "Бір белдеу – бір жол" жобасын іске қосып, көптеген елге миллиардтаған доллар несие берді. Экономикалық қысым күшейген тұста Қырғызстан мен Пәкістан секілді елдер қарызын қайтаруға қиналып жатыр. Ал Шри-Ланкада төңкеріс болды.
Еуропаға "Бір белдеу – бір жол" жобасы аясында көбіне Ресей арқылы тауар тасыған Қытай енді балама жолдар іздеп жатыр. Кремльдің Украинаға басқыншылығынан кейін Батыс елдері Ресейге санкция салған соң, Пекиннің бұл мүмкіндігі шектелген еді.
Украинадағы соғыста әскер тапшылығына ұшыраған Ресей билігі Солтүстік Кавказдағы республикалардың тұрғындарын соғысқа тартуға кірісті. Осылайша билік азаматтардың ұлтына қарай қосымша әскери бөлімдер құрып жатыр.
Халықаралық стратегиялық зерттеулер институтының қызметкері Мария Шагина Азаттыққа берген сұхбатында Қытай Ресейден неліктен мұнай алып жүргенін, қандай салаларда жәрдемдесуі мүмкін екенін және БРИКС саммитінің мақсаты қандай екенін айтты.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Санкт-Петербург экономика форумында Украинаның шығысындағы "квазимемлекеттік" құрылымдар мәселесінде Мәскеуді қолдамайтынын білдірді. Бұл Украинадағы соғыстан соң Орталық Азиядағы жағдайдың өзгергенін көрсететіндей.
Украинаның оңтүстігіндегі бірақ жерді басып алған Мәскеу күштері оларды Ресейге қосу үшін референдум өткізуді талқылап жатыр.
Орталық Азия елдерінің басшылары экономикасын тіктеу үшін Ресейден бойын аулақ ұстап, жаңа серіктес іздеп жатқан тұста Пекин мен Анкара аймаққа ықпалын күшейте түсті
Қытай мен Ресей "шексіз әріптестік" жайлы ресми мәлімдеме жасағанына қарамастан, Украинадағы соғыс екі елдің әріптестігіне сызат түсіргенге ұқсайды.
БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссары Мишель Бачелет Қытайға барды. Бірақ белсенділер мен Батыс елдері оны Пекиннің Шыңжаңдағы ұйғырлар мен басқа да мұсылмандарға жасап жатқан қылмысын заңдастыруы үшін "көзбояу сапарына" қатысқалы жатыр деп сынға алды.
Соғысты зерттеу институтының сарапшысы Джордж Баррос Киев әскерінің Украина шығысында соғысу стратегиясын талдайды. Ол Ресейде мобилизация жарияланса да, Мәскеу әскери мүмкіндігін қалпына келтіре алмайды деп санайды.
Украинадағы соғыс басталғанда Мәскеуді қолдайтынын ашық білдірмеген Пекин енді шиеленістің негізгі себепшісі НАТО екенін айтып, оны жиі сынауға көшті. Сарапшылар Қытай әскери одақтың шығысқа қарай бет бұра бастағанынан қауіптеніп, НАТО мен АҚШ-тың Азияға ықпалына тосқауыл қойғысы келетінін айтады.
Тағы